Таныстыру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 191
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23500


Таныстыру

Жаһанды өлеңімен өрнектеген,
Жусаны мен жыңғылы бар көктеген.
Теңізінің табанынан су кетсе де
Халқының жүрегінен ән кетпеген.

Аманбысыз, арыстандай айбарлы Елім!
Есенбісіз, қайрақтай қайратты Елім!
Қыздары ибалықтан аттамаған
Ұлдары жауға бермес туған жерін.

Сәлем бердім иіліп, халқым менің,
Атам қойған – Инабат – ныспым менің.
Алтын бесік – Отаным, туған жерім,
Ұғамын салт-санасын, қасиетін.

Әкем аты Бақытбек, анам Айгүл,
Әлпештеген, аялаған жандарым бұл.
Төлебай атамның мен ұрпағымын
Ақылы мен тәрбиесі санамда тұр.

Тарыдай боп кірдім Мектеп-Анама,
Қауызында пісіп келе жатырмын.
Білімдерін құйып жатыр санама
Ұстаздарым – жанашырым, ақылшым.

Атыма сай болар менің затым да,
Елім үшін – жаным пида! Ұғыңдар!
Жұдырықтай жүрегімнің түбінде
Мейірім мен шапағатқа орын бар.

Қызылорда облысы Арал қаласы
Т. Г. Шевченко атындағы
№13 орта мектебінің
3 «В» сынып оқушысы
Төлебаева Инабат
Жетекшісі: Альжанова Гулбану Нуржауовна Тәрбие.орг сайтынан Таныстыру Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar