Тек және тектілік.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 667
  • Авторлық бағдарлама
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18851


Тараз қаласы №47 орта мектептің
жоғары санатты педагог- психологы,
Психология мамандығы бойынша
әлеуметтік ғылымның үздік магистрі,
”Халыққа білім беру ісінің үздігі”
Ералиева Күлбадан Абдімомынқызы

Менің түп негіздерім
Ұлттық рухын, азаматтық сапасын дамыту

Тақырыбы: Тек және тектілік.

«Ой - өрісі жетілмеген адам ішкі сезімін билей
алмайтын сәби сияқты. Бала болғандықтан, ол
сезімін іс - әрекетімен үйлестіре алмайды. Өзін-
өзі ұғынбаған, төңірегін қоршаған табиғат туралы
ешқандай жөнді мәліметі жоқ сәби – адам
жақсылыққа ұмтылғанда, соқырларша қарманады,
сондықтан оның өтірікті шынға, зиянды пайдаға
балап, көп қателесетіні әбден түсінікті.» Ш.Уалиханов.
Мақсаты :
1.Балалардың тектілік қасиетін түсінуінің негізін дамыту.
2.Балалардың тектілік қасиеттерін өз өмірінде қолдануын әдет, дағдыға айналдыруын тәрбиелеу.
3.Қазақтың дүние жүзіндегі басқа елдерден
ерекшеліктерінің бірі осы тектілік қасиеті екендігін ұрпақ
бойына сіңіру.
Міндеттер:
1.Оқушыларды тек және тектілік ұғымымен таныстыру.
2.Тектілікті сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
(тектілік қасиеттердің мағынасын ашу).
3.Ата-ана және басқа отбасы мүшелерін тектілік қасиеттерін өз бойына дарыту іс - әрекеттерімен таныстыру, өнерге, епілікке текті ел екенімізді паш етуге тәрбиелеу ісіне тарту, баулу.

Жүргізілетін жұмыстар:
1. Тектілік жайында жалпы түсінік беру.
2. Оқушылардың тек және тектілік туралы не білетінін анықтау.
3. Дәйексөз жаттау, мағынасын ашу.
4. Аутотренинг: «Сенімділік».
5. «Қызым саған айтам», «Ұл тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз» жадынамаларын тарату. Кері байланыс.

Теориялық бөлім: «Хромосом деген бір сиқыр». Қазақтың әлімсақтан бері қарай ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көптеген қасиетті, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар. Сондай киелі дәстүрлеріміздің бірі – рулы ел ұрпақтарының жеті атадан асқанша бір-бірімен қыз алысып, қыз беріспеу дәстүрі. Осы бір ғажап әдет-ғұрыпты қай ғасырда, қайсы ата-бабамыз ойлап тауып, ұлтымыздың өмір салтына енгізсе де бүгінгі ұрпағы мың да бір рахметін айтуға тиіс. Себебі осы бір темірдей тәртіптің арасында ғана сан ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген көшпенді халқымыз жер бетінен мүлдем жойылып кетпей сақталып қалған деуге болар еді.
Аталары туыс, қандары жақын адамдар бір-бірімен үйленсе олардан туған ұрпақтың өмірге әлжуаз, аурушаң, керең, мылқау, соқыр, денелері ұсақ, қол-аяғы кем, ақыл-естері шала болып келетінін ата қазақ ежелден-ақ білген.
Адамдардың бойындағы бар адамгершілік пен мейірімділіктің, ер жүректілік пен адалдықтың, инабаттылық пен парасаттылықтың, шешендік пен тапқырлықтың, көрегенділік пен ақылдылықтың, қатігездік пен жауыздықтың тұқымнан тұқымға қан арқылы беріліп отыратын ерекше бір қасиеттер екенін бабаларымыз сезген. Бұқар жыраудың «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» деп отырған негізі, сол әр адамның ата-тегі. Қазақ сонау тұқым-тұқиянынан бері қарай, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын «тек» деген ұғымға сиғызып, ондай адамдарды «текті» деп, бір ауыз сөзбен сипаттаған. Нақ сондықтан да көреген ата-бабаларымыз тегін таза сақтау үшін, тұқымын аздырмас үшін текті жерден қыз алып, текті жерге қызын беріп,әруақты елмен, өсіп-өнген атамен құда-жекжат болуға, сүйек жаңғыртып отыруға тырысқан. Сөйтіп халықтың жазылмаған ұлы заңын қалыптастырған.
Нұсқау:
1. Көңіл – күйді оң арнаға келтіру, жәйлі-күй әуенін тыңдау.
2. Қысқаша өнегелік сабақтарында олардың нені қалай оқитындарын айту.
3. Танысуға арналған ойын. Мысалы: бірінші оқушы өз атын атайды, екінші оқушы біріншісінің есімін қайталап, өз есімін қосып айтады. Үшінші оқушы алғашқы екеуінің есімімен бірге өз есімін қоса айтады, сөйтіп жалғаса береді. Соңғы оқушы бәрінің есімін қайталап, сосын өз атын айтумен аяқтайды.
Негізгі бөлім:
1.Тектілік қасиеттері туралы әңгіме жүргізу. Мыналар жайында сұхбаттасыңдар:
А/ Тектілік туралы балалар не біледі ?
Б/ Қандай адамдарды текті адам дейді?
2. Тектілік туралы даналық сөздер.
3.«Ауызша волейбол» ойыны (балалар бір-біріне допты беріп жібереді де сол мезетте кез-келген жақсы сөздерді айтады, мысалы: «Атадан қалған асыл сөздер» )
4.Дәйексөзді жаттау: «Адамзат әлемін әрқайсыларын жарқыраған шам тәріздес өнегелі қасиеттеріңмен нұрландырыңдар».
А/ түсініксіз сөздерді түсіндіру және дәйексөздің мағынасын ашу (сөздерді рет-ретімен есте сақтап қалу).
Лездеме сұрақтар: /допты лақтырады, жауабын алады./
Бес қару не?
1. Садақ; 2. Мылтық; 3. Найза; 4. Қылыш; 5. Айбалта.
Бес асыл, бес дұшпан не?
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз...
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Бес парыз не?
1. Құдайдың барлығы мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау;
2. Намаз оқу;
3. Ораза ұстау;
4. Қайыр садақа беру;
5. Иман және ихсан (адамгершілік және рақымшылық).
Жеті қазынаны ата?
1. Ер жігіт; 2. Сұлу әйел; 3. Ақыл, білім; 4. Жүйрік ат; 5. Қыран бүркіт; 6. Берен мылтық; 7. Жүйрік тазы (ит).
Жеті атаңды ата?
1. Ата; 2. Әке; 3. Бала; 4. Немере; 5. Шөбере; 6. Шөпшек; 7. Немене.
Жеті күнді ата?
1. Бүгін; 2. Ертең; 3. Бүрсүгүні; 4. Арғы күні; 5. Ауыркүн; 6. Соңғы күн; 7. Азына.
1. Дүйсенбі; 2. Сейсенбі; 3. Сәрсенбі (сәтті күн); 4. Бейсенбі; 5. Жұма (қасиетті күн); 6. Сенбі; 7. Жексенбі.
Аутотренинг: «Сенімділік»
Қортынды бөлім:

Сурет салу: айтылған дәйексөзден түсінгенін суретке салу.
5.Жадынама тарату: «Қызым саған айтам», «Ұл тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз» жадынамаларын тарату. Кері байланыс.






Қолданылған әдебиеттер:
1. Ералиева К.А., «Балалардың дарындылығын анықтаудың және дамытудың ұлттық ерекшеліктері» Әдістемелік құрал жинағы /Тараз, 2010 – 303 бет/ «ЖК Байталиев E’»
2. Әдеп: инабаттылық дәрістері Алматы, «Рауан»1998 ж.
3. Денсаулық журналы. Қазақстан әйелдері, Парасат журналы . Тәрбие.орг сайтынан Тек және тектілік. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ералиева Күлбадан Абдімомынқызы

Пікірлер: 0

avatar