ТЕКТІ ЖАННЫҢ -КІСІ БОлуы КҮРДЕЛІ БОЛҒАНЫМЕН АЙҚЫН

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 262
  • Авторлық бағдарлама
  • 11/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23167


Текті жанның –Кісі болуы күрделі болса да,айқын.
Философияның көп мәселелерінің ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам мәселесі болғандықтан мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан – алуан анықтамалар жасалған. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Spiens» – саналы адам, яғни ол – рухани пенде.
Текті жанның бұдан несі өзгеше,несі бөлекше? Текті жан дегеніміз саналы адамның қазақ түсінігіне оңтайланған атауы ма?Немесе текті жан қашан,қандай сыны арқылы Кісі болғандығы дәлелдене алады.Оның жетілу, қалыптасу кезеңдері анықталып,сараланған ба?Текті жанның кісі болғанын қайтып біліп,анықтап аңғара аламыз?Текті жанның дамып жетіліп,қалыптасу кезеңін мұқият қадағалап,оның болмысының Кісі дәрежесіне жеткендігін сынап,талғап,безбендейтін қазақтың амал-айласы болып па еді?Теория деген соң-ақ,осылай оқшау-өқшау,дара-дара күрделі сұрақтардың туындайтыны да заңды.
Адам өз алдына неше түрлі мақсат мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан-алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар жоғарғы тіршілік иесі.Философияда адамды таңғажайып тірі жан(біздің текті жанымыз осылай аталып келген) деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады. Адам феноменнің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әр түрлі дүниетанымдық көзқарас орын алғаны белгілі.Мысалы Көне Қытай және ежелгі грек философиясында «Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш», ежелгі Үнді филсофиясында «Адам бұл мәңгі абсолютті рух», көне грек софистері «Адам барлық заттың өлшемі», Аристотель «Адам саяси жануар», орта ғасыр христиандық теологиясы «Адам Құдайдың бейнесі», Р.Декарт «Адам ойшыл жан», Т. Гоббс «Адам адамға қасқыр», Ж. Ламетри «Адам жанды машина», И.М. Кант «Адам екі әлемге қатысты жан», Л. Фейербах « Адам адамға құдай», К.Линней «Адам рационалды жануар», Ф. Ницше «Адам уәде беруге қабілетті жан». Нәтижесінде адам қандай ортада өмір сүреді, бойына қандай қабілеттер сіңіреді барлығы да тікелей қоғамдық көзқарасқа, тәртіпке байланысты, яғни адам тек қоғам шеңберінде ғана өмір сүре алады. Адамның алдыменен өз қадірін өзі та¬нуы тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз ба鬬ланысты. Қанағатшыл, турашыл, сезімтал, түсінігі мол, талғамы биік, адам¬гершілігі зор, жақсыға жақын, әл¬сіз¬ге көмегін есептемейтін адам -текті жаннан жетілген Кісі. "Кісілік" ұғымын түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн жақсы талдады. Жалпы алғанда Жаратушы берген ақылды даналықпен, көргенділікпен және мейірімділік, жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық секілді жақсы қасиеттермен ұштастыра білген адам ғана кісілікке жете алады деуге болады. Кісі- қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық сананы алып жүретін адам.Қазақтың "кісі" ұғымын қазіргі "тұлға" сөзімен шендестіре ұғынуға болады. Ұлт өкілі-КІСІНІ өмірге дайындауда,қазақ халқы телегей теңіз ой-пікірлер мен ұғымдарды өмірге әкеліп,асқар таудай айбынды да,асыл-көзқараст-арды жинақтады,нелер ілімдер мен ұстаным қағидаларын қалыптастырды.Амал нешік, оның бәрін, толық қанды түрде басшылық етіп, «Кісі» қалыптастыру барысында жүзеге асыру мүмкіндігі осы кезде болмай тұр.Егер текті жанға аталған ілімдер мен ұстаным-дарды пайдаланып,ықпал жасай алсақ Кісі қалыптасып,оның бойына адами қасиеттер жұғысып,тектілік жүрегіне қонар еді,кісілік қасиеті айқындалар еді.Тектілік пен кісіліктің түп –тамыры бір,тоғысар жері ортақ. Бұл Кісінің физиологиялық, генетикалық жағынан берік, ойлауы жағынан жүйрік, қабілетті, сезімтал бо¬луы қажет екенін аңғартады. Адамның мінсіз болмысын сақтау ол алдыменен қан тазалығын сақтау. Анығырақ айтсақ, ұлт ұғымында тектілік- адам қасиетінің қорғаны, адамның кісілік қасиетін сақтап отырудың амалы ретінде белгіленген ұстаным үлгісі. Дін мен ата дәстүрдің тағылымынан білім алған қазақ даналары адамды, ұлтты, ұрпақты қорғайтын тектіліктің қасиеті жөнінде мұра қалдырып отырған.Тектілік қазақ бол¬мы¬сының қазығы. Рух азығы – ақыл, ақыл¬дың негізі бойдағы қасиеттің, адам¬гершіліктің нығаюына ықпал ететін тектілік. Тектілікпен келген білім адамды сақтайды, қандай қыйындыққа кезіксе де адамның ақылдан таймайтын күші тектілікте.Адамның алдыменен өз қадірін өзі та¬нуы тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз ба鬬ланысты.Жанымызға рухани азық беретін барлық мұралар мен құндылықтаррда текті ата-бабамыздың,қолының табы,аяғының ізі,санасының сәулесі бар.Олар еске түсіп,қолға алынған сайын,кәусар тұнығы мөлдіреп,жаныңды нұрға бөлейді.
«...Менің,қарадомалақ шөберем,сандалбақанда ілулі тұрған белдікте асулы қындағы кездікті алып,маған ұсынғанда,мен оны бірден ала қоймай іркіліп қалдым.Жағдайдың мәнісін,дереу түсіне қойған ,ол,кездіктің сабын маған қаратып,қайта ұсынды. Алайда, оның мелде жүзі,қызыл-күрең тартып,нұрлана жөнелді,өзі сырмаққа қарап сәл еңкейіп , бөгеліп қалды.Бұл іркіліс пен өзгеріс,шөберемнің,мына,отырған аталардан ұялған-дығынан туындаған болу керек.» Осы үш ауыз сөзде жан арқылы ататектен келген сезімдік нұрдың көзге көрінуін түсінуге болатын бір үзік сыр бейнеленген.Ол-бала қызарғаны несі?Неліктен ұялды? Кездікті атасына теріс қаратып ұсынған,әбестігінен ұялды.Ұялып қалды...Ақ сұр жүзі неге кызыл күрең өнге боялды?Қанның өңіне сәйкес солай болған шығар.Оның қаны тамыры арқылы күнделікті жүріп тұр ғой,қанның өңіне сәйкес қызарса күнделікті ол бала солай қызарып жүрер еді ғой.Ұялғанда неге қызарады,керісінше сұрланса жарар еді ғой.Адамның,демін ішке тартып,сұрлана қала-тыны,шарық беті сазарып,көгере қалатын,шырайы жадырап нұрлана жөнелетін т.б. шақтары көңіл күй көріністері көп қой,шіркін!Олай болса,текті жанның ататектен ұласқан қандағы және жандағы ақыл -парасаты,дарын-таланты,күш қуаты,қадір-қасиеті,мінез-құлқы жүректегі рухтың нұрына бөленіп,сезім жылуына оранып,толысып жетілуі арқылы КІСІ деген осы әлемді билеуші,әмірші,құл пайда болады.Кісі-қанша әмірші,билеуші болғанымен Жаратушының Жердегі құлы.Сондықтан,кісі ешқашан Жаратушы бола алмайды.Ең зоры-Жаратушыға жақын болып,дидарласпаса да,көкірек көзімен ұғып,білген санаулысы ғана,пайғампар,әулие-пір атанған. Жаратушы күллі Әлемді жаратқан кезінде ,оның әр бөлшегін орнына келтірген кезде ақыл-ой сананың жаратушыға тән үлесін сіңіргені айқын.Оны-Жаратылыс және Қоғамтану ғылымдары , танып–түсіне алғандарын ғұлама-ғалым,өнерпаз-шебер,ұста-зергер,алысты-болжағыш, шипагер-емші,ұлық-ұстаз атап жүр.
Дәл осы тұрғыдан алып қарастырсақ КІСІ дегенгіміз-философиядағы, педагогикадағы, психологиядағы «тұлға» ұғымымен сәйксс келе бермейді. Қазақтың кісісінің бірнеше ерекшелігі бар:
-Ол,әуелі қазақтың тілі,ділі,діні,мінез бітісі,қазақы көңіл-күйі арқылы дараланып,қазақтың рухани құндылықтарымен сусындап қалыптасуы тиіс; «Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те – Кісілікті кісілікпен құрметте! Тірі кісі кісілігін асырсын; Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол; Кісілікке түсер содан ұлы жол; Адамшылық жаса адамға, адам бол; Адам атын мақтаныш қып адал бол»(Ж.Баласағұни)
-Ақыл-ой парасаты,ғылым-білім деңгейі,адами асыл қасиеттері,жасампаздық және күрескерлік қуаты басқа кез-келген ұлт өкілінен кем емес,тең болуға тиіс.Өткен шақта осылай болғандығына тарих куә.
-Кісі- заманға сай өзгеріп,жетіліп,ұғым аумағы кеңейіп отыруы тиіс. «Бүгінгінің кішісі-ертеңгінің кісісі екенін» дәлелдеп отыруы тиіс. «Заманға сай-кісісі»
Тұлға ұғымын қарастыратын жоғарыда аталған іргелі ғылымдардың қай-қайсысында
бірауыздан мақұлданған ортақ түсінік күні бүгінге дейін жоқ Оларда қаншама ағым,ілім , теория болса,соншама анықтама бар.Кейбіреуі екіншісіне қарама-қарсы түсінікте қолданыла береді.Қазақтың кісісінде ат-атауы (кісі-адам-пенде-жан) сәл өзгеріп ,ауқымы кеңейгенімен,бірізділік қасиетінен айрылмайды,арасындағы сабақтастығы мен іргелестігі айшықты аңғарылып тұрады.Айталық,Қорқыт ата: «Өлмейтін кісі» десе,Фараби баба; «Бақытты адам»,Ж.Баласағұни: «Жомарт кісі»,А.Яссауи: «Топырақ кісі», «Ғарип кісі»,Абай; «Толық адам»Шәкерім; «Арлы кісі» деумен күні бүгінге дейін жалғасып, «Білімді адам» болып,көрініс тапқан.Мына заман бұларға «бәсекеге қабылетті» ұрпақ ұғымын жалғап отыр.Текті жан нағыз кісі болып қалыптасса,ол енді,өзі «бәсекеге қабылетті» болумен қатар,бәсекеге қабылетті текті ұрпақ жалғастыруы тиіс болды. М.Ж,Көпеев ғұламаның мына бір теңеу мысалын оқып көрелік.«...Ара ұшып келе жатыр дейік, ол солғын гүлге қонбайды, әдемісіне қонады, себебі оның шырыны дәмдірек. Ара қонғасын да оның аяғына бұрынғы гүлден жұққан не аталық, не аналық ұрық екінші бір гүлді тозаң-дандырады. Соның нәтижесінде солғын гүл емес, әсем гүл ғана ұрпақ жалғастыруға мүм¬кін¬дік алады. Демек, әлсізден – әлсіз, күшті¬¬ден күшті тарауы ықтималдығы жүзеге асады.»(Қуанық М.Ж.)
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңқалып, оған «Homo morales» деген анықтама берген. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызады. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Көптеген көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті оның ар- ұжданы. Қиын қыстау жағдайында нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австриялық ғалымның В.Франклдың айтқаны бар «Құдайды ғарыштан, тіпті оның әр жағынан іздеу керек емес, ол-адамның ішіндегі оның ар-ұжданы».Осы ойдың аясында Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегіндегі; адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Біліп жаратушы-тәңірі, өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керектісі-ұждан. Ұждан дегеніміз - нысап, әділет, мейірім деген екен.Әрине адам болып дүниеге келгеннен кейін дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің жолын таңдай білу үшін текті жанды-кісі болдыру үшін,кісі бойына кісілік қасиеттерді дарыту үшін ұлылардың ұлағатты қағидаларын басшылыққа аламыз.Текті жан иесінің бұл өмірге келгеннен кейінгі ең басты ерекшелігі- не сай кісі қалыптастыру іс-әрекеті,тәрбиелік үрдістер іске асырылады.
Негізінде адам баласының тәрбиесінде, халықтың сан ғасырлық даналығынан асып түсетін ешбір құндылық жоқ. Адам тәрбиесінің қайнар көзі балалық шақтан басталса, бала тәрбиелеуде толықтай ойлау қабілеті қалыптасып болмайынша еш нәрсеге үйрету мүмкін емес. Адамға білім берместен, оның сол білімге өзі қол жеткізетін қабілетін қалыптастыруға ерекше мән беру керек, Демокриттің сөзімен айтқанда –«көп білетін ақылдылар өте, көп білуден гөрі, көп ойлануға ұмтылу қажет». Адам ақыл ойының және өзіндік танымының қалыптасуы әлде қайда маңыздырақ. Орыстың жазушысы, педагогы және философы В.Ф. Одаевкский айтқандай «Адамның ең бірінші қадамы өзін-өзі танудан басталса-бұл үлкен істің біткені».Адамзаттың даму тарихында жастар тәрбиесіндегі басты мақсат қандай, тәрбиелеуші қоғамның мүддесі қандай деген заңды сұрақтар пайда болады. Осындай күрделі сұрақтарға жауапты сан қилы формада табуға болады.Текті жан болып дүниеге келгеннен кейін кісіге тән қасиеттермен қабілеттерді игеріп қалыптастыру басты мәселе екені рас. Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартты. Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды.Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды яғни ұстаздық ететін адамды өте жоғары бағалаған .Адам баласына тәрбие беруде ұлы Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде; « Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген екен. Қазіргі замандағы ғылыми техникалық прогресстің өрістеу темпі, өндірістік, энергетикалық, коммуникативті мүмкіндіктердің өсуі, мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуі, ақпарат көлемінің шектен тыс өріс алуы – осының бәрі адамдардың мінез құлқына текті жанына ықпалын тигізбей қоймайды. Адамзат тарихында дәл біздің дәуіріміздегідей еш бір дәуірде адам өмірінің жеке тұлғалығы, қайталабастығы, шығармашылық мүмкіндіктерінің құндылығына жоғарғы қызығушылық танытпаған шығар.»
Тектілік тәрбиесін нақтылы алға шығарып,орнықты берген бұл жұмыр Жерде еш ұлт жоқ.Олай болса,текті жанды-кісі болдырып тәрбиелеген тәжірибені басқадан іздеп әуре болудың қажеті не? Қазақ аузынан Алласын тастамай, баласын тектілікке баулыған. Текті жануарларға теңеп, өмірдің әрбір келеңді-келеңсіз сәттерінен сабақ алып отырған. «Жылқы тектес, қой мінезді» деген сияқты жақсы сипаттарды көрсете отырып, тәрбиенің арқауын ұзын арқан, кең тұсауға салмаған.Тәрбиеге ат үсті қарамаған, сәл кемшіліктің өзіне үлкен жауап-гершілікпен мән берген. «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла , сосын он бес жасқа дейін құлынтайдай жұмса, одан кейін құрбыңдай сырлас»,- деп бекер айтпаған.Осы тәріздес Текті жанды-Кісі болдырудың барлық жолы,амал тәсілі толық қазақ тәрбиелеу ілімінде анықталып орныққан.Алайда,оны танып білу дәрежеміз, қолданып,керектену шама-шарқымыз мардымсыздау болғандықтан,керек десеңіз кейбіреуіміздің оны мойындай қоймағанымызды ескеріп,осы заманғы тұлға қалыптастыру ең озық теорияның бірімен оны шендестіріп көргеніміз дұрыс болар.
Тұлға даму деңгейлеріне мән беріп, тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар.Эриксонның ұсынған даму деңгейлерін қарастырайық.Э.Эриксон теориясы психоанализ практикасынан туындады. Э.Эриксон тұлға құрылымын З.Фрейд сияқты «Ид, Эго, Супер Эго» инстанцияларын бөліп қарас-тырады.Бұл концепцияның аса маңызды ұғымдары-топтық біртектілік және «Эго» – біртектілік. Топтық біртектілік бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ бастап тәрбие берілген әлеуметтік топқа жатқызылуы, сол топқа тән түйсінулерді жаттықтыруға негізделіп бағыт-талған. «Эго» біртектілік топтық біртектілікпен параллельді түрде қалыптасады. Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілмес-тігін және табандылыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады. Эго – біртектіліктің қалыптасуы адамның бүкіл өмір бойы жүреді және бірнеше кезеңдерден өтеді.
Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы, fiatik.ru. алынған)
Өмірлік жолдың деңгейлері Әлеуметтік қатынастар аймағы Тұлғаның полярлық сапалары Прогрессивтік даму нәтижесі
1. Ерте нәрестелік шақ (0-1 жас) Ана немесе оның орнын алатын адам Сенімділік-сенімсіздік Энергия және өмірлік қуаныш
2. Кейінгі нәрестелік шақ (1-3 жас) Ата-аналар Автономия-қобалжу, ұялу Тәуелсіздік
3. Ерте балалық шақ (3-6 жас) Ата-аналар, ағалары мен апалары Инициативтілік-кінә сезімі Мақсаттылық
4. Орта балалык шақ (6-12 жас) Мектеп, көршілер Қолжеткізу-толыққансыздық Білім мен іскерлікті меңгеру
5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас) Құрбы-құрдастар топтары Біртектілік-біртектілік диффузиясы Өзін-өзі анықтау, жанқиярлықпен берілгендік
6. Жастық шақ (20-25 жас) Достары, жақсы көретін адамдары Интимділік-изоляциясы Қызметтестік, махаббат
7. Ересектік (25-65 жас) Кәсіп, туған үйі Шығармашылық-тоқырау Шығармашылық пен қамқорлық
8. Кәрілік (65 жастан кейін) Адамзат, жақын адамдары Интеграция-өмірге көңіл қалу Данышпандылық
Э.Эриксон тұлға даму кезеңіндегі мәселені шешу үшін екі шекті полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды айқындап,сапалық көрсеткіштерді ерекшелейді. Тұлға дамуын – дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктер өзара қайшылыққа тап болып,осы негізде даму жүріледі деп есептеген. Дамудың бірінші дегейінде (оральды-сенсорлық) Эго біртектілік бірінші формасымен қалыптасуы басқалар сияқты даму дағдарысынан өтеді. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері; тістердің шығуынан, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі, ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына оралуының нәтижесінде «ана - бала» диадасының әлсіреуі. Бұл дағдарыс оңайрақ өтеді. Егер де әлемге сену мен сенбеу арасындағы қатынас бірінші жаққа қарай құрылса. Бұл қатынас балаға деген күтім сапасымен, оған деген махаббат пен нәзіктіліктің бар болуымен анықталады.
Екінші деңгей(бұлшықеттік-анальдік) ерте жасқа сәйкес келеді. Ол кезде баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре бастайды және өз тәуелсіздігін мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бұл кезде дербестілік (самостоятельности) сезімі арта түседі.Және де осы кездері әлемге деген қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Мұндағы дағдарыс - күмән мен үят. Үшінші деңгей (локомоторлы-генитальді)бала қоршаған әлемді сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз құрдастарымен бірге өндіру процесіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін меңгереді. Осының нәтижесінде балада шынайы үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай ролінен шығу ниеті қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және белсенділігінің дамуына әсер етеді. Бұл жас кезенінде жыныстық идентификация жүреді және бала ер адам мен әйел адамның жүріс-тұрысының белгілі бір формасын меңгереді Төртінші деңгей(латентті) инфантильді сексуальдылықтың белгілі бір ұйқышылдығы және генитальді ересектің артқа шегінуімен сипатталады. Бұл деңгей балаларда еңбекқорлықпен, жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттілігімен байланысты. Бесінші деңгей ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды. Эго – біртектілік бірінші тұтас формасы қалыптасады. Жас өспірімдік шақта дамудың барлық өтілген дағдарыстық мезеттері қайта тұрады.Эго-біртектіліктің (идентичность) қалыптасуы жас адамға дамудың алтыншы деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Оның мәні - өмірлік айырылмас серікті іздеу, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топтың мүшелерімен жақын достық қатынастарға ұмтылу. Бұл деңгейдің қауіпті жағы – жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан қашу. Жетінші деңгей адамның өмірлік жолында ересек кезеңде орталық, центрлік ретінде қарастырылады. Бұл деңгейдегі тұлғаның басты жағымды сипаттары ретіндегі өндіргіштік пен ұрпақтың жалғасуы шығармашылықта және нәтижелі еңбек іс-әрекетінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және сол арқылы тұлғаның баий түсуіне әкеледі.
Өмірлік жолдың сегізінші деңгейі эго –біртектіліктің жаңа аяқталған формасының қол жеткізуімен сипатталынады. Дамудың бұл деңгейінде ақыл-парасаттылық пайда болды. Өткенге көз жүгірту: «Мен бақыттымын» деуге мүмкіндік береді. Балалар және шығармашылық жетістіктер өзінің жалғасы ретінде қабылданады және өлімге деген қорқыныш жоғалады. Э.Эриксон бұны өлім алдындағы өмірге қызығушылықтың шетте қалуы деген. Э. Эриксон жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оның айтуынша, бұл тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана. Э. Эриксон бойынша кез келген адам, оның қатынасатын мәдениетіне қарамастан бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтығына байланысты.
Баланың даму сатылары мен Кісінің қалыптасу кезеңдері:(Адамтану қазақ ілімі бойынша.Балатану баспалдақтары.adisteme.kz.ucoz kollegi.kz –тан алынды.)
1.нәресте шақ ата-ана құштарлық ататектен ұласқан
(ана құрсағындағы әулет шама сезім мен қуатқа
мезгіл қосылып-1 жас) мүшелері жетпеу талпыну
2. бүлдіршін(1-3жас) ата-ана, өлшеусіз еңбек «жанды бақа»-дан
ұл-бөбек,қыз-бөпе көрші-көлем жалығу текті жан
3. балдырған(ұл) ауыл-ағайын; «қадалған кене»
балауса(қыз)(3-5 жас) тәрбиеші шалалық мақсаттылық
4.ойын баласы ауыл-аймақ қолжеткізу
жас өспірім(7-13) ұстаз тұрлаусыздық көкірек көзін ашу
5.жас жеткіншек(13- қауым
19 жас) (бойжеткен, құрбы-құрдас даралану шынайы берілгендік
бозбала) әлеуметтену кісілік келбет табу
6.жастық шақ(20- ағайын-жегжат қосағын табу өмірден орнын табу
25 жас)қыз,жігіт дос- жаран сүр бойдақ ,кәрі қыз кәсіп игеру
7.Ересектік(25- әулеттік орта шығармашылық үмітін ұзбей
74 жас) толысқан кәсіптік шеңбер шарықтау, оның еселеп.қолдау
кісі ортаюы
8.Қарттық (75-тен қарашаңырақ данышпандық, қамқорлық
ары қарай) ру көлемінде абыздық қону сәбидей күтім
Текті жанның Кісі болу ілімі қаншама күрделі болса да, Э.Эриксон концепсиясынның кейбір сатыларымен салыстырсақ айқын дәлдікті аңғаруға болады. Әсіресе балалық шақтың даму кезеңдері балатану қазақ ілімінде өте анық та ( шекара шектері,сапалық көрсеткіштері) айқын көрсетілген. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,мойны беки қырқынан шығарылып,құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда, бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды Негізгі кезеңдерге жету жолында бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру керек,бауырын көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып,тырбанып жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен аунай алуы,одан соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі ересектер көмегімен сол қозғалысты жасай алатын шағында жаттығып дағдылану нәтижесінде орындалады.Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйеніп(жүкке,қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.).тартып,итеріп бойын билеп үйренеді. Ал,оларды жасамаса,дамудың ол кезеңі кешігеді. Мысалы,бөлеу әнін,бесік жырын,өс-өстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей өскен нәрестенің, айналасындағы туыстарының,ата-анасының үнін ажырату қабылеті кешігеді.
Қазақтың қарттық шағындағы бағым-күтім,қамқорлыққа алу ісі,сыйлап құрметтеу әдет-әдебі орасан асқақ.Оған ешбір ұлт теңесе алмайды.Сондығынан болар қазақ дұрыс та,мәнді қартаяды.Оларда,торығу,мұңға бату,түңілу деген болмайды.Өмірден түңіліп,қалған ғұмырын тәрк ету,үмітін үзу,ішкілікке-нашақорлыққа,ашкөздікке салыну ешуақытта болмаған.Ал,жастығын аңсау ,тұрғыластарынан ажырап, жетімсіреу,әрине болған. «Жасым жүзге келсе де,өлгім келмейді,қара жердің қойнына кіргім келмейді десіп», ұрпақтары үшін барлық игілікті жасап,кәдімгі адам болып, Жаратушының берген жасын жасап өмірден озуды тілейтіні рас.Кісінің асқары-үлкен кісі. Үлкен кісі аталу –ең үлкен даңқ.Ата-бабамыз;абыз қарттарды.данышпан аналарды да- Үлкен кісі дейтін еді.Үлкен кісінің әр сөзі- әрі өсиет өнеге,әрі әмір,әрі заң,әрі нұсқау болған-ды.Олар-өлмейтін сөз қалдырған,ырыс-ынтымақ сыйлаған. Осындай айқын да,айтулы ілімі бар қазақ жұрты,текті жанды-Кісі болдырып тәрбиелеп келген.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы(Теміртау қаласы,№8 мектеп мұғалімі)
9 қазан 2017 Тәрбие.орг сайтынан ТЕКТІ ЖАННЫҢ -КІСІ БОлуы КҮРДЕЛІ БОЛҒАНЫМЕН АЙҚЫН Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Күннұр Қайратқызы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы шет тілінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar