Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері мен зияны

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 343
  • Авторлық бағдарлама
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20960


Тақырыбы: Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері мен зияны.
Мақсаты: А) Білімділік: шылым шегудің зиянды әсерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру.
Б) Дамытушылық: темекінің әсері, зиянды жақтары туралы түсініктерін кеңейту.
В) Тәрбиелік: шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, айналасындағылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық (музыкалық әуенмен жаттығу жасау)
Кірпігімізді төмен түсіреміз.
Көзімізді жұмамыз.
Енді еркін демалайық.
Ғажап қана ұйықтасақ,
Жеңіл дұрыс тыныстасақ,
Шаршағанымыз ұмытылып, Денеміз босаңсиды
Шөпте жатқандай сезінейік
Жасыл, жұмсақ шөпте жатырмыз…
Күн нұрын бізге төгіп тұр…
Қолымыз біздің жып – жылы…
Күн ыстық…
Түн жылы…
Таза ауа да тамаша, тыныстаймыз
(Ұзақ кідіріс)
Біз еркін тыныстадық
Ғажап қана ұйықтадық!
Оянатын сәт келді!
Көздерімізді ашамыз.
Қолымызды жоғары көтеріп,
Керілеміз! Күлеміз!
2.Сұрақ-жауап:
1. Шынығу дегеніміз не?
2. Шынығу түрлерін ата
3. Шынығу түрлеріне мысал келтір
4. Шынығудың негізгі ережелері қандай?
5. Қандай дәстүрлі емес шынығу түрлерін білесің ?
6. Шомылған кезде қандай ережелер сақтау керек?
- Егер сен шынықсаң, сенің ағзаң суыққа қарсы тұра алады. Суық жаңбырдың астында қалсаң да, аяғыңнан су өтіп, аяғың жаураса да, қысты күні достарыңмен ойын қызығына беріліп, суықта ұзақ жүрсең де, сенің шыныққан қан тамырларың сыртқы ауаның өзгеруіне байланысты кеңіп, тарылып отырады. Осының әсерінен суыққа төзімді боласың. Күн,ауа, су ағзаны шынықтыруға, бірден – бір табиғи емшілер екен!

3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жағымсыз әдеттер. Темекінің зияны»
Мақсатымыз: Жағымсыз әдет – темекінің зияны туралы мағұлмат алу, темекінің денсаулығымызға зияндылығын анықтау.
Жоспары:
- Ой шақыру: «Ну, погоди» мультфильмінен үзінде көрсету.
- Мағынаны табу: Жағымсыз әдеттер туралы әңгімелеу (түсіндіру)
- Сурет салу.
- Ой-толғаныс.
- Ситуациялық сұрақтар.
- Валеологиялық диктант.
- Бекіту.Тренинг «Қолшатыр»
- Қорытынды.
І. Ой шақыру «Ну, погоди» мультфильмінен үзінде көрсету.
Назарымызды тақтаға аударайық
«Ну, погоди» мультфильмнен көрініс көрсету.

- Қасқыр не себептен өзін нашар сезінеді?
- Ол бірнеше темекіні бірден аузына салып шекті.
- Не себептен қасқыр олай істеді?
- Көп мөлшерде түтін шығару үшін
- Ол қасқырға не үшін керек болды?
- Қоянды буткадан шығару үшін
- Бұдан әрі қасқырға не болды?
- Қасқыр қызарып, басы айналып, жөтелді де құлады.
- Түсінікті, яғни қасқыр бірнеше темекіні бірден шеккендіктен уланды, ал қоян неге жөтелді, ол темекі шеккен жоқ қой.
- Қоянның жөтелген себебі темекі түтінінен. Өйткені, оның иісі жағымсыз, тамақты жыбырлатады.
- Дұрыс айтасыңдар, темекі түтіні ең алдымен өкпеге барады, ол адамға да зиян екен. Ол өкпені ластайды, таза ауаның өкпеге баруына кедергі келтіреді.
ІІ. Мағынаны табу: жағымсыз әдеттер туралы әңгімелеу(түсіндіру) Балалар, шылым шегу зиянды, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі қабықшамен өкпе көпіршіктеріне барып қонады. Сілекеймен қоса жұтылып, асқазанға барады. Шылым шегетіндермен шекпейтіндерді оңай ажыратуға болады: шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен болып көрінеді, тісі ерте бұзылады, сарғаяды, жүрегі тез шаршайды. Қан тамырлары тартылады, нәтижесінде аяғын сылтып басады. Жүйке жүйесіне әсерін тигізеді, естуі, көру нашарлайды. Жасөспірім ашуланшақ, жалқау болып, ұғу қабілеті төмендейді.
Бөлмеде отырсаңыз, ол адам ағзасына үлкен әсерін тигізеді. Өздері тартпағанымен, шылымқордың темекісінің түтінімен тыныс алатындарды пассивті темекі шегушілер деп атайды. Темекінің зардаптарынан мысал келтірсек Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Баскетболшының шылым шеккенен кейінгі торға доп тастауы 12 % кемиді. Әрбір шылым адам өміріне 8 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100 м жүгіргеннен кейін тамырдың 120 – 130 болса, шегетіндерде 180 болады. Мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылдаңбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді. Ерте бастан денсаулықты сақтап шылым шегуге әуестенбеу керек.
ІІІ. «Уланбасын өмірің» тақырыбына арналған сурет салу және суреттерін қорғау.


ІY. Ой – толғаныс: нақыл сөздердің қалай түсінетіндігін айтып пікір – алмасу.
Енді, балалар, темекінің зияны туралы нақыл сөздерді қалай түсінетіндеріңді айтып, өз пікірімізді ортаға саламыз.
1. Шылымшы – өзін көрге тығушы
2. Темекі тартқан бір кісі,
Уланған бүкіл үй іші
3. Шылымқор өзін ғана емес,
Өзгелерді де улайды
Ия, дұрыс, балалар.
V. Ситуациялық сұрақтар:
1. Егер сендер темекі тартып тұрған баланы көрсеңдер не деп айтар едіңдер?


2. Сендер елімізді басқарып тұрсаңдар, темекіге қарсы қандай шара қолданар едің?


YІІ. Валеологиялық диктант (слайдта)
Темекінің құрамында улы зат – ………………………бар.
Темекі тартқанда тіс……………………………………………
Никотин ………………………………………………………есімімен қойылған.
Темекіден туындайтын аурулар:
Өздері темекі тартпағанымен,
шылымқордың темекісінің түтінімен тыныс алатындарды…………………………..дейміз.

YІІІ. Бекіту Тренинг «Қолшатыр»
Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Қол шатыр астына өз ойларымызды жазайық.
1. Бос уақытымызды дұрыс пайдалану.
2. Демалыс түрлерін қолдану.
3. Концерттерге бару.
4. Спортқа қатысу.
5. Денсаулығымызды шынықтыру.

Сабақты қорытындылау: -Сөз соңында қайыра айтарым, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Усенова Динара Магжановна
Айтуар негізгі мектебінің әлеуметтік ұстазы.
Жамбыл ауданы,Айтуар ауылы. Тәрбие.орг сайтынан Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері мен зияны Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Усенова Динара Магжановна

Пікірлер: 0

avatar