«Тіл білгірі» сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 578
  • Авторлық бағдарлама
  • 02/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21473


Шайыр орта мектебі

«Тіл білгірі» сайысы

Өткізген: Жалғасбаева Р.

2016 жыл
Тақырыбы: «Тіл білгірі»
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан- ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайдтар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.
Әдісі: Топаралық сайыс
ЖҮРІСІ:
Жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Осы мерекеге орай жыл сайын мектебімізде әртүрлі шаралар өткізіліп келеді. Сондай шаралардың бірі – 5 сынып оқушылары арасында өткізілгелі отыр.

Ана тілі – қазағымның қаймағы,
Тілің сенің – өміріңнің айғағы.
Бүгін міне тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.
Олай болса, 5 «а» сыныбынан құралған «Тапқырлар» және 5 «Ә» сыныбынан құралған «Зеректер» тобының сайыс қатысушыларын ортаға шақырайық!

Ана тілім - ерлігім
Ана тілім - елдігім
Ана тілім - болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең «Өлеңмен өріп ойымды»
2 - кезең «Бәйге» (сұрақ-жауап)
3-кезең «Мақал – сөздің мәйегі»
4- кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»
5-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін , әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.
Қазылар мүшелері: Арықбаева Зәмзәгүл – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Төребек Балшекер – ағылшын тілі пәні мұғалімі
Құлшанаева Мөлдір – орыс тілі пәні мұғалімі

Ана тілім - күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.
1-кезең «Өлеңмен өріп ойымды» тілге байланысты өлең оқу.
(қазылар алқасынан ұпай сұрау)

Жүргізуші: 2 - кезең «Бәйге» бұл бөлімде берілген сұрақтарға нақты, жылдам жауап беруіміз керек.
1. Көп тіл білетін адам? (Полиглот)
2. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия )
3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
4. « Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
5. Өлең түрінде жазылған шығарма қалай аталады? (поэзия)
6. Жүз жасаған ақын? (Ж.Жабаев)
7. «Ақылды» сөзінің түбірі? (Ақыл)
8. «Қазақтың бас ақыны» кім? (А.Құнанбаев)
9. А.Байтұрсынов «әдебиет» сөзін қалай атады? (асыл сөз)
10. Абайдың қанша қарасөзі бар? (45)
11. Әдемі сөзінің синонимі? (сұлу, көрікті, келбетті, ажарлы)
12. Ауыз әдебиеті шығармаларына нелер жатады? (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегі-лер, шешендік сөздер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, тұрмыс-салт жырлары )
13. «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалының тақырыбы қандай? (ынтымақ, бірлік)
14. Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
15. Антоним дегеніміз не? (мағыналары қарама-қарсы сөздер)
(қазылар алқасынан ұпай сұрау)

Жүргізуші: Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.
«Мақал – сөздің мәйегі» бөлімінде сайыскерлерге жеке-жеке мақал беріледі, олар жалға- сын табады)
№1 Шебердің қолы ортақ, …… (Шешеннің тілі ортақ).
№2 Таяқ еттен өтеді - …… (сөз сүйектен өтеді)
№3 Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады).
№4 Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
№5 Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
№6 Тілге құрмет - ... (елге құрмет).
(қазылар алқасынан ұпай сұрау)

Жүргізуші: Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын табама екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақта бар.
Келесі кезең «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады. Бұл бөлімде әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
І топқа
1. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ұлттық киімдерді атаңдар.
3. Ақсүйек қандай ойын?
ІІ топқа
1. Айт мейрамы туралы не білесің?
2. Ұлттық ойындарды атаңдар.
3. Көкпар қандай ойын?
Жүргізуші: Соңғы кезең «Жеті жұрттың тілін біл» деп аталады. Бұл бөлімде жұмбақтар беріледі. Шешуін орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
(алдымен қол көтерген топ жауап береді)
1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап – Книга – Book)
2. Қызыл түлкі інінен шықпайды. (Тіл – язык - Language)
3. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. (Ұстаз – Учитель – Teacher)
4. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп – Школа – School)
5. Кішкене ғана тостаған,
Жер-дүниені бастаған. (Көз – Глаза – Eye)
6. Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең. (Білім – Учение - Education)

Жүргізуші: Міне, сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғы-зып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап же-ңімпаз топты қазылар алқасы анықтағанша кезекті Рашидова Нұршаштың орындауындағы әсем күйге береміз.

Сөз қазылар алқасына беріледі.
(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды)

Жүргізуші: Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде бол-мақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Тіл білгірі» сайысы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жалғасбаева Р.

Пікірлер: 0

avatar