Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Тіл дамыту" курсы
  • 01.11.2016
  • 212 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19847

Павлодар қаласы, № 30 ЖОМ
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: С. Б. Шанашова

Түсінік хат

Күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығының негізінде құрылды.
Қазақ тілі пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің, практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімдік қызметін: жалпы адамзат жинаған тарихи- мәдени, рухани мұраларда тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі танумен өзгені танудың бірден- бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыдан қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды. Оқушының сөйлесу дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі.
Ана тілі ретінде оқытылатын қазақ тілі пәні оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады,тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді таптастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлері мен пунктуацияны меңгертеді.
Қазақ тілі пәні танымдық және практикалық бағыттарды төмендегідей міндеттерді шешеді:
• Тілдің қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсіндіру;
• Тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметін таныту;
• Мәтіннің тілдік және танымдық қызметін меңгерту;
• Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;


Арнайы курстың мақсаты:

• Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту
• Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту
• Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету
• Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту
• Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру
• Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
• Сөз мағыналарын зерттеу.
Арнайы курстың міндеттері:
• Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
• Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;
• Оқушыны зейінді ұстау;
• Пәнаралық байланысты сақтау;
• Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);
• Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау
• Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

ҮІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін меңгеруі тиіс:
• сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;
• сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен қолданады;
• жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;
• тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар, кестелер құрастырады, оны таратып түсіндіреді.
• Өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере білуі тиіс:
• мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;
• оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды.
• сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады
• әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.

5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пəндік нəтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:
1) лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
2) сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін;
3) сөздердің тура жəне ауыспалы мағынасының айырмашылығын;
4) омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ерекшеліктерін;
5) тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдердің өзіндік белгілерін;
6) қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;
7) сөйлемге лексикалық талдау жасай алуы;
8) лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т.б. білуі;
9) фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
10) фонетикалық ұғымдардың мəнін;
11) сөз құрамындағы дыбыстардың түрлерін жəне олардың жіктелуін;
12) үндестік заңы туралы ұғымдарды;
13) буын мен екпіннің түрлерін;
14) орфографиялық жəне орфоэпиялық нормаларды;
15) қазақ əліпбиінің құрамын, ретін;
16) сөйлемге фонетикалық талдау жасай білуі;
17) сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
18) сөздердің жасалу тəсілдерін жəне олардың жасалу жолына қарай жіктелуін;
19) мəтіннің құрылымын ажыратып, мəтіннің жанрлық белгілерін анықтай білуі;
20) оқыған мəтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дəйектеп айта білуі;
21) тақырыпқа сəйкес жоспар жасап, мəтін құрай білуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі лексикологиясы» Ә. Болғанбаев

2.«Сөз өнері» М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаев

3.«Қазақ диалектологиясы» Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев

4.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы
2010 № 1, 2

5.«Қазақ тілі» оқулығы Г. Қосымова, Ж. Даулетбекова Тәрбие.орг сайтынан "Тіл дамыту" курсы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шанашова Сауле Боранбаевна

Павлодар қаласы, № 30 ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 212 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar