«Тіл - ел тірегі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 293
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22637


Тақырыбы: «Тіл - ел тірегі».
Топ атауы: «Балдырған» тобы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Барлық істі атқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айларын атаңдаршы?
Балалар: Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
Балалар: Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Тәрбиеші: Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Айару: Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Бахтияр: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым
Жандос: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Дәулет: Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Айша: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді
Ернар: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Айзере: Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.
Дидактикалық ойын: «Кім зерек»
Ойын шарты: Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.
Тәрбиеші: Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Айша: Өнер алды қызыл-тіл.
Ару: Тіл қылыштан өткір.
Айсұлтан: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Айша бибі: Басқа пәле тілден.
Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті
Бағалау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын. Тәрбие.орг сайтынан «Тіл - ел тірегі» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гайни Жаримбетова

Пікірлер: 0

avatar