Тіл-тірегім!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 453
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20281


2,3,4-орыс сыныптары арасындағы Тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты жоспары.
Тақырыбы: Тіл-тірегім!
Мақсаты:
1)Оқушыларды топпен жұмысқа жұмылдыру,үйрету.
2)Өзге ұлттың балаларын қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
3)Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу,жетелеу.
Сабақтың әдісі: топтау,көрнекілік,ойландыру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,кеспе қағаздар,жеке тапсырма қағаздары,слайдттар.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі: (слайд көрсете отырып) Құрметті оқушылар, 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі! Осы мерекемен сендерді шын жүректен құттықтаймын!Қазақстан көпұлтты мемелекет болғандықтан,ондағы әр ұлттың тілін сыйлаймыз!
Топқа бөлу,сандар арқылы (1,2,3,),бірлер бір топ,екілер бір топ,үштер бір топ.
1. «Өлең оқи аламын» Әр топтан бірнеше оқушы білген тілінде дайындап келген тақпақтарын ортаға салады.

2. «Мен аудармашымын!» Слайд бойынша берілген орыс тіліндегі сөздерді қазақ тілінде аударман әр топ жылдамдық танытып,тез аударуға тырысады,ауызша тапсырма.

3. Слайдтта берілген: ата,әже,әткеншек,мұғалім,аула,доп,қуыршық,текше,көше
сөздеріне жазбаша топпен ақылдаса отырып сөйлем құрастырып,ортаға салады,топтан бір оқушы.

4. «Дүкенде», «Мектепте», «Сабақта» тақырыптарына әр топ өздерінше диалог құрастыры,ортаға жұппен шығып,сөйлеседі.

5. Рақмет, оқушылар, енді бізге қонаққа бірінші сынып оқушылары келіпті және олар құр келген жоқ,өздерінің тақпақтарын ала келген екен,соған құлақ түрелік:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Ең жақсы сөз Ана,
Ең жақсы сөз Бала.
Өсіп жатса бала,
Оған пана ана.

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Рақмет,балалар!
Осымен сыныптан тыс тәрбие сағатымыз аяқталды,үш топта өте белсенді атсалысты,үш топқа да мадақтама беріледі. Мерекелерің құтты болсын, мемлекеттік тілді білейік,әркім өз ана тілімізді құрметтейік! Сау болыңдар,құрметті оқушылар! Тәрбие.орг сайтынан Тіл-тірегім! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мерей Гүлзат.

Пікірлер: 0

avatar