Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау жүйесі
  • 01.11.2016
  • 256 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19846

Павлодар қаласы, № 30 ЖОМ

Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау жүйесі
9 - сыныпқа арналған қазақ тілінің қолданбалы курсы
Пән мұғалімі: С. Б. Шанашова
2016 - 2017 оқу жылы

Үстеу, оның мағыналық түрлері, түрленуі. (1 сағат )
Еліктеу сөз, оның түрлері. (1 сағат )
Еліктеу сөз, оның түрлері. (1 сағат )
Шылау, оның түрлері. (1 сағат )
Көмекші есімдер мен етістіктер. Одағай сөздер. (1 сағат )
Морфологиялық сатылай кешенді талдау. (2 сағат )
Синтаксис
Сөз тіркестері,олардың байланысу тәсілдері мен түрлері. (1 сағат)
Жай сөйлем түрлері. (1 сағат)
Сөйлем мүшелері және оның құрамдық түрлері.(1 сағат ) Жай сөйлемге сатылай кешенді талдау жолдары Құрмалас сөйлем, оның түрлері, мағыналық топтары.
(1 сағат)
Құрмалас сөйлемге сатылай кешенді талдау. (1 сағат) Пунктуация. (1 сағат)
Жыл бойы өткенді қайталау. (1 сағат )

Түсінік хат
Әдетте, тілдік таным бүгінгісімен емес, кешегісімен терең, тарихқа тартқан тамырымен берік. Сондықтан болашақ коғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен. Мектеп жасындағы балалар «Қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімдік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін - өзі тану мен өзгені танудың бірден - бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін тануға тиіс.
Білім берудегі қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызме-тін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсатты көздеген бұл бағдарлама оқушылардың мектептің негізгі сатысында меңгерген білімдерін практи-калық тұрғыда кеңінен қолдана алуына, теориялық білім-дері негізінде Н.Оразахынованың әдістемесі бойынша тілдік материалдарға күрделі және сатылай талдау жасай алуға мүмкіндік туғызады. Жалпы қазақ тілінің негізгі курсынан меңгерген білімдерін жүйелеп, бекітуге бағытталған.

Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Оқу курсының мазмұны мен құрылымы.
2. Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау.
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Бұл курстың негізгі мақсаты - мектептің негізгі сатысында меңгерген білімдерін практикалық тұрғыда кеңінен қолдана алуына, теориялық білімдері негізінде Н.Оразахынованың әдістемесі бойынша тілдік материалдарға сатылай талдау жасай алуға мүмкіндік туғызу. Жалпы қазақ тілінің негізгі курсынан меңгерген білімдерін жүйелеп, бекіту.
Осы мақсатқа сай туындайтын негізгі міндеттер:
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
- Тілдің ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, көрнекілік ұстанымдарын тану;
- Тіл дыбыстары туралы таным-түсініктерін кеңейту;
- Қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете тану;
- Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау,
түйсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Курстық білім берудің нәтижесі Н.Оразахынованың тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау жүйесін меңгерту.

10-сынып
Апталық сағаты - 1, барлығы 34 сағат
Тіл дыбыстары, олардың айтылу, жасалу жолына қарай түрлері . (1 сағат )
Буын, тасымал, екпін (1 сағат )
Үндестік заңы
Дыбыс үндестігі (1 сағат )
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (1 сағат ) Орфография, орфоэпия (1 сағат )
Математикалық тәсілмен сатылай кешенді фонетикалық талдау жүйесі (2 сағат )
Лексика
Сөз және оның мағынасы (1 сағат )
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы (1 сағат ) Синоним, омоним, антоним (1 сағат )
Көп мағыналы сөздер (1 сағат )
Түрақты тіркестер (1 сағат )
Мақал-мәтелдер (1 сағат)
Сөздік құрам және оның тармақтары (1 сағат ) Лексикалық сатылай кешенді талдау (1 сағат )
Сөзжасам
Сөз тұлғасы және сөздердің құрамдық түрлері (1 сағат ) Сөзжасам тұрғысынан сатылай кешенді талдау (1 сағат )
Морфология
Есім сөздер, олардың мағыналық түрлері/түрленуі (1 сағат ) Есім сөздерге сатылай кешенді талдау (1 сағат )
Етістік, оның категориялары (1 сағат )
Етістіктің жасалуы, түрленуі (1 сағат )
Етістікті сатылай кешенді талдау (1 сағат )

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау

1. I. Курсты оқытудың мақсаты



(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
Фонетика тарауы бойынша тіл дыбыстарының жіктелуі, буын, оның түрлері, екпін, тасымал, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, орфография мен орфоэпия бөлімдері қарастыры-лып, математикалық сатылай кешенді талдау жолы меңгертіледі.
Лексика тарауы бойынша сөз бен мағына, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омоним, синоним, антоним, сөздің көп мағыналылығы, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, сөздік құрам тармақтары жайындағы білімдері жаңғыртылып, лексикалық сатылай талдау жүйесі меңгертіледі.
Сөзжасам, морфология тараулары бойынша сөздердің жасалу жолдары, олардың тұлғалық, құрамдық сипаты, атауыш сөздер, олардың жасалуы, құрамдық, мағыналық түрлері, грамматикалық ерекшеліктері мен емлесі, көмекші сөздер мен одағай сөздердің сөз табындағы орны кеңінен талқыланып сатылай талдау жүйесіне салынады. Синтаксис тарауы бойынша жай және құрмалас сөйлем түрлері, олардың жасалу жолдары мен байланысу тәсілдері, түрлері қайталанып, синтаксисті сатылай кешенді талдау жолы меңгертіледі.

Білім беру жүйесінің бағдарлы мектеп сатыларындағы «Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау жүйесі» атты қолданбалы курсын оқытудың мақсаты - мектептің негізгі сатысында меңгерген білімдерін практикалық тұрғыда кеңінен қолдана алуына, теориялық білімдері негізінде Н.Оразахынованың әдістемесі бойынша тілдік материалдарға сатылай талдау жасай алуға мүмкіндік туғызу. Жалпы қазак тілінің негізгі курсынан меңгерген білімдерін жүйелеп, бекіту.
II. Курсты оқытудың міндеттері
Аталған мақсатқа жету үшін қолданбалы курстың алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
- Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын қа-
лыптастыру;
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- оқушылардың әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл
жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажы-
рата білуіне қажетті іскерлік дағдыларын қалып-
тастыру;
- тілдік қүбылыстарды абстрактылауды және жинақ-
тауды үйрету, таным белсенділігін күшейту;
- өздігінен іздену қабілетін жетілдіру.
- оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру;
1. III. Курстың зерттеу обьектілері
Тіл білімінің салалары блокқа топталып, мынадай жүйемен оқытылады: фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис.

Курс бойынша оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Білімі:
- Фонетикалық ұғымдардың мәнін білу;
- Сөз құрамындағы дыбыстардың жіктелуін, түрлерін білу;
- Буынның, екпіннің түрлерін білу;
- Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана білу,
- Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің өзіндік белгілерін білу,
- Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзіндік ерекшеліктерін білу;
- Қазақ тілінің сөздік кұрам тармақтарының ішкі салаларын білу;
- Сөздердің жасалу жолына қарай түрлерін білу;
- Атауыш, көмекші, одағай сөздердің белгілерін айыра білу;
- Сөз таптарының мағыналық топтарын ажырата білу;
- Сөз таптарының түрлену жолдарын білу;
- Сөйлемнің кұрамына енетін компоненттерді білу;
- Сөйлемнің, сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білу;

Біліктілігі:
- Тіл дыбыстарын классификациялай алу;
- Тіл дыбыстарының жасалу жолын дәлелдей алу;
- Сөздерді жасалу жолдарына қарай жіктей алу;
- Сөз құрамына толық талдау жасай алу;
- Сөз таптарын бір-бірінен ажырата білу;
- Сөздердің тіркесу тәсілдерін ажырата алу;
- Сөйлемдерді мағынасы мен интонациясына, құрылы-
сына қарай ажырата алу;
- Сөйлемге синтаксистік талдау жасай білу;
- Сөйлем бойынша алған білімдерін сөйлеу тілінде
сауатты қолдана білу;
Міндетті дайындық деңгейіне жету нәтижесі - оқушылар білімінің стандартта көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігі қорытынды болып табылады. Тәрбие.орг сайтынан Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау жүйесі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шанашова Сауле Боранбаевна

Павлодар қаласы, № 30 ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 256 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar