Тілге құрмет – елге құрмет

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 349
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22670


Тілге құрмет – елге құрмет
Қоғамда тілдің орны ерекше. Себебі тіл – қарым-қатынас құралы. Халықта тілге қатысты айтылған мақал-мәтелдер, нақыл сөздер сансыз көп. Солардың бірі Н.Ә.Назарбаевтің «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген сөзі еріксіз ойға келеді. Тіл адам баласына берілген бақыт кілті. Тілді көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу негізгі міндет.
Әр халықтың баға жетпес байлығы – ана тілі. Ана тілі - әр адамға ананың ақ сүтімен дарыған дара тілі. Ана тілін білу, құрметтеу әр адамның отбасынан алған тәрбиесіне тікелей байланысты. Себебі, атам қазақтың өткен заманда айтқан «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мәтелінде ұшаң-теңіз мән-мағына жатыр. Ата-ана баласына тілге деген сүйіспеншілік отын қалай жақса, жанған шырақ оты сөнбей, жалындай түспек.
Тілге деген сүйіспеншілік сезімін ұялататын орда – алтын ұя мектеп. Мектеп – білім ордасы. Білім нұрын шашатын жан өз пәніне асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мектептегі тіл жанашырларының педагогикалық шеберлігі әр тұлғаның өзіндік ерешелігіне қарай, ұштала түседі. Ұстаз өз шәкіртіне үміт артып, жан-жақты білім береді. Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, еліміздің көшбасшысы «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп атап айтқандай, мемлекетіміздің бетке ұстар қаймағы, болашақ иесі болуына маңдай тері аққанша қажымай еңбек етеді. Әрине, ондай еңбек жеміссіз болмақ емес. Оқушылардың қазақ тілінен түрлі олимпиадаларға, конференцияға, оқуларға және т.б. қатысуы соған дәлел. Ұстаз шәкірті биік асулардан көрінсе, мұғалім мен ата-аналардың ерең еңбегінің жемісі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады демекші, әр қазақстандық тіл тағдырын ойлап, болашаққа ой салса, біздің тіліміздің ұзақ жасауына еш күмән келтірмей, алаңсыз өмірсүруге болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі С.М.Арынова Тәрбие.орг сайтынан Тілге құрмет – елге құрмет Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: С.М.Арынова

Пікірлер: 0

avatar