Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарына түсініктеме

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 254
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23384


Тиімді тәжірибе
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарына түсініктеме
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарында оқyшығa нaқты бiлiм берyдi мaқcaт тұтып, дaмығaн oқyшылaрды қaлыптacтырып, олардың oйлay қaбiлетiн жетілдіре oтырып, жaңaшыл идеялaрғa көңiл көкжиегiн aша алатыныма толық көзім жетті.
Oқyшы тaқырыптың мәнiн өз бетiмен меңгере отырып, түciніп және бaғaлaй aлyы, өзiнiң oқyы үшiн жayaпты бoлyын қaмтaмacыз ететiндей, нaқты кезеңдерде тиiмдi oқытyды реттей аламын. Әр сабақтың оқыту және оқу мақсаттарын белгілеп, нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқыту мен оқу міндеттерін өзбеттерімен аша алады. Орта мерзімді жocпaрдa жұмыc кезеңдерiнiң дәйектi тiзбектелiп oрнaлacy нәтижесінде бaрлық oқyшы ciлтемелер мен реcyрcтaр қaмтылады.
Бұл oқyшығa Блyм тaкcoнoмияcының негiзгi идеялaрын бiлyiн, түciнyiн, қoлдaнyы мен зерттеп тaлдayын, жинaқтay және бaғaлayын келеci caбaқтaрындa жетiлдiрyге, түзетyге және теoриялық бiлiмiн дaмытyғa мүмкiндiк бередi.
Тізбектелген «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» және «Диологтік оқыту» негізінде қарастырылғандықтан, бірінші сабағымда өткен тақырыппен байланыстыра оқушының жеке ой-пікірінің құндылығы арттыру үшін зерттеушілік әңгіме, ассоциация әдісімен топтастыра отырып өзара оқыту, өзін-өзі бағалауға «БББ» әдістерін пайдалу тиімді. Келесі сыни тұрғыдан ойлауын «Ойлау баспалдағы», «Оңай және күрделі сұрақтар» ойындары пайдалы. Өйткені Джон Дьюи ойлау дағдысы тек оқушылар ғана емес қоғам үшінде тиімді деген[1,31бет]. Ортаңғы сабақта өз ойларын диалог арқылы дамыта отырып, сабақта белсенділігін арттыратындай мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар, мақал-мәтел, ойтолғау жазу арқылы жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясын, «екі жұлдыз, бір ұсыныс» тапсырмалар тізбегімен аяқтайды. Соңғы сабақта сыни ойлауын дамыту мақсатында топтық, жеке жұмыс, диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме, жауапты толықтыру, зерттеушілік әнгіме, топта пікір алмасу, тест тапсырмаларын қорғау, оқушылардың алған білімдерін тексеріп, жиынтық бағалаумен бағаланады. Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылықтары, таным қабілеттері, даму деңгейі артады, дәстүрлі оқытудағы үлгерімі төмен оқушы үлгерімі жақсы оқушылармен қатар әрекет етуге мүмкіндік алады.

Тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабақтың жоспарына түсініктеме
Тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабағымның тақырыбы-«Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер». Бастауыш сыныпта өткен тақырыпты еске түсіру үшін оқушыларды диалогқа түсуге «Серпілген сауал» әдісімен, тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамыту үшін интербелсенді тақта арқылы слайдпен “Сын есім туралы сен не ойлайсың?” “.......... жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” “........, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” деген сұрақтарға жауап аламын, тапсырманы ауызша орындайды. Берген тапсырма оқушылардың қаншалықты дайындықта екенін тексереді. зейіндерін шоғырдандырады. Жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын оқушылар ой қозғау арқылы ашады.
Қима сурттер арқылы жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттерін ұйымдастырамын да, Жигсо 2 әдісімен тақырыпты қалай мегергенін, оның мазмұнын топта, жұпта әңгімелеп береді. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санасады, топпен жұмыс жасайды. Көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып, топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылады. Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз тобында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйретеді. Кітаппен жұмыс яғни жаттығуларды орындайды, топ арқылы пікір алмасу негізінде математикалық жұмбақтардан сан есімдерді табады.
Өз беттерінше дайындық жасау арқылы кітаптан жұмыс, топ арқылы пікір алмасу негізінде «Кім жылдам» әдісі арқылы сабақты жинақтаймын.
Бағалауды басқару бірін-бірі бағалай отырып ,жауаптарын қабылдап, бағыт беру мақсатында оқушыларға стикер толтыруды ұсынамын себебі Блэк пен Уильямның бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс дағды екенін жүргізілген зерттеулерінен көруге болады[1,70бет].
Топтардан бағалау критерийлері арқылы бағалаған кестені алып, рефлексия жасаймын

Коучинг-сабақ жоспарына түсініктеме
Қатысушылармен психологиялық ахал тудыру мақсатында шаттық шеңбері арқылы бір-біріне өздерінің жақсы көретін мезгілдері мен жағымды кездерді айтып, мезгілдерге байланысты 4- топқа бөлінеді. «Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады»[1, 38-бет]. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін интербелсенді тақта арқылы бейне фильм көрсетемінде -Не түсіндіңіз?-Мұғалімнің іс-әрекеті қандай болды?-Мұғалім орнына өзіңізді қойып көріңіз?-Сіз не істер едіңіз? Олар өз идеяларымен бөлісті және ойларын дауыстап айтып, еркін сөйлеуге дағдыланды, ой түйіндеді. «Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек» [1, 82-бет] – деген пікір бойынша АКТ-ны коучингте қолдану қатысушылардың белсенділігін арттыра түсті..
Келесі кезекте мазайка құрастыру арқылы «Әңгімелесу дегеніміз не» тақырыбында топтарға бірдей мәтін беріледі. Әр топ мүшесі мәтінді өзара бөлісіп оқып шығады, топта бірлесе талдайды, ойларын ортақтасып жазады. Әр топ ерекшелікті ашу үшін түрлі ресурстарды қолданған. Бұл мәселені одан әрі зерделей отырып, бұны келешекте оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, болашақта орындап көрмекпін.
Аквариум әдісі арқылы алғашқы екі топтың айналасына топтасып, сұрақ-жауап арқылы сұқбаттасады, пікірлеседі.
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен стикерлерге өз пікірлерін, ұсыныстарын жазады(Не білдім? не үйрендім? не түсіндім?) Топтар өздеріне берілген ұсыныстарды қарап шығып, дайындаған жобаларын жетілдіріп, түзетулер енгізеді.
Коучингтің қорытынды бөлімінде қолданылған әдістердің тиімділігін немесе тиімсіздігін анықтау мақсатында кері байланысын аламын. Мұғалімдер алған әсерлерін тұжырымдап, кері байланыс парағына жазды. Түсініктемелер маған келесі жолы коучингте 7 модульдің қай түрін өткізу қажет екенін ұғындырды және тиімді кері байланыс маған жақсы мен осал жерлерімді, оларды өз оқуымды жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсіндіруге мүмкіндік береді [2, 54-бет].

Тәлімгерлік үдерісінің жоспарына түсініктеме
Тәлімгерлік жоспарына сәйкес, мен бұл үдерісті жүзеге асыру үшін, ең алдымен, тәлім алушының сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау мақсатында оның бейнежазбаға түсірілген сабағын, портфолиосын қарап шығуды жоспарлап отырмын.
Келесі кезекте мен тәлім алушымен бірге бір сабақты жоспарлап, оны талқылаймын. Тәлім алушының жоспарына бастапқы және кері байланыс беру арқылы жоспар туралы кәсіби әңгіме жүргізу оған әдістердің тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетуге мүмкіндік береді деп есептеймін [2, 54-бет]. Аталған әрекеттер арқылы сабаққа өзгеріс енгізу жоспарланады.
Жоспарланған сабақты бақылау үшін тәлім алушының сабағына қатысамын. Тәлім алушы жасалған жоспар негізінде зерттеу сабағын жүргізеді. Сабаққа қатысу арқылы мұғалімнің қолданған әдіс–тәсілі оқушыларға қаншалықты қолжетімді болғанын анықтаймын. Нәтижесінде қолданылған әдістердің тиімді және тиімсіз жақтары айқындалады.
Сабақты бақылаған соң қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың алға жылжуын қамтамасыз етуі туралы бақылаудан кейінгі кәсіби әңгіме жүргізуді жоспарлаудамын. Болған оқиға қаншалықты ұтымды болғаны, келесі сабақты қалай жақсартуға болатындығы туралы кері және бастапқы байланыс беремін [4, 16-бет]. Үшінші аптада тағы бір сабақтың жоспарын тәлім алушымен бірге талқылауды жоспарлап отырмын. Оқыту мен оқу процесін жақсартуда қандай әдістерді қолдануға болатынын түсіндіріп, мұғалімге ұсыныс беремін. Нәтижесінде оқыту процесін жақсартуға ықпал ететін әдіс енгізілген сабақ жоспарланады деп есептеймін. Жоспарланған сабақты бақылап, оған кері байланыс беремін.
Келесі кезекте тәлім алушыға оқушылардың оқу ынтасын жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер туралы ақпарат көздерін беремін. Осы аптада мұғалімнің сабақта қолданған әдістері туралы оқушы үнін тыңдаймын. Тәлім алушы оқушы үні арқылы өзіне кері байланыс алады.
Бесінші аптада мен тәлімгерлік процесін қорытындылауды жоспарлап отырмын. Тәлім алушының әрі қарай кәсіби біліктілігін арттыру жоспарын бірге талқылаймын. Себебі, тәлім алушы өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешімін өзінше табуға тырысады [1, 88-бет].

Мектептегі педагогикалық қоғамдастықтығының жұмыс жоспарына түсініктеме
Қоғамдастық жоспарын жүзеге асыру үшін мен, алдымен, ұйымдастыру іс-шараларын жүргіземін: мектеп әкімшілігінмен кәсіби әңгімелесемін, сауалнама және сұхбаттасу арқылы мектептің бастапқы жағдайын анықтаймын. Келесі кезекте мен жұмысшы тобының көмегімен кәсіби қоғамдастықтың жұмысын құруды көздеп отырмын, осы кездесуде кәсіби қоғамдастықтың атауын, мақсатын, міндетін, мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижені анықтап алуды жоспарлаудамын. Робинсонның айтуынша, мұғалімдер мен оқушыларды оқыту үшін мақсат қою және оны тұжырымдау көшбасшылық үдерісін жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады[2,44бет]. Қоғамдастықты басқаруды ұйымдастыру маңызды фактор болғандықтан[5,5бет], кәсіби қоғамдастықтың бірінші отырысында қоғамдастықтың басқарушы және зерттеуші топтарының мүшелерін анықтап алып, кәсіби қоғамдастықтың іс-шаралар жоспарын жасамақшымын.
Екінші және үшінші аптаның алғашқы күндерінде әріптестеріме коучингте қарастырылатын әдістер мен тәсілдер туралы толық ақпарат беру мақсатында тренинг өткізіледі. Аптаның екінші күнінде коучинг жүргізіледі. Себебі, Иганның тәжірибелі көмекші моделіне сәйкес, коучингте мұғалімдер проблеманы шешуге болатын әдіс-тәсілдерді анықтайды[1,90бет]. Коучингтен кейін мен зерттеуші топ мұғалімдеріне бірлескен іс-әрекеттік зерттеуді қалай жүргізуге болатыны, сабақтардан соң рефлексияны қалай жазу керектігі түсіндіру үшін семинар өткіземін. Зерттеушілер тобы коучингте анықталған тиімді әдіс–тәсілдерді өз сабақтарында қолданып, зерттеу жүргізеді[5,18бет]. Нәтижесін рефлексияларында көрсетеді.
Төртінші аптада өтетін басқарушы топтың екінші отырысында атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланып, бесінші аптада өткізілейін деп отырған қорытынды іс-шара жоспарланады. Сондай-ақ кәсіби қоғамдастық жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін жариялау және басқа әріптестерімен пікір бөлісу үшін кәсіби қоғамдастықтың аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін конференция ұйымдастыруды жоспарлап отырмын.
Конференциядан кейін мектептің бастапқы жағдайы мен атқарылған жұмыстардан кейінгі жағдайын салыстырып, мониторинг жасау үшін қорытынды сауалнама аламын. Соңғы алтыншы аптада өтетін басқарушы топтың үшінші отырысында атқарылған барлық іс-шаралардың ұтымды жақтары мен жіберілген кемшіліктердің себебін анықтап, жасалған мониторинг, негізінде кәсіби қоғамдастықтың болашақтағы даму жоспары талқыланады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 2016
2. Үлестірмелі материалдар-бірінші апта: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 2016
3. Үлестірмелі материалдар-екінші апта: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 2016
4. Үлестірмелі материалдар-үшінші апта: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 2016
5. Үлестірмелі материалдар-төртінші апта: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 2016 Тәрбие.орг сайтынан Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарына түсініктеме Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Устемирова Гулзират Оспановна

Пікірлер: 0

avatar