Өткеннен жеткен,өшпес өнегелі өсиет

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 429
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20737


Өткеннен жеткен,өшпес өнегелі өсиет.
Ұлы ағартушы,қазақ халқының талантты перзенттерінің бірі Ы.Алтынсарин 1841 жылы туып,небәрі 48 жасында дүние салған.Өмірден ерте озған қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,жазушы,этнограф,фольклоршы болған.Ы.Алтынсариннің дара тұлғалық білімдарлығы,өзіндік көзқарасы,пікірлері,ұсыныстары мен насихат жұмыстары қай мәселе төңірегінде болсын,бүгінгі заман талабына сай,талаптар,мақсаттар қоя білгенін бүгінде зерделеп қарайтын болсақ қазіргі уақыт талабымен үндесіп жатыр.Ол қоғам үшін маңызы зор мәселелерді қарастырып,ағартушылықпен қатар,қажырлы қайраткерлігімен бүгінгіге үлгі тұтар іс-әрекеттермен тарихымызда қалды.Ыбырай сол заманда халықтың тұрмысын,әл-ауқатын арттыру мәселесін көтеріп,күнделікті тұтынатын тауарларды көптеп өндіру қажеттігін ұсына отырып,ол үшін іске бейім,жергілікті кәсіпкерлерді даярлап шығаруды қолға алу үрдісін сол кезде-ақ кезек күттірмейтіндігін анықтаған болатын.Туған халқының қамын ойлаған,қоғам қайраткері,ана тілін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрлерін қастерлей жүріп,қазақ газетін шығаруға ұсыныс жасаған.Алайда жоғары орындардан қолдау таппаған.Газеттің макетін өз қолымен жасап,мазмұнын орыс-қазақ тілдерінде құрастырған.Газеттің бас мақаласында Ыбырай «... өнердің ең жаманы ағаш аяқ-табақ,күрек,балта,төрт аяқты арба болса,соларды өзіміз істей алмай,базардан сатып аламыз...»-деп жазады.Қазір де,тіс-шұқығыштар,құлақ қуысын тазалағыш таяқшалар,тіпті қаламсаптарды да қорап-қорабымен Қытайдан сатып алып керектенетінімізді ескерсек,қажырлы қайраткердің сол кездегі арманы әлі де орындалмай жатыр-ау деп іштей қынжыласың.Ыбырай «-Малымыздан алған есепсіз көп май,жүн,теріні тиынға беріп,олардан өзіміз ешбір нәрсе істей алмай,олардан жасалған заттарды орыстан ноғайдан қайтадан қымбатқа сатып аламыз,-осылардың бәрін де оқып,үйренсек,кез келген қазақ істейтін нәрселер,бірақ бәріде бізге қиын көрінеді»-дегені қазақтың ардақты ұлының жүрекжарды сөзінде қаншама шындық,қаншама мән-мағына жатыр десеңізші!Күні бүгінге дейін,малдың терісін,жүнін,темірді Қытай еліне болымсыз арзан тиынға өткізіп жіберіп жатырмыз.Кәсіпкерлікті әлі күнге дейін шығарына жеткізіп игере алмай жүргеніміз ащы да болса шындық.Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы,еңбек қоғамына 20қадам қатарлы бағыттарымен ұсыныстары,мемлекеттік өндіріс саласын дамыту,жеке және шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолға алып,межелі шараларды атқарып келеді.Алыстағыны болжайтын,алаштың ізгі перзенті Ы.Алтынсарин мектеп салу,кітапхана ашу істеріне қамқоршыларды ұйымдастыра білген.Ы.Алтынсариннен бастау алған,бұл шара бүгінде шетелден инвестиция алу,инвесторлар кіргізу,отандық үздік кәсіпкерлердің демеушілік шаралары ел игілігі үшін жұмыс істеп келеді.Ы.Алтынсариннің сөзімен айтсақ,адам баласының өміріндегі ең үлкен мәселе-қалай тұру керек,қайда тұру керек дегенді зерделей келе болашақта,осы мәселені солқылдақтыққа салмай оң жолға қою керектігін әу-баста-ақ нұсқап көрсетіп кеткенін байқаймыз.Ұлы ағартушы оқу-тәрбие ісінің нәтижелі болуы,мектептегі басты тұлға-мұғалімге байланысты дей келіп,оларға қатаң талаптар қоюмен қатар,олардың жағдайында ескеріп отырған.Ы.Алтынсарин,сонау қиын-қыстау кезеңнің өзінде мұғалім беделін көтеруге оларға артықшылық беруге,әлеуметтік тұрғыдан қорғауға ат салысқан.Өкінішке қарай қазірдің өзінде мұғалімдер әсіресе жас мамандар баспанасыз,жалақысы мардымсыз екендігін ескерсек,ұлағатты ұстаздың арманы әлі күнге шешімін таппай келеді.Халқының қамын жеп,оның мұңын мұңдаған,жоғын жоқтаған Ыбырай Алтынсарин тек ағарту саласында ғана емес,қоғамның өзге де өзекті мәселелеріне атсалысқанын ескерсек,өркениетті елдердің қатарына қосылудың алғы шарттарын айқындап кеткен асыл бабамыздың өміршең өсиеттерінің құндылығы қазіргі қоғаммен үндесіп жатқандығын үлгі-өнеге тұтқанымыз абзал.

Талдықорған қаласы
балалар туберкулезіне қарсы
санаториясының
тәрбиешісі:Семинарқызы Нұргүл. Тәрбие.орг сайтынан Өткеннен жеткен,өшпес өнегелі өсиет Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Семинарқызы Нұргүл

Пікірлер: 0

avatar