Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 465
  • Авторлық бағдарлама
  • 09/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19191


Қазіргі таңда білім берудің озық үлгілерін бағдарламаға ендіру, тиімділігін саралау барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі өзіміз оқып танысып, тәжірибеге ендіріп, талқылау жасап отырған бұл Бағдарламаның мақсаты: еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімі, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға қалыптастыру болып отыр.
Мұғалімдерге арналған үшінші негізгі деңгей бағдарламасы бойынша 3 айлық курстың екінші қашықтықтан оқыту кезеңі аяқталып, сындарлы оқыту теориясының бетпе-бет кезеңінің үшінші айының алғашқы күні аудиторияға келген кезімде жақсы көңіл күймен келдім. Себебі: топта бір-бірімізбен бауыр басып қалғанымыз сонша, сағыныса бір-бірімізбен қауыштық. Апайларда бізді жарқын көңіл күймен қарсы алып, үшінші айдың жақсы өтуіне тілек білдірді. Екінші бетпе-бет кезеңінен келгеннен кейін де тәжірибемізді қалай өткізгеніміз жайында ой бөліскен кезіміздің өзін де көптеген пайдалы кеңестер алдым. Әліде болса бағдарламаны толық керек екендігін байқадым. Нұсқаулықтың көп көмегі болады. Бұл сапалы да, саналы ұрпақ тәрбиелеуде оқыту мен оқудағы жетістіктерге жетелер жол деп білемін. Тренеріміз бізді жаңа шағын топтарға бөліп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кездескен қиындықтар жайлы және олардан шығу тәсілдеріміз жайлы ой бөлісуімізге түрткі болды. Әр топ қиыншылықтардан шығу жолдарын әріптестерімізбен талқыладық. Топтаса келе «мектептегі тәжірибе» соның ішінде «әріптестермен кездесу» тақырыбында постер қорғадық. Мектеп тәжірибесінде кандай қиыншылықтар болды?- деп өзіме сұрақ қойдым. Тәжірибеде барысында ашық сұрақтар қою маған қиын болды. Ол тәжірбие кезеңіндегі үшінші тапсырма болатын Екінші бетпе–бет кезеніңде тәжірбие барысында болған төрт сабақтың аясында сегіз тапсырманы орындау болды.Әріптестерімнің арқасында бірнеше топтық жұмыстар арқылы, бірнеше тапсырмалар талқылау арқылы түсіне бастадым. Л деген мұғалім сабақтың өн бойы осы әдісті қолдану арқылы нәтижеге жеткенін көрсетіп, түсіндіргендей айқын көрініп тұр. Мұғалім өзінің сабақта кездескен кедергілерін айтып, болашақта сол кедергілерден қалай шығу жолын баяндап өтті. Яғни, сұрақ қойғанда оқушыларымыздың қиналатындығы, ұзақ ойланатындығы айта отырып, «жабық» сұрақтардан көрі «ашық» сұрақтарды қойған дұрыс деді. Мен өзіме қажет деген тұстарын түртіп алдым.

Топтық жұмыста бірінші сабаққа жазылған рефлексивтік есептерді топ мүшелері жеке дара оқыды. Бірақ талқылауда А есімді әріптесімнің толық идея бар, басқа да әріптестерім өзінің рефлексивті есебін оқып, топ бойынша А есімді әріптесімізді есепті қорғауға шығардық. А есімді әріптесімнің рефлексивті есебі жеті модульді ықпалдастырып, оқушылардың дәлелдемелерін және бір сабаққа толық ой толғаныс жаза білген. Ал енді өзінің сабақта қолданылған тәсілдерін және оқушылардың дәлелдемелері мен мұғалімге арналған нұсқаулыққа сілтеме бере отырып, рефлексивтік есебін жаза білген. Мен топтық жұмысқа қандай үлес қостым?- деген сұрағыма өзімнің тәжірбиемнен алған бір сабаққа жазылған рефлексивтік есімді оқыдым және сол есепте Блум таксономиясына жасалған тапсырмаға сәйкес қорытындысын шығарғанмын және нәтижесін көрсете білгенмін. Топтан мен не алдым? Бір сабаққа жазылған рефлексивтік есептегі жеті модульді ықпалдастыруды түсінбегенімді білдім. Енді соны өзімнің рефлексивтік есебіме кірістіруме оқушылардың дәлелдемелерін көрсету арқылы керек екен деп ойладым. Әр сабақ барысында есептерге талдау жасай отырып, түзетулер жүргізідік.
Одан кейін тағы сегіз тапсырманы беру арқылы, топтарға тапсырмалар бөлініп берілді. І топқа әріптестермен кеңесу, ІІ топқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, ІІІ топқа сұрақ қою, ІҮ топқа түсіну дәрежесін бағалау. Біздің топқа түсіну дәрежесін бағалаудың мақсаты оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа материалдарды меңгергендігі, әр кезең бойынша түсіну дәрежесін бағалау. Кедергілер сұрақтар қою жүйесінің дұрыс құрастырылмауы, сабақтың әр кезеңіндегі мақсатына сәйкес шынайы бағалануы деген ойларға тоқталып, оны постер бетіне түсірдік. Топ бойынша әріптестермен кеңесуде ІІ топтың жұмысына математика пәнінің мұғалімі А есімді әріптесімнің баяндамашы болып, топтағы жұмысты қорғап, портфолиода болатын тапсырмаларға тоқталып өтті.
Талантты және дарынды балаларды оқыту модуліне сабақ барысында төрт топқа тапсырмалар беріп, І топқа бізге сол модулге рефлексивті есепті қорғауды, ІІ топқа таныстырылым берілсе, ІІІ, ІҮ топқа постер қорғау берілді. Біздің топтағы топ мүшелері өздерінің модулге қатысты барлығы рефлексивті есептерін оқыды, сөйтіп топтан А есімді әріптесімнің есебін топ бойынша ақылдасып, үздік деп танып ортаға шығардық. ІІ топтан А есімді әріптесімнің тақтада өзінің сабақ барысында қолданған Блум таксономиясы ойлау деңгейіндегі тасырмалар бойынша көптеген әріптестерімнің арасында инклюзивтік тәсіл арқылы оқушылардың талантты және дарынды оқушыларды қалай анықтаймыз деп топтар арасында біраз бір –біріне сұрақтар қою арқылы ой бөлісу және талқылау жүргізілді. Әр топтан бірнеше сұрақтар бергеннен кейін, тақтада қорғап тұрған әріптесім барлық оқушы белгілі бір талант иесі, біреуінде әртістік қабілеті болса, екіншісі суретке бейім, ал үшіншісі спортқа бейім деп жауап берді. Мен барлық оқушыны талант иесі дегім келеді деп өзінің ойын айтты. Аудиториядағы талқылаудан кейін оқытушымыз біз талантты және дарынды балаларды анықтамаймыз, оларды оқытамыз деп жауап берді. Барлық топтанда бірнеше әріптестерім өздерін қорғауы бойынша тақтада тақырыптарын қорғап, оларға тренерлер тарапынан ұсыныстар берілді. Топтың атынан қорғауға ортадан Ғ есімді әріптесімді шығардық. Себебі, оның тіл байлығы мен сөздік қоры өте жақсы дамыған. Ғ есімді әріптесім топтың сенімін өте жақсы деген дәрежеде қорғап шықты. Топ төраға ретінде С есімді апай топта бірлесе жұмыс жасауға ықпалы зор болды. Сыныптағы жылы атмосфераны, баланың сыни ойлауын дамытуда оның бойына сенім ұялатудың маңызы зор екенін Г есімді әріптесім атап өтті. Топта хатшылық қызметті Гесімді әріптесім атқарды. Г есімді әріптесім топта айтылған пікірлерді саралай отырып, плакат бетіне түсіріп отырды.
Сабақ барысында тренерлер тарапынан топқа бөле отырып, сыни ойлауға үйрету модулін талқылау ұсынылды, төрт топқа тапсырма берілді.
І топқа сыни ойлауға үйрету модуліне рефлексивті есепті талқылауды берді, ІІ топқа сыни ойлауға үйретуге таныстырылым көрсету, ІІІ топқа постер қорғау, ІҮ топқа постер қорғау берілді. Әр топтың ішінен сыни ойлауға берілген тапсырмалардың ішінен маған ұнағаны ІІІ топтың жұмысы С есімді әріптесімнің Блум гүліне салынған постері ерекше болды. Ол әріптесім мұғалімге арналған нұсқаулыққа сілтеме жасай отырып қорғауы маған көп нәрсені ұғындырды. Әріптестерімнің арқасында бір–бірімізге сұрақ қою арқылы көптеген мағұлматтар алдым.
Топ мүшесі ретінде мен оқушылардың сыни ойлауын дамыту кезінде өзімнің де сыни ойлауңа үйренгенімді, Блум таксономиясы бойынша сұрақтар қоюға дағдыланғанымды айтып кеттім. Не қиындық келтірді деген сұраққа мен жоғары мәртебелі сұрақтар қою қиындық келтірді дедім. Мұғалім ретінде біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш қайратымызға сенеміз.
Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам-әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам-өзгерістердің бағдарламасы жөнінде әріптестердің кеңесі [МАН, 88- бет].
Осы үш айлық курс кезінде үйренген Бағдарламадағы жеті модульді ықпалдастыра өткізілген сабақтарымдағы әдіс-тәсілдер мен қоса әріптестерімнен көрген ойға түйген тәжірибем арқылы алдағы уақытта өз тәжірибемді одан әрі дамыта отырып жандандыра жұмыс істеймін деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
2 .Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универиситетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»
«Оқу әдістемелік құрал- Астана «Назарбаев зиткерлік мектептері» ДББҰ Тәрбие.орг сайтынан Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурекеева Роза Ерденқызы

№ 207 "Жаңатұрмыс" орта мектебі Математика және информатика

Пікірлер: 0

avatar