Тренингтер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 471
  • Авторлық бағдарлама
  • 02/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22733


Атырау қаласы
№25 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі:Тулекова Алия
Тренингтер
Тренинг жүру барысы:
1. Сәлемдесу
2.Сұрақтар арқылы көріністер қою
3. «Жанұя бақыты» жаттығу.
4. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
5.Сіз білесіз бе? ойыны
6.Ертегі кейіпкерлерін сомдау
7.Қызыл қолғап,көк қолғап ойыны

Ортаға тұрып,есімдеріңізді атап,танысайық.1-ші адам есімін айтады,келесісі сол адамнан бастап қайталайды. Мыс:Тамерлан,Айғаным ,т.с.
2. Сұрақтар таңдайды.Сол сұрақтарға шағын көріністер қоясыздар.
3. «Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Біздің отбасымызда өткен қызықтар». Яғни, сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
Балаңыз екеуіңіз сурет саласыздар.»Біздің отбасымызда өткен қызықтар».Әр жұп сол туралы әңгімелейсіздер
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.

4. “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
5.Сіз білесіз бе? деген ойын ойнаймыз. Доппен ойналады.Сұрақтар қойылады.Сол сұраққа тез жауап беруіңіз керек.
1.Балаңыздың дүниеге келгендегі салмағы?
2.Алғашқы айтқан сөзі?
3.Қазір аяғының өлшемі?
4.Балаңыздың сүйікті асы?
5.Балаңыздың сүйікті ойыншығы?
6.Балаңыздың туған куні?
7.Балаңыз қазір нешеде?
6.Ертегіден үзінді.Ертегі кейіпкерлерін сомдаймыз.Білетін ертегілерді сомдайсыздар.
Бауырсақ ертегісі
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Жеті лақ ертегісі
7.Қызыл қолғап,көк қолғап ойыны.Аналары ортаға шығып,ұқсастық пен ерекшеліктеріңізді айтасыздар.
-Ата-аналар,сіздерге көп рахмет.Бүгінгі шарамызды мынадай әрекетпен аяқтасақ.Балаңыз бен бір-біріңізге қарсы тұрып,жылы сөздермен аяқтайық.
-Осы шарадан алған әсерлеріңіз туралы пікіріңіз? Тәрбие.орг сайтынан Тренингтер Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулекова Алия

Пікірлер: 0

avatar