Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Тригонометрия элементтері мен функциялары", 11 сынып
  • 16.11.2016
  • 364 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20065

Түсінік хат
Бүгінгі таңда базалық білімнің негзгі компоненті ретіндегі математиканың мәні тәжірибелік іс-әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа да оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті нақты математикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы математикалық білімнің маңыздылығымен анықталады және орта мектеп алдында оқушыларға білім берудің сапасын одан әрі арттыру мәселесі тұр. Осыған байланысты ең маңызды мәселе болып табылатын математика курсының кәсіби саралау – тақырыптарымен мағлұматтар көлемі, білім мазмұны жағынан өзгешеліктері бар бағдарламалар мен оқытуды жүзеге асыру мәселесі тұр. Сондықтан да оқушыларды есептер шығара білуге үйрету, оған сәйкес шеберлікті – білік пен тәжірибені ұштастыру, оны үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Бұл қолданбалы курс оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға, өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс жасауына ынталандыру мақсатында, қабілеттіліг мен икемділігін толық аша түсуге, математика танытқан сұранысы мен талаптарын қанағаттандыруға құрылған. Міне, осыған байланысты оқу бағдарламасында оқушыларға тригонометрия негіздерінен білім алу тәсілдерін үйрету сияқты математиканы оқытудың барынша нақты дидактикалық міндеттері жүзеге асырылады. 11-сыныптарға арналған «Тригонометрия элементтері мен функциялары» қолданбалы курсының бағдарламасын басшылыққа ала отырып математикадан алған білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Пәнді оқытудағы негізгі мақсат:
Тригонометрия негіздерімен таныстыру, теориялық заңдылықтар туралы түсінік беру. Арнайы оқытылатын пәннің теориялық базасын түсіну.Есептеу мәдениетін және есептеудің тәжірибелік дағдыларын дамыту. Оқушылардың функционалдық дайындықтарын, есептердің математикалық модельдеуін жүзеге асырудың құралы ретінде пайдалана отырып, тригонометриялық өрнектер мен теңдеулерді шешу аппаратын меңгерту, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, кәсіби бағдарға бейімдеу және шығармашылық іскерлігін шыңдау.
Пәнді оқытудағы негізгі міндеттері:
- тригонометриялық өрнектер мен теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдерін қарастыру;
- тригонометриялық функцияларды толықтай зерттеп білуге дағдыландыру;
- есептер шығару арқылы игерген білімдерін тереңдету;
- тереңірек білім беру;
- оқушылардың байқағыштық, зейін,ойлау, есте сақтау сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы құзырлығын арттыру;
- игерген білімдерін болашақта қолдана білу, жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
- тригонометрияда тәжірибелік есептерді шығаруда логикалық ойлау қабілетін дамыту;
- оқушылардың жалпы логикалық ойлау қабілетін арттыру;
- теориялық материалдарды пайдалана білуге дағдылану;
- оқушылардың есептер шығаруда шығармашылық ізденіспен ұмтылуы.
Қолданбалы курстың мазмұны мен құрылымы:
Сағат саны: 68, аптасына 2 сағат
Кіріспе. 1 сағат
8- сағат. Бірлік шеңбер. Бұрыштың бағыты. Бұрыш пен доғаның өлшемдері. Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері арасындағы тригонометриялық қатыстар. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Кейбір бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндері. Тригонометриялық функцияның ширектегі таңбалары.
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері. 13 сағат
Келтіру формулалары. Тригонометриялық функциялардың жұптығы, тақтылығы және периодтары. Тригонометриялық функциялар үшін қосу және қос бұрыштың формуласы. Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасының формуласы. Көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формуласы. Тригонометриялық функциялар және графиктері.
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер. 17 сағат
Кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Қарапайым теңдеулерді шешу. Тригонометриялық теңсіздіктер. Тригонометриялық теңдеулерді алгебралық тәсілдермен шешу. Тригонометриялық теңдеулер жүйесі. Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі.
Тригонометриялық функцияларды дифференциалдау және интегралдау. 11 сағат
Тригонометриялық функциялардың және күрделі функциялардың туындылары. Тригонометриялық функцияларды туынды көмегімен зерттеу. Берілген кесінділерде ең үлкен, ең кіші мәндерін табу. Тригонометриялық функциялардың алғашқы функциясын табу. Интегралды есептеу.
Геометрия есептерін тригонометрияны қолданып шешу. 17 сағат
Синустар теоремасы. Косинустар теоремасы. Тангенстер теоремасы. Үшбұрыштарды шешу. Тригонометрияға байланысты аудандарын табу. Тригонометрияны геометриялық есептерді щещуге қолдану.
Қорытындылау.
Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат
№ Тақырыбы Сағат
саны Өтілетін уақыты Өтілген
күні
1 Кіріспе 1
Бірлік шеңбер мен тригонометрия. 8 сағат
2,3 Бірлік шеңбер. Бұрыштың бағыты. Бұрыш пен доғаның өлшемдері 2
4 Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері арасындағы тригонометриялық қатыстар 1
5 Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер 1
6,7 Кейбір бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндері 2
8 Тригонометриялық функцияның ширектегі таңбалары 1
9 Тест тапсырмасы 1
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері. 14 сағат
10,11 Келтіру формулалары. 2
12,13 Тригонометриялық функциялардың жұптығы, тақтылығы және периодтары 2
14-16 Тригонометриялық функциялар үшін қосу және қос бұрыштың формуласы 3
17,18 Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасының формуласы 2
19,20 Көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формуласы 2
21,22 Тригонометриялық функциялар және графиктері 2
23 Сынама тест 1
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер. 17 сағат

24,25 Кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері 2
26 Қарапайым теңдеулерді шешу 1
27,28 Квадрат теңдеулерге келтіріліп шығарылатын теңдеулер 2
29,30 Күрделі теңдеулерді шешу 2
31,32 Тригонометриялық теңсіздіктер 2
33-35 Тригонометриялық теңдеулерді алгебралық тәсілдермен шешу 3
36,37 Тригонометриялық теңдеулер жүйесі 2
38,39 Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі 2
40 Сынама тест 1
Тригонометриялық функцияларды дифференциалдау және интегралдау. 11 сағат
41 Тригонометриялық функциялардың туындысы 1
42,43 Күрделі тригонометриялық функциялардың туындылары. 2
44,45 Тригонометриялық функцияларды туынды көмегімен зерттеу 2
46,47 Берілген кесінділерде ең үлкен, ең кіші мәндерін табу 2
48 Тригонометриялық функциялардың алғашқы функциясын табу 1
49,50 Интегралды есептеу 2
51 Сынама тест 1
Геометрия есептерін тригонометрияны қолданып шешу. 17 сағат
52.53 Синустар теоремасы 2
54.55 Косинустар теоремасы. 2
56 Тангенстер теоремасы 1
57-59 Үшбұрыштарды шешу 3
60-63 Тригонометрияға байланысты аудандарын табу 4
64-67 Тригонометрияны геометриялық есептерді щещуге қолдану 4
68 Сынама тест. Қорытындылау 1 Тәрбие.орг сайтынан "Тригонометрия элементтері мен функциялары", 11 сынып Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сураган Кулимаш

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебі математика мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 364 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar