Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Туған жер-алтын бесік»
  • 15.02.2017
  • 114 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21777

«Туған жер-алтын бесік»
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қазалы ауданының Басықара ауылы.Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Менің мектеп бітіргеніме биыл 20 жыл болады екен.Уақыт неткен зымырап өтуде.Мен бақыттымын. Себебі өзімнің туған жерімде отбасымды құрып жатқан жағдайым бар. Балаларым жанымда. Мен бүлдіршіндерге тәрбие беру саласы өзім болған балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасап жатырмын Биыл Басықара бабамыздың 240 жылдығын тойлағалы отырмыз. Оны ауыл әкімі қолға алып отыр. Ауыл кәсіпкерлері қолдау асауда .Көшелерге жарық орнатып, жол салынады. Ол тойға ауыл тұрғындарының еңбегінсіз өтпейтіні анық .Сондықтан осындай ауызбіршілігі мол шағын ауылымды мақтан тұтамын. Ауыл адамдарының дархан көңілін, үлкендердің алғысын алып өскендіктен шығар ауылдық жер өзңме ұатты ұнайды. Қарап отырсам батырлар да, даналар да, ақындар да ауылдан шыққан ғой. Сондықтан «Ауылым-алтын бесік» деген сөзбен келісемін.Әр адам өзінің туған жерінің, жақсы болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.

Курманалиева Жанар Тәрбие.орг сайтынан «Туған жер-алтын бесік» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанар Курманалиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: «Туған, бесік», Авторлық бағдарлама, жер-алтын
Көрсетілім: 114 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar