WEB-ДИЗАЙН қолданбалы курс бағдарламасы (10-11 сынып)

  • Жүктеулер: 36
  • Көрсетілім: 1013
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18675


Түсінік хат
Бұл қолданбалы курс 18.10.2012 ж. Павлодар облысының білім беру басқармасы ПК БАИ-ның әдискері Н.Н.Шпигальда рецензияланған.
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web–беттерді құру, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Берілген курс мазмұны 9-сынып оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныптарға 34 сағат. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсету және Web-беттерді құруға мүмкіндік береді.
10-11 сыныптарда информатиканы қолданбалы курсты оқытудың бағдарламасы орта білім беру жүйесі ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды. Тәрбие.орг сайтынан WEB-ДИЗАЙН қолданбалы курс бағдарламасы (10-11 сынып) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұргүл Мұратқызы Адылханова

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Приреченск орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar