Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қысқы орман ғажайыптары
  • 31.08.2016
  • 362 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19407

БҚО, Орал қаласы
№39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Кенжегалиева Венера Темировна

Тақырыбы: «Қысқы орман ғажайыптары».
Мақсаты :Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін қысқы орманға саяхат арқылы жеткізе білу. Аңдарға, құстарға деген қамқорлығын ояту. Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту, саусақ маторикасы дамыту.Балалардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, табиғатқа деген сүйіспешілігін ояту.
Көрнекіліктер: қоян, барыс , аю,қар, слайд , /бейне ролик./
Сөздік жұмыс: қар, қасқыр, қоян,түлкі, аю.
Билингвалды компанент: қыс-зима, қар-снег, қоян-заяц

Шаттық шеңбері:
Үлкенге де «сіз» дейміз
Кішіге де «сіз» дейміз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

-Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?
-Бүгін ауа-райы салқын ба, жылы ма?
-Балалар сендер серуенге шыққанды ұнатасыңдар ма?
-Серуенге шыққанда немен ойнаймыз?

-Балалар қыста қалай кейінеміз?
-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз орманға серуенге шығайық. Қане, олай болса жылдам киініп алайық.
Тоңса біздің қолымыз, қолғап киіп аламыз,
Тоңса біздің денеміз, тонды киіп аламыз.
Тоңса біздің аяғымыз, етік киіп аламыз
Топ-топ , топылдатып билейміз.
-Қане , олай болса орманға серуенге шығайық.
-Балалар , абайлап жүріңдер, құлап қалуларың мүмкін./қардың сықырлаған даусын қою/.
-Орманға да келдік.
-Орман іші қандай тамаша! Ауасы қандай керемет!Айналаның бәрі аппақ!Қардың сықырлаған дауысы шығады иә?!
-Балалар, мына шыршалардың түсі қандай, бойлары қалай өскен?
-Қараңдаршы шырша түбінде қоян отыр.
/Амандасады/
-Қоян: Балалар, мен қысқы тонымды кидім, ал ағаштарды, шыршаларды салқынан қорғауға көмектесесіңдер ме? Ағаштардың түбі, тамырлары қыста тоңбауы керек.
-Кәне, қарларымызды алып ағаштардың, шыршалардың түбін жабайық.
/Қоян рахметін айтады/.
-Балалар, қыста сендер мұрынмен демалуды білесіңдер ме?Ендіше, дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасайық.
/бір рет қолданылатын ыдыстың ішіне салынған пенопласттарды үрлейміз, 3-4рет/
-Не ұшып жатқан?
-Кәне, еді ормандағы қарды сипаттап берейік.
/қарды көрсетіп, лампа жағып./
Қарды ұстап көрейікші, қар түсі қандай?
-Қарды жеуге бола ма?.

-Қардың орысшасы -снег.
-Балалар орманда нелер мекендейді?/ слайд көрсету.
-Мына жерде аюдың апаны бар екен.Ол қыста ұйықтайды, абайлап жүріңдер, оянып кетер!
-Балалар, аңдардың қыста азық табуы қиын, сондықтан азықтарын тауып беруге көмектесейікші. /балалармен жұмыс жүргізіледі/
-Түлкі-балық, қасқыр-ет, қоян-сәбіз жейді.
-Ары қарай жүрейік, /барысты көреді/
-Барыс, сен не істеп тұрсың?
-Мен тоңып қалдым, үйіме жете алмай тұрмын!
-Қане, олай болса бізбен ойын ойна:
Қимылды ойын: «жылынайық».
Шарты: Аяз десем, секіреміз
Шуақ десем, тоқтаймыз.
Барыс: рахмет сендерге мен жылынып алдым, енді тезірек үйіме жетіп алайын! Сау болыңдар!
-Балалар, мынау ненің дауысы?
-Сендер білесіңдер ме, құстарға да қардың астында азық табу өте қиын.Оларға жем беруге көмектесемізбе?
/жем салғышқа жем салып көрсету,/
-алдымен жем салғышты желімдеп аламызда соған жемді жабыстырамыз.
-Енді біз оларды ағаштарға , шыршаларға іліп қоямыз, құстар осы жерден жемдерін шоқып жейтін болады.
-Жұмыстанып болсақ , қолымызды сүлгіге сүртеміз.
Топқа оралу.
Қорытынды:
-Біз қайда бардық?
-Нелерге көмектестік?
-Нелерге қамқор жасадық?
Серуен ұнады ма?

Күтілетін нәтиже: Біледі: қыс мезгілінң ерекшелігін,
Игереді: құстарға қамқорлық жасау,
Меңгереді:. Ормандағы аңдар туралы мағлұматтар алу.

Күтілетін нәтиже: Біледі: қыс мезгілінң ерекшелігін,
Игереді: құстарға қамқорлық жасау,
Меңгереді:. Ормандағы аңдар туралы мағлұматтар алу. Тәрбие.орг сайтынан Қысқы орман ғажайыптары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжегалиева Венера Темировна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 362 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar