«Қыс қызығы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 409
  • Авторлық бағдарлама
  • 04/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20334


Назымбекова Рымгүл Зайркенқызы
1.Орта арнаулы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, мамандық: «мектепке дейінгі тәрбие». 2.Жоғары, Еуразиялық Инновациялық университеті, мамандық: «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі».
Еңбек өтілі: 6 жыл, осы мекемеде 2 ай

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 07.12.16
Топ: Екінші кіші «А»
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау бойынша қысқаша әңгіме құрастыруды үйрету
Міндеттері: 1. Қыс туралы білімдерін кеңейтіп, аққаланы қалай жасау керектігін айтқызып, сөйлемді дұрыс құрай білуге үйрету.
2. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
3. Аққаланы жасау барысында бір- бірлеріне көмектесуге, әр адамның еңбектерін бағалауға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Аққала
Көп тілділік: Қыс- зима- winter
Көрнекі құралдар: аққала, қыстын суреті, фетрдан қиылған аққала, жыл мезгілдерінің суреттері, кішкентай аққалалар
Әрекеттің кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Талаптандыру, дәлелдеу Шаттық шеңбері:
Біз көңілді баламыз,
Серуенге барамыз.
Келіп қалды суық қыс,
Жылы киініп аламыз.
Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды.

Ұйымдастыру ізденіс

Рефлексия -Балалар қай жыл мезгілі?
-Қыста ауа- райы қандай болады?
-Тілдік жаттығу жасаймыз: піл, бақа
-Балалар көзімізді жұмайықшы (қыстың бораны мен адамдардың жүрген сықырын музыка арқылы естіту). Біз қысты күні далада келе жатырмыз, далада боран соғып тұр, ал біз қарды басып сықырлатып келе жатырмыз, далада аққаланы көріп аққаламен ойнағымыз келді, жабырқап қалдық.
- Енді көзімізді ашамыз, балалар жаңа сендердің жабырқағандарынды көріп мен сыйқыр жасап сендерге сыйлық әкелдім. Сыйқырлап не жасағанымды көргілерін келеді ме?
- Қарандаршы қорапта бізде аққала
-аққала бізде тоңып қалыпты (әр балаға жақындап ұстатамын)
- аққала сенен қай жыл мезгілі екенін сұрайды(бір баланың жанына барып сұраймын)
- аққалаға қыста ауа-райы қандай болатының айтайықшы (әр баладан сұрау)
- қыста не жауады? (келесі балаға жақындап сұрайды)
- аққала: өзімен қар алып келдім, қарды ұстап көрейікші. (барлық бала ұстайды)
- енді қарды үрлейік (ұлпа қарды үрлетеді)
- Балалар, аққаламызға арнап біз аққаланың қалай жасалатының көрсетейік, біз қалай жасалынатының білеміз ғой.
- Қолымызға қарды аламыз, оны біріктіреміз кішкентай шар қылып одан үлкен шеңбер жасаймыз, жерге домалатамыз, қоямыз жерге.
-Тағы қолымызға қарды алып біріктіріп кішкентай шар қылып одан үлкен шеңбер жасаймыз, жерге домалатамыз, жасаған аққаланың үстіне қоямыз.
- енді басын жасаймыз, қарды алып домалатамыз да оны үстіне қоямыз, енді басына не қоямыз? Дұрыс, шелегін, мұрнына сәбіз саламыз, мойынына мойын орағышын, қолына күрегін береміз.
Сергіту сәті: Далаға мен шығамын,
Қолғап киіп аламын.
Қарды күреп жинаймын,
Аққаланы жасаймын.
Дидактикалық ойын:
1.Жыл мезгілдерінің суреттерінің арасынан қыстың суреттерін алып іледі.
2.Аққаланы құрастырып, оларды сипаттау.

-Жарайсыңдар балалар, аққалаға бүгін сендердің жауаптарың ұнапты енді ол сендерге сыйлығын әкеліпті, рахмет саған аққала, балаларымыз бір қуанып қалды Қыс
Суық, боран соғады, аяз болады

Тілдік жаттығу жасау

Балалар көздерін жұмады, далада жүргендей елестетеді.

Көздерін ашады

иә
таңданады
аққаланы сипап көреді

қыс- зима- winter

әр бала суық, боран, аяз т.б

қар

қарды ұстап көреді

қарды үф-үф деп үрлейді

Аққаланы жасайды

Домалатып аққаланың астынғы бөлігін жасайды

Енді ортасын жасайды

Үшінші бөлігін жасап, оған шелек пен, мойын орағышын тағып, қолына күрек ұстатады

Сергіту сәтін қыймылдар арқылы жасайды

Дидактикалық тапсырмаларын орындайды

Қорытынды Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді.
Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтетін нәтиже :

Жаңғыртады: Қай жыл мезгілі екенін

Түсінеді: Қыс мезгілінде қар жауатының

Қолданады: Сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу. Тәрбие.орг сайтынан «Қыс қызығы» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Назымбекова Рымгүл Зайркенқызы

Пікірлер: 0

avatar