Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 499
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23007


Сабақтың аты

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

- Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі жайлы мағлұмат беру
- Белгілі бір бетке түсетін қысымның күнделікті өмірде формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
- Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

- Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі жайлы мағлұмат алады
- Белгілі бір бетке түсетін қысымды күнделікті өмірде, формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
- Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысымдеп атайды.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

 

ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді.

гПа=100 Па=102 Па,кПа=1000 Па=103 Па, МПа=100000 Па=106 Па

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді

  

ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ:Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.

 

 

 

Тапсырмалар

 

Топтық жұмыс: «Білім конверті», үй тапсырмасы бойынша әр топқа берілген сұрақтарға топ болып жауап береді.

Жеке жұмыс: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы», жаңа сабаққа байланысты берілген тірек сөздердің мағынасын ашу.

 

Топтық жұмыс: «Ынтымақтастық атмосферасы», әр топқа берілген деңгейлік тапсырмалар мен есептерді шығару.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І. Ұйымдастыру
1 Топқа бөлу (жыл мезгілдерінің суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді, не үшін жыл мезгілдеріне бөліну себебін түсіндіру)

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Білім конверті» деп аталатын конверттер ішінде жасырылған үй жұмысының сұрақтарына топта өзара талқылап, жауап беру.Топта көш-басшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларға бөлу.

 

№1 Суретке назар аударып, сұрақтарға жауап берейік.

1. Балаға неліктен жүкті қозғалту қиын?

2. Оған қандай күштерді жеңуге тура келеді?

3. Ол күш қайда әсер етеді?

4. Қайда бағытталған?

( Оқушылар сұраққа жауап беріп, суретке қарап күштерді жазып шығады).

№2. 1.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?

2Үйкеліс не себептен болады?

3Қандай үйкеліс түрлері болады?

4.Үйкелісті қалай азайтуға болады?
№3 1.Серпімділік күші дегеніміз не?
2. Деформация және оның түрлері.
3. 3 Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.

4. Тең әрекетті күш дегенді қалай түсінеміз?
ІІІ. Жаңа сабаққа көпірше. Тақтаға «мысықтың» суреті қойылған слайд көрсетіледі және оқушылар мысық деген жазуды керісінше оқу (жазу) арқылы «қысым» деген сөзбен танысады. Ендеше бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбы «Қысым» екендігін біледі.

 

ІV. Жеке жұмыс: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа сабақ бойынша оқушылар берілген тапсырмаларды толықтырып орындайды.

1. Бос орынды толтырыңдар:_________________________қысым деп атайды.


2. Қысымды латынның ___________әрпімен белгілейді.

  1. Қысымды есептеу формуласы.

№2.

1.Қай кезде сіз еденге көп қысым түсіресіз: қозғалмай тұрғанда ма, әлде жүргенде ме? Жауабы:________________________________________

2.Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?

 

Себебі________________________________________________________

№3 .1.Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:

1кПа =__________Па 1гПа =____________Па

1мПа =__________Па 1МПа =__________Па

2.Неліктен орындықта қатты да, киіз үйде көрпешеге отырған жұмсақ болып сезіледі? Жауабы:__________________________________

V. Топтық жұмыс: «Ынтымақтастық атмосферасы»

Әр топқа оқулықтан және дидактикалық материалдардан деңгейлік есептер беріліп, оқушылар өз топтарында бірге шығарып, дәптерлеріне жазады және әр топтан бір оқушы тақтаға жазып, өз тобының шығарған есебін басқа топтармен алмасады.

VІ. Сабақты бекіту.Оқушыларға «не үйрендім?», «не қиын болды?» деген үлестірме қағаздары таратылып, әр оқушы өз ойын жазады.

VIІ. Үй тапсырмасын беру.

VІII. Бағалау Топта көшбасшы (лидер) әр кезең бойынша топ мүшелерін бағалап (+,- таңбалары арқылы), содан соң мұғалім өз бағасын шығарады.

Тәрбие.орг сайтынан Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Молдашева Мадина Утеповна

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылы Ғ.Сланов атындағы орта мектебі

Пікірлер: 0

avatar