«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» Қыз балалар мен аналарға арналған семинар – практикум

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 827
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19569


Сыныбы 8-9-10 сынып оқушылары
Ұйымдастырушы І деңгейлі көшбасшы Гүлайна Махмудақызы
Тақырыбы «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
Қыз балалар мен аналарға арналған семинар – практикум
Мақсаты Қыз баланың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіру
Күтілетін нәтиже - Аналар қыз бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар алады
- Аналар қыз бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігін сезінеді
- Қыз балалардың рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады
- Қыз балалар өз болашағына бағдарланған кеңестер алады.
Ресурстар Жылтымалы тақта, www.youtube, www.google.kz түрлі түсті маркерлер, семинар бағдарламасы.

Жүру барысы
Ұйымдастыру 1. Аналарды, шақырылған қонақтарды қарсы алу, мәжіліс залына орналастыру.
«Жүргізуші монологы» 2. Кіріспе сөз
- Қазақ деген қызы түгел ер-азаматы ешкімнің ала жібін аттамай, ар мен намысты бәрінен биік қойған дені таза, дені берік ұлт едік!
- Бойынан ұяттың лебі есіп, иба мен ізетті қанмен тарап, бабадан мирас болған ұлы құндылықтай қастерлей білуші еді біздің ел!
- Ел мен жерді қорғайтын буырқанған бұла күш және соған сай адамгершілік пен мейірімділік қазақтың ұлы мен қызына тектен сіңген, табиғаттан дарыған асыл қасиет болатын.
- Ал қазір ше?
- Дені сау, діңі берік ұлт қайда?
- Ұлы құндылықтарды қастерлейтін асыл адамгершілік сезім қайда?
Қайырлы күн, қымбатты көрермен! Бүгін сіз бен біз болып, қазақтың «маңдайына жел, бетіне күн тигізбей» қадірлеген қаракөз қазақтың қыздары туралы ой қозғамақпыз.
Таныстыру
Басты кейіпкерлер: Аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы – Алтын Салауатова, Зейнеп Неталиева, Майра Отарова, Балауса Айтжанова, Гүлайна Орынбасарова, ардагер ұстаз –аналар Мафтуха Кашапқызы, аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің маманы – Телеубекова Айсұлу Себекқызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Беркалиева Сағираш Мұқатқызы, аудандық емхана бөлімінің терапевт маманы – Кабулова Нұргүл Измайлқызы, аудандық өзін-өзі тану пәнінің әдіскері Әлия Фазылқызы, мектеп медбикесі Темірова Айгүл Қуанғалиқызы, 8-9-10 сынып аналары мен қыз балалары.
Мониторинг Қыз балалардың ерте жастан ана атанғандар туралы статистикалық мәліметпен таныстыру. Экранға алдында аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің маманы – Төлеубаева Айсұлу Себекқызы.
Ой қозғау «Тәрбие тал бесіктен басталады» бейнефильм.
Бұл фильм сіздерге қандай ойлар әкеліп отыр?
«Интервью»
Шақырылған қонақтармен сұхбат
1. Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Осы келелі мәселе төңірегінде өз ойымен бөлісу үшін ортаға аудан әкімі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Беркалиева Сағираш Мұқатқызын шақырамын.
2. Отбасылық тәрбие негізінде қыз баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы өрісті ойларымен ортаға аудандық «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіскері Әлия Фазылқызын шақырамын.
3. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді деген ұлағатты ой-пікірімен ортаға ардагер ұстаз, абзал ана Мафтуха Кащапқызын шақырамын.
Аналармен сұхбат 1. Алтын Салауатова – мектепшілік аналар кеңесінің төрайымы.
2. Зейнеп Неталиева – мектепшілік аналар кеңесінің мүшесі.
«Диалог алаңы» 1. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Халқымыздың біртуар ардақты ұлы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламасын, бұл өмір заңы» - деген даналық сөзін өз ойларыңызбен жалғастырсаңыз...
(Осы диалог алаңына қатысушылар бір-бірлеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салфып, жауап алмасады.)
«Кеңес – бағдар» Аудандық емхана бөлімінің маманы Кабулова Нұргүл Измайлқызының семинар-практикумға қатысушыларға арналған кеңес-бағдарына кезек береміз.

Дағдарыс орталықтары: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шекеен әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі», байланыс телефоны:46-60-60; «Аналар үйі», байланыс телефоны: 880-008-077-71.
«Сен менің жүрегімнің бөлігісің» Семинар-практикумға қатысушы барлық аналар өз қыздарына деген тілектерін жазып, махаббатын көрсетеді. Тілектерін жүрекшеге жазып оны оқып береді. «Сен менің жүрегімнің бөлігісің» атты А3 қағазына жасалған үлкен жүрекке ілінеді.
ІІ бөлім
Қыз балалармен жұмыс
А) «Өмірің өз қолыңда»

Аналармен жұмыс
Ә) Әлеуметтену
А) «Өмірің өз қолыңда» бейне роликті тамашалап, семинар-практикумға қатысушы қыз балалардың пікірлерін талқылау.

Біз обал, сауап, ар, ұят секілді асылды жоғалтып алдық. Ел арасын неше түрлі сұмдық пен сұрқиялық жайлап барады. Жынды сумен жолдас болып, темекі түтінімен өз өмірін тұншықтырған, есірткіге еркін берген жігіттер мен қыздар, дін жолына түсемін деп балағын шорт кесіп, алақандай бетін қауғадай қыл-қыбырмен бастырған жігіттер, үсті-басын түгелімен қарамен тұмшалап алған қыздар, «Алдына келсе атасының құнын кешетін» кешегі буынның бүгінгі сәл қаныпезерлікпен жайылтып салып, «батырсынып» тұратын есерсоқ ұл-қыздар, ойнап жүріп от басып, айы-күні жетіп өмірге келген сәбиін өз қолымен өлтіретін немесе қатыгездікпен далаға лақтырып кететін, әжетханаға бейне бір керексіз нәрседей шімірікпей тастай салатындар қатары көбейіп барады.

Ә) «Обал, сауап, ар, ұят...» ақын Қуаныш Оюлының «Жан айқай» өлеңін тыңдау арқылы семинар-практикумға қатысушы аналар пікірін тыңдау, талқылау.
«Артық болмас білгенің» «Бэби-бокс» деген не? Тастанды балаларды мейлінше ажалдан арашалап қалу мақсатында Литва мемлекеті ана болуды қаламайтын әйелдердің өз балаларын қалдырып кетуіне арналған орын ашып қойыпты. Бұл орын «Өмір терезесі» деп аталады екен. Туа сала тастандыға бейкүнә бүлдіршіндерді қабылдауға арналған мұндай мекемелер Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде бар көрінеді. Франция, Германия, Швецария, Австрия, Польша, Жапония, АҚШ сынды мемлекеттердегі мұндай «Бэби-бокстар» еш дерегі көрсетілмеген сәбилерді тура есігінің алдынан қабылдап ала береді. Яғни, қағынан жерінгендерге кез келген сәтте баланы мекеменің шарбағында қалдырып, қоңырау басып кете беруге мүмкіндік жасап қойған. Бастысы сол, мұндай орындардың ашылуы - анасы жоқ, көшеде қалған балалардың шетінуін азайтуға едәуір ықпал етіп отыр екен.
«Афишалау»

Қоғамға белгілі әйел-аналардың «Тәрбиеге көңіл бөлейік!» атты

Үндеуін жариялау. Қоғамға белгілі әйел-аналардың «Тәрбиеге көңіл бөлейік!» атты үндеуі.
Қазақ қоғамына жат жағдайларды, өкінішке қарай көріп отырмыз. Мұндайда аналардың қоғамға ой салмай, қарап отыру мүмкін емес. Қазақ қызының жаңа жағдайдағы тәрбиесіне назар аударғымыз келеді. Қынын жағдайға түскен қыз баланы өз –өзіне қол жұмсауға немесе сәби өлтіруге итермелегеннен асқан күнә жоқ. Одан да қолдап, дұрыс жолға қайта салайық. Қия басты деп қыздарымызды құрдымға, бұза басты деп сәби балаларымызды жолға тастатпайық!

Дағдарыс орталықтары: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шекеен әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі», байланыс телефоны:46-60-60; «Аналар үйі», байланыс телефоны: 880-008-077-71.
«Тілек сандықшасы»
Ұят иманда жатыр, жүрегі де иманның нышаны жоқ жаннан ұят іздеу суы тартылып, қаңсып қалған құдыққа қауға салғанмен бірдей. «Тәрбие отбасынан басталады, бесікте жатқаннан бастап беріледі» дейміз. Ендеше ойланайық! Кеш болмай тұрғанда ойланайық, ағайын!
«Тілек сандықшасына» алдарыңыздағы парақшаға өз ұрпақтарыңызға арналған аманат тілектеріңізді жазып салуларыңыз сұралады.
Кері байланыс «Гүл – шашу» Қонақтарға гүл таратылады, гүл шоғына семинар-практикумның жағымды тұстары жазылады, жапыраққа ұсыныстар жазылады. Кері байланыс гүлдерін әдемі вазаға саламыз. Тәрбие.орг сайтынан «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» Қыз балалар мен аналарға арналған семинар – практикум Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құрманғалиева Гүлайна Махмудақызы

Пікірлер: 0

avatar