Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Қызықты грамматика "
  • 31.08.2016
  • 7409 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19414

ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән.
«Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық , жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да, сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы «Қызықты грамматика» курсы бағдарламалық талаптарға сай ұйымдастырылып,
1 сыныпта: аптасына 1 рет жүктемемен, жылына 33 сағат,
2 сыныпта : аптасына 1 рет жүктемемен , жылына 34 сағат,
3 сыныпта : аптасына 1 рет жүктемемен , жылына 34 сағат,
4 сыныпта : аптасына 1 рет жүктемемен, жылына 34 сағат
жүргізіледі .

«Қызықты грамматика» факультатив сабағының мақсаты:

Білімділік :
 Бағдарламалық талаптарға сай білім – білік дағдыларын қалыптастыру,
 Каллиграфиялық талаптарға сай сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру ;
 Қазақ тілі салалары бойынша білім – білік дағдыларын тереңдету ;
 Сөздік қорларын молайту .

Дамытушылық :
 Ақыл – ойды , логикалық ойлауды дамыту ,
 Зейінін , қабылдау, қиялдарын дамыту .

Тәрбиелік :
 Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу ;
 Ұлттық сана – сезімді қалыптастыру ;
 Отан сүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеу ;
 Адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіру .

Болуға тиіс біліктілігі:

Фонетика саласы бойынша :

 Дыбыс , әріп , дауысты , дауыссыз дыбыс түрлерін білуі, айыра алуы, толық дыбыстық талдау жасай алуы;
 Буын , буын түрлеріне ажырата алуы, схемалық сызбамен көрсетіп , талдай алуы;

Лексика саласы бойынша :

 Сөз , сөздердің мағынасын , синоним, омоним, антоним, ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын аша алуы, ұғымдарының болуы;

Морфология саласы бойынша :

 Сөз , сөздің құрамы, түбір , қосымша, қосымшаның түрлері, жалғау , жұрнақты айыра білуі;
 Берілген схемалық сызба бойынша сөздер жаза алуы;
 Морфологиялық талдау жасай алуы;

Синтаксис саласы бойынша :

 Сөйлем, сөйлем түрлеріне ажырату;
 Сөз, сөз тіркестері , сөз тіркестерінің байланысы, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсете алуы;
 Схемалық сызбасы бойынша сөйлем жаза алуы.
 Синтаксистік талдау жасай алуы.

Сауатты , көркем жаза білу :

 Естуі бойынша сауатты , көркем жаза білуі ;
 Грамматикалық тапсырмаларды орындай алуы;
 Шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы.

1 сынып бойынша «Қызықты грамматика» факультатив
сабағының күнтізбелік жоспары
Аптасына: 1 сағат,барлығы: 33 сағат.

№ Мазмұны Жұмыс түрлері Сағат саны Күні
Ж.б Нақты
1 Әріптер әлемі Алфавитті жаттау 1
2 Әріп элементтерін жазып үйрену Нені қайда қою керек?
Ойын/әріптерді қою/ 1
3 Әріптердің бірігуі. Көру диктанты 1
4 Буындық диктанты.Сөз құрау,дыбыстық талдау Не жасырдық? Буын-дарды жасыру ойыны 1
5 Сөйлеммен танысайық Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс 1
6 Екі буынды сөздерді жазу.Сөйлем жазу Тірек сызба,сюжетті суреттер 1
7 Үш буынды сөздерді жазу.Сөйлем жазу. Тірек сызба,сюжетті суреттер 1
8 Ң , Е, К әріптерін жазу Қиын әріптерді тұтас жазу үлгілері 1
9 Сөздік диктант Сөз,сөйлем жазу 1
10 І, Ә, Й, З, Ө, Я әріптерін жазу.Сөз жазу Әріптермен сөз,сөйлем жазу 1
11 Буынға бөлейік Тірек сызба,сюжетті суреттер 1
12 Х, Һ, В, Ф дыбыстар мен әріптер.Сөздер құрау. Әріптермен сөз, сөйлем жазу емлесі 1
13 Сызба бойынша сөйлем
жазу 1
14 Э, Щ, Ц, Ү, ь, ъ әріптерімен байланыстырып жазу Әріптермен сөз,
сөйлем жазу емлесі 1
15 Сөз және сөйлем құрайық Ойлау жылдамдығын арттыру жаттығу-лары 1
16 Сөздік диктант. Дыбыстық талдау «Ойнайық та,
ойлайық» ойыны 1
17 Сөйлемдерді толықтырып аяқтау «Жылдам ойлау» ойыны 1
18 Жоғалған сөздер Ойын «Кім шапшаң?» 1
19 Мақал-мәтелдер көшіріп жазу Көркем жазу 1
20 Заттардың жалпы және жеке атауы Сұрақтарға жауап
беру 1
21 Дауысты дыбыстарды жатқа жазу Балалардың жұмысын талдау 1
22 Дауыссыз дыбыстарды жатқа жазу Талдау,жүйелеу 1
23 Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу Сюжетті суреттер 1
24 Бас әріппен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазу Жер-су,қаланың суреттері 1
25 Сауатты жазып үйренейік Көшіріп жазу 1
26 Терме диктант 1
27 Сурет бойынша сөйлем құрастыру Сюжетті суреттер 1
28 Толықтыру диктанты «Келесі буынды тап» ойыны 1
29 Сөздік диктант Көркем жазу 1
30 Бір шумақ өлеңді жатқа жазу Есте сақтау диктанты 1
31 Әріпті ертегілер /сөздерге байланысты/ Оқушы әңгімесі 1
32 Шығармашылық диктант 1
33 Қайталау - білім анасы «Жылдам ойлан»ойын 1

2 сынып бойынша «Қызықты грамматика» факультатив
сабағының күнтізбелік жоспары
Аптасына: 1 сағат,барлығы: 34 сағат.

№ Тақырып мазмұны Жұмыс түрі Сағат саны Күні
ж/б Нақты
Тіл және сөйлеу
1 Сөйлеу, сөйлеу түрлері Суретпен жұмыс, хат жазу 1
Фонетика
2 Әліпби, дыбыс, әріп, Кестемен жұмыс , әліпби 1
3 Дауыссыз , дауысты дыбыстардың түрлері Кестемен жұмыс, дыбыстық талдау 1
4 Буын, буын түрлері, тасымал Кестемен жұмыс , талдау 1
5 Тапсырмалар орындау Тест 1
Мәтін
6 Мәтін , мәтін түрлері Мәтінмен жұмыс 1
7 Мәтін түрлерін жазып үйренейік Суретпен жұмыс 2
Синтаксис
8 Сөйлем, айтылу мақсаты-
на қарай сөйлем түрлері Кестемен жұмыс 1
9 Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді құрып жаза білейік Практикалық жұмыс 2
10 Диктант , қорытындылау Пысықтау , тест 1
Лексика
11 Сөз, сөздердің мағыналары Кестемен жұмыс 1
12 Синоним сөздер Практикалық жұмыстар 1
13 Омоним сөздер Практикалық жұмыстар 1
14 Антоним сөздер Практикалық жұмыстар 1
15 Тапсырмалар орындау Практикалық жұмыстар, тест 2
Сөзжасам
16 Сөз , түбір, қосымша Кестемен жұмыс 1
17 Қосымшаның түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2
18 Тапсырмалар орындау Сұрақ – жауап, тест 1
Морфология
19 Зат есім, түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2
20 Етістік , түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2
21 Сын есім , түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2
22 Сан есім , түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2
23 Тапсырамалар орындау Сұрақ – жауап, тест 2
Сөйлеу мәдениеті
24 Біз сөйлесе білеміз бе? Рольдік ойын 1
25 Жыл бойы игерген білім- білік дағдыларын қорытындылап зерттеу Сұрақ – жауап, тест 1

3 сынып бойынша «Қызықты грамматика» факультатив
сабағының күнтізбелік жоспары
Аптасына: 1 сағат, барлығы: 34 сағат.

№ Тақырып мазмұны Жұмыс түрі Сабақ саны Күні
ж/б нақты
Тіл және сөйлеу
1 Сөйлеу, ауызекі, жазбаша сөйлеу Суретпен жұмыс, хат жазу 1 7.09
Фонетика
2 Әліпби, дыбыс, әріп, Кестемен жұмыс 1 14.09
3 Дауыссыз , дауысты дыбыстардың түрлері Кестемен жұмыс, дыбыстық талдау 1 21.09
4 Тапсырмалар орындау Тест 1 28.09
Мәтін
5 Мәтін , мәтін түрлері Мәтінмен жұмыс 1 5.10
6 Сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндері Суретпен жұмыс , мәтін құрап жазу 1 12.10
Синтаксис
7 Сөйлем, айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері Кестемен жұмыс 1 19.10
8 Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді құрып жазу Практикалық жұмыс синтаксистік таладу 1 26.10
9 Жай сөйлем, жай сөйлемнің түрлері Суретпен, үлестірме қағаздармен жұмыс 2 2.11
15.11
10 Құрмалас сөйлем Жаттығу жұмыстары синтаксистік талдау 2 23.11
30.11
11 Сөйлем мүшелері , тұрлаулы мүшелер Практикалық жұмыс 2 7.12
14.12
12 Тұрлаусыз мүшелер Практикалық жұмыс 2 21.12
28.12
13 Синтаксистік талдау Пысықтау,талдау 1 11.01
Лексика
14 Сөз,сөздердің мағыналары Кестемен жұмыс 1 18.01
15 Синоним , омоним, антоним сөздер Практикалық жұмыстар 1 25.01
16 Тапсырмалар орындау Практикалық жұмыстар, тест 1 1.02
Сөзжасам
17 Сөз құрамы, түбір, қосымша , түрлері Сөз құрамына талдау 1 8.02
18 Түбірсөз, туынды сөз, түбірлес сөз Тапсырмалар орындау 1 15.02
Морфология
19 Зат есім, түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2 22.02
29.02
20 Етістік , түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2 7.03
14.03
21 Сын есім , түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2 4.04
11.04
22 Сан есім , түрлері Кестемен жұмыс, практикалық жұмыс 2 18.04
25.04
23 Тапсырмалар орындау Сұрақ – жауап, тест 2 2.05
2.05
9.05
Сөйлеу мәдениеті
24 Біз сөйлесе білеміз бе? Рольдік ойын 1 16.05
25 Жыл бойы игерген білім- білік дағдыла-рын қорытындылап зерттеу Сұрақ – жауап, тест 1 23.05

4 сынып бойынша «Қызықты грамматика» факультатив
сабағының күнтізбелік жоспары
Аптасына: 1 сағат,барлығы: 34 сағат.

№ Тақырып мазмұны Жұмыс түрі Сабақ саны Күні
ж/б Нақты
Тіл және сөйлеу
1 «Тіл–адамдар қатынасы-ның аса маңызды
құралы» Ойын сабақ 1
Фонетика
2 Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп, дыбыс түрлері Кестемен жұмыс, 1
3 Дауысты , дауыссыз дыбыстардың түрлері Кестемен жұмыс, дыбыстық талдау 1
4 Буын түрлері, буын,, дыбыс үндестігі, тасымал Тапсырмалар орындау 1
5 Фонетикадан өткенді пысықтау, талдау, тест Дыбыстық талдау, тест 1
Мәтін
6 Мәтін, мәтіннің түрлері Мәтінмен жұмыс 1
7 Мәтінмен жұмыс істеу Сурет бойынша мәтін құрап жазу 1
Синтаксис
8 Сөйлем, сөйлем түрлері Кестемен жұмыс 1
9 Жай, құрмалас сөйлемдер Жеке жұмыс 1
10 Сөйлем мүшелері, олардың түрлері Кестемен жұмыс 1
11 Синтаксистік талдау жасау Тапсырмалар орындау, талдау 1
12 Қаратпа сөздер.
Тест тапсырмалары Тест 1
Лексика
13 Сөз , сөздің мағынасы, синоним, омоним, антоним Кестемен жұмыс 1
14 Ауыспалы мағыналы сөздер, тұрақты сөз тіркестері Тапсырмалар, ойын 1
15 Тест тапсырмалары Тест 1
Сөзжасам
16 Түбір, қосымша, қосымшаның түрлері, жалғау, жұрнақ Кестемен жұмыс 1
17 Түбір, туынды, түбірлес сөздер Тапсырмалар орындау 1
18 Тәуелдік жалғау, жіктік жалғау Тапсырмалар орындау 1
19 Септік жалғау Кестемен жұмыс, тапсырмалар 1
20 Қысқарған сөздер , қос сөздер, біріккен сөздер Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
21 Тапсырмалармен жұмыс Тапсырмалар, талдау, тест 1
Морфология
22 Зат есім, зат есімнің түрлері, сөйлемдегі қызметі Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
23 Етістік, етістіктің түрлері, етістіктің сөйлемдегі қызметі Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
24 Сын есім , сын есімнің түрлері, қызметі Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
25 Сан есім, сан есімнің түрлері, қызметі Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
26 Есімдік, есімдіктің түрлері, қызметі Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
27 Үстеу, үстеудің түрлері, қызметі Кестемен жұмыс , тапсырмалар 1
28 Одағай сөздер 1
29 Қыстырма сөздер 1
30 Шылау сөздер 1
31 Морфологиялық талдау 1
Сөйлеу мәдениеті
32 Біз сөйлей білеміз бе? Рольдік ойын 1
33 Қорытынды сабақ, бастауыш саты бойын-ша игерген білім –білік дағдыларын зерттеу Сұрақ – жауап , тест 2

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты, 2012 жыл
2. Қазақстан Республикасының Білім Ғылым Министрлігі бекіткен бастауыш білім берудің бағдарламасы
3. Қазақ тілі оқулықтары 1,2,3,4, сыныптар
4. Мұғалімдерге арналған қазақ тілі пәніне әдістемелік құрал
5. Қазақ тілі пәні бойынша МАБ – ға арналған тест жинағы
Көкшетау «Келешек – 2030» 2009 ж
6. Қазақ тілі . Дидактикалық материалдар. 2-4 сынып
«Алматыкітап» 2009-2011
7. Қазақ тілінен диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 2-4 сынып
8. Қазақ тілінен өзіндік жұмыс 4 сынып
9. Жазу дәптері №1,2,3 2012 ж «Атамұра»
10. Ана тілінен жұмыс дәптері №1,2 2012 ж «Атамұра»

МАЗМҰНЫ
Түсінік хат ............................................................................................... 1- 2
1 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ............................... 2- 3
2 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ............................... 4 - 5
3 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ................................ 6 – 7
4 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ................................ 7 - 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................. 10



Қазақ тілі пәнінен бастауыш сыныптарға
арналған таңдау курсы бағдарламасы

Бағдарламаны құрастырған :Балтасап негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Иманкулова Айгуль Балтабайқызы .

2013 жыл Тәрбие.орг сайтынан "Қызықты грамматика " Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Иманкулова Айгуль Балтабаевна

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы "Балтасап негізгі мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Айгуль_Иманкулова
Көрсетілім: 7409 | Жүктеулер: 173
Барлық пікірлер: 0
avatar