Жүректен жүрекке !

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 738
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17916


Бекітемін:___________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Кемешов Е

С.Ешбаев атындағы орта мектебі

Жүректен жүрекке
(қайырымдылық концерт)

Өткізген: «Жауқазын»қыздар ұйымы
«Жасұлан» ұйымы

2015 – 2016 оқу жылы
«Жүректен жүрекке»
1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!
1-жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Әншілер өнерлерін көрсетуде, - дей келе алдарыңызға мектебіміздің әншісі Әсемғалиева Жұлдызайды қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен, тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай Тұрабай Жанарыстың орындауындағы әсем әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:Келесі кезекте мектебіміздің түлегі Айбазар Нұрталапты әнімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп
Иықтан шашып, төгілген жерге,
Күмісті шашбау,жарасып белге,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай алдарыңызда 11 класс оқушысы Әлмұханов Сапарды орындауында әні.
1-жүргізуші:Келесі кезекте мектебіміздің Физика пәнінің мұғалімі Сыдық Айнұр апайды «Елге сәлем» әнімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиял менен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін баршаңызға бағыштайды, дей отырып, мектеп түлегі Ерболатов Саматтың орындауында «Іздеме» әні. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Тарт күйінді домбыра,
Тау суындай сарқыра
Тыңдамаған қалмасын,
Құлшына тарт домбара- деп ортаға мектебімізде құрылған Домбырашылар ансамблін «Балбырауын» күйімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:Келесі кезекте мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кемешов Ермек ағайды «Сәйгүлік» әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз,- дей отырып, келесі кезекте Айбазар Нұрталап пен Ерболатов Саматтың орындауында ән.Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:Келесі кезекте ән: «Алға Қазақстан» Орындайтын: 11 класс оқушысы Қанат Нұрболат.
1-жүргізуші:Шаттанып бүгін біз ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Аңыз бен ертегідей бізге жеткен
Құрметпен әншімізді қарсы алайық.
Ән: «Бақытты әйел»,Орындайтын:Сыдық Айнұр, Әсемғалиева Жұлдызай
2-жүргізуші:Келесі кезекте мектебіміздің оқушылары Әлмұхан Сапар мен Тұрабай Жанарыстың орындауында ән. Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызға мектебіздің түлегі Айбазар Нұрталапты «Сүйгенім қайда » әнімен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:Келесі кезекте 10 класс оқушысы Әсемғалиева Жұлдызайды әсем әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
2-жүргізуші:Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Жүректен жүрекке ! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бисенбаева Айнұр Жұмабайқызы

С.Ешбаев атындағы орта мектебі ұйымдастырушы педагог

Пікірлер: 0

avatar