«Жүзден жүйрік» (Зияткерлік ойын)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 323
  • Авторлық бағдарлама
  • 26/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20699


«Жүзден жүйрік»
(Зияткерлік ойын)
Асқарова
Нағима Төртуылқызы
Арықты орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі,
Ақмола облысы,
Қорғалжын ауданы.

Білімділік мақсаты: лексика, фонетика, морфология, терминдер саласынан алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау.
Дамыту мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін, интелектуалдық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: елін-жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зияткерлік сайысы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: эмблемалар, сигнал карточкалары.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Ойынның ережесін түсіндіру. Әділ қазылар алқасын сайлау.
I кезең. «Бәйге». Тапсырма 5 түрлі жауабы бар тест түрінде беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 балл.
1. Қай қатар тіл білімнің белгілі бір саласына жатпайды?
а) орфография, орфоэпия в)омоним, антоним с)шылау, үстеу д) тұрақты тіркес, сөз тіркесі е) сөйлем, стилистика
2. «Полисемия» сөзі қай сөзбен синонимдес?
а) мағынасы ұқсас сөздер в) көп мағына с) мағынасы қарама-қарсы д) ауыспалы мағына е) тура мағына
3. Синонимдік қатарды тап:
а) әліпби, алфавит в) фонема, морфема с) дыбыс, әріп д) синоним, омоним е)синтаксис, морфлогия
4. «Лингвистика» сөзі қай терминмен сәйкес келеді:
а) дыбыс жүйесі в)қосарлы дыбыс с) сөйлем мүшесі д) тіл білімі е) сөз мағынасы
5. Қосымшаны тіл білімнің қай саласы зерттейді?
а) синтаксис в) морфология с) лексика д) фразеология е) лексикография
6. Қай жұптың сыңарлары бір-біріне сәйкес емес?
а) дыбыс-фонема в) дыбыс жүйесі- фонетика с) қосымша-аффикс д) әліпби-алфавит е) әріп-дифтонг
7. Буын үндестігіне бағынбай тұрған не? Пәлеқор
а) жұрнақ в) жалғау с) түбір сөз д) туынды сөз е) дара сөз
8. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді тап:
а) бастаңғы в)диуана с) жаңбыр д)қоңыз е) мақсат
9. Эвфемизмге жататын сөзді белгіле:
а/ найзағай в/ қасқыр с/ бақиға аттану д/ ұлыма е/ жын
10. Идиомалық тіркесті тап:
а/ өткір пышақ в/ жүзі өткір с/ өткір сөз
д/ өткір қайшы е/ өткір әйнек
11. Туынды сөзді тап:
а/ жазып отыр в/ биік-биік с/ жиналысқа қатысу
д/ қуыс мойын е/ сіздің ойыңыз
12. Кіріккен сөзді тап:
а/ әпер в/ биік-биік с/ кез келген д/сары уайым е/ шекара
13. Салт етістікті белгіле:
а/ шерт в/ асық с/ түт д/ бақ е/ бүрік
ІІ кезең «Жорға» І кезеңдегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ең көп ұпай алған ойыншы бастайды. Әр ойынға қатысушыға 7 сұрақтан беріледі. Бір сұраққа /7 секунд ішінде жауап беру қажет/.
1 қатысушыға:
1. –ым,-ім, -м, -қандай жалғау? /тәуелдік жалғаудың жекеше түрі, жақ/
2. Жалпылай және жекелей атауына қарай зат есімдер қандай түрлерге бөлінеді? /жалпы,жалқы/.
3. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? /6 топқа/.
4. Сабақты етістіктің салт етістіктен айырмашылығы? /табыс септік жалғауын қажет етеді/.
5. Бүгін, биыл үстеулері қалай жасалып тұр? /кірігу арқылы,бұл+күн,бұл+жыл/.
6. –ау,-мыс, -міс, -кейде- қандай шылаулар? /белгісіздік/.
7. Қандай сын есімдер күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады? /күшейтпелі шырай,асырмалы/.
2-қатысушыға
1. Қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үстеуі /дыбыс үндестігі/.
2. Қай заңдылық сөздердің жазылуын қарастырады? /орфография/.
3. Мағыналары қарама-қарсы сөздер /антонимднр/.
4. –мақ,-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек –қандай жұрнақтар? /есімше/.
5. Құрамды етістіктер дегеніміз не? /кұрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болады, м/ы: еңбек сіңір/.
6. Барлық бала бірдей білім алады. Есімдіктің қай түрі қолднылып тұр? /жалпылау/.
7. Білім стандартына сай жаңа буын оқулығында сын есімнің шырайлары неше түрге бөлінген? /2-ге, салыстырмалы,күшейтпелі/.
3 –қатысушыға
1.Отыр,тұр, жатыр, жүр-бұл қандай етістіктер? /қалып етістіктер/.
2. Жоқ, емес сөздері қандай сөздерге тіркеседі?/болымсыз етістіккке/.
3. Қимылдың болуы орыны мен бағытын білдіретін үстеудің қай түрі? /мекен үстеу/.
4. Не, немесе, я яки-шылаулардың қай түрі? /талғаулықты/.
5. Зат есімдер мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді? /деректі,дерексіз/.
6. –атын,-етін,-йтын, -итін,- ненің жұрнақтары? /есімшенің/.
7. Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі /көсемше/.
4-қатысушыға
1. –ды,-ді, -ты, -ті қосымшалары неше жағдайда қолданылады? /3 жағдайда, табыс септігінің жалғауы, жедел өткен шақтың жұрнағы, жіктік жалғаудың ІІІ жағы/
2. Туынды еліктеу сөздер қандай қосымшалар арқылы жасалады? /-аң, -ең, -ың, -ің, -ң. Мысалы: қисаң,елпең/,
3. Мағынасына қарай одағай сөздер қандай түрге бөлінеді? /көңіл-күй,шақыру,жекіру/.
4. Жақпен,шақпен байланысы болмай,қимылдың атауын ғана білдіретің етістіктің түрі? /тұйық етістік/.
5. Кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім- қандай есімдер? /күрделі/.
6. Қандай жағдайда сан есімдерге дефис қойылмайды? /рим цифрынан кейін,жыл, ай,болжамдық сан есімдерге тіркескен сөз-кейін/.
7. Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап,онын үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады /сын есімнің заттануы, субстантивтенуі/.
5-қатысушыға
1.Туралы,сияқты,үшін,сайын т.б шылаулардың қай түрі? /септеулік/.
2. Найзағай жарқ-жұрқ етті. Еліктеудің қай түрі? /бейнелеуіш/.
3.Үстеудің сөйлемдегі қызметі? /барлық сөйлем мүшесі болады/.
4. – ғы, -гі, -қы, -кі- қай райдың жұрнақтары? /қалау райдың/.
5. Етістіктің қандай түрлері бар? Өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз,/,
6. Басқа сөз таптарының жасалатын сын есімнің түрі?/ қатыстық/.
7. Білім, достық, боран – тұлғасына қарай қандай зат есімдер? /туынды/.
6-қатысушыға
1. –ғалы, -гелі, қалы, -*келі- қандай қосымшалар? /көсемше/.
2. Сонша,неғұрлым,әжептәуір-қандай үстеулер? /мөлшер/.
3. Шылаулар қандай түрлерге бөлінеді? /септеулік, демеулік, жалғаулық/.
4. Көру арқылы сипатталатын еліктеу сөздер? /бейнелеуіш/.
5. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар? /-ыншы, -інші, -ншы, -нші/.
6. Ақ киімді, қара торы, көп балалы - қандай сын есімдер? /күрделі/.
7. Көлеңкеде атам отыр. Қайсысы пысықтауыш? /көлеңкеде/.

ІІІ кезең «Дода».
Жоғары ұпай жинап, ақтық кезеңге шыққан 3 оқушы соңғы «Дода» айналымына қатысады. Алдыңғы кезеңдердегі ұпай саны есептелмейді. Ұпай саны ең аз болған оқушы қалаған тақырыпты таңдап алады. Жауап бере алмаған оқушының орнына басқа оқушы жауап бере алады.



Терминдер.
1. Қосымшаның терминдік атауы /аффикс/.
2. Сөздің көп мағыналығы /полисемия/.
3. Ертеректе күнделікті өмірде жиі қолданылғанмен қазіргі кезде басқа сөзбен алмастырылған сөздер /архаизмдер/.
4. Тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін саласы /лексикография/.
5. Бір ұғым ретінде қалыптасқан сөз тіркестері /идиома/.
Лексика.
1.Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынған, бұрмалап аталған сөздер.
2. Жергілікті тіл ерекшеліктері /диалект/
3. «Қорқу мәніндегі фразеологизм /Төбе шашы тік тұрды/.
4. Тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала /семасиология/.
5. Жеке сөздерді, морфемалардың шығу тегін,бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру,дамуы жайы /этимология/.
Фонетика.
1.Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды? /қысқарған сөз, өлшем бірліктері,бір дыбысты буын т.б/.
2. Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буыннын түрі? /ашық буын/.
3. Принциптің қандай түрлері бар? /дәстүрлі, морфологиялық, фонетикалық/.
4. Буын үндестігі сақталмайтын жағдайлар: /қос сөздерде, біріккен сөздерде/.
5.Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосымша қалай жалғанады? /қосарлы дыбыстар жазылады/.
Морфология.
1. Жалғау көп пе, әлде жұрнақ көп пе? /жалғау/.
2. Салт пен сабақты етістіктің айырмашылығы?/ сабақты етістік табыс септігін қажет етеді.
3. Сан есімдерден кейін сызықша қойыла ма, әлде дефис пе? /дефис/.
4. Көмекші есімдерге жататын сөздер? /сырт,іш,маң,алды,/
5. Еш, кей, әлде, әр, қайсы есімдіктері қай уақытта бөлек жазылады? /зат есім және сын есіммен тіркесіп келгенде/. Тәрбие.орг сайтынан «Жүзден жүйрік» (Зияткерлік ойын) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асқарова Нағима Төртуылқызы

Пікірлер: 0

avatar