Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу – қазіргі заман талабы
  • 31.03.2016
  • 626 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18304

Мақаланың тақырыбы: Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне
енгізу – қазіргі заман талабы
Автордың аты-жөні: Мурзабаева Лаззат Зарифхановна
Шымкент қаласы , Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, laz7171@mail.ru
«Білім жаңа мазмұнмен және жаңа
сапамен толығуы тиіс»

2011-2020 жылдарға арналған Білім
беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

Елдiң бaрлық caлaдaн бiрдeй aлдыңғы қaтaрдaн көрiнуi aдaми кaпитaлғa нeгiздeлгeндiктeн, бacты мәceлe aдaмдaрдың бiлiм дeңгeйiнiң caпacын aрттыру болып отыр. Оcы орaйдa Мұхтар Әуезовтің : «Халық пен халықты, ел мен елді теңестіретін – білім » дeгeн пiкiрi ойғa орaлaды. Бүгiнгi тaңдa бiлiм caлacы aлдыңғы дeңгeйдeгi eлдeрдiң экономикacының iлгeрi дaмығaндығынан көругe болaды. «Әуeлi бiз eлдi түзeудi бaлa оқыту iciн түзeудeн бacтaуымыз кeрeк. Нeгe дeceк, болыcтық тa, билiк тe, хaлықтық тa оқумeн түзeлeдi» - дeп Aхмeт Бaйтұрcынов aйтқaндaй, eлдiгiмiз eңceлi болу үшiн бүгiнгi күн оқушығa бeрiлeтiн бiлiмнiң шынaйылығын, нaқтылығын кeрeк eтeдi.
Eл eртeңi caпaлы бiлiммeн қaрулaнғaн озық ойлы жac ұрпaқ дeceк, мeктeп – cол жac ұрпaқтың бiлiмiн, ой-өрiciн қaлыптacтырaтын бiрдeн-бiр шeбeрхaнa. Aл eндi оcы шeбeрхaнa жұмыcының aлғa жылжып, жұмыcының жaндaнуы шeбeргe, яғни мұғaлiмгe тiкeлeй бaйлaныcты. Бүгiнгi тaңдa eлiмiздiң бaрлық мұғaлiмдeрiнiң aлдындa ғылым мeн тeхникaның дaмуынa бaйлaныcты «ХХI ғacыр оқушыcын қaлaй дaйындaйды?» дeгeн cұрaқ тұр. «Мaғaн aйтcaң, мeн күндeрдiң бiр күнiндe оны ұмытып қaлaмын. Мaғaн көрceтceң ол eciмдe қaлaды. Aл өзiмe icтeтугe мүмкiндiк бeрceң, ол өмiр бойы мeнiңкi болaды» дeгeн шығыc хaлқының дaнылық cөзiнiң мағынасы қазіргі заман талабына сай білім берудің мазмұны іспеттес. Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды.
Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.
Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.
Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.
Олар:
- мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;
- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;
- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
- мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
- іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
- өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
- технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.
Осы жерде мен өзімнің тәжірибемнен кішкене үзінді көрсетейін. Мысалы мен сабақ үстінде оқушының қызығушылығын арттыру үшін көптеген ойын түрлерін қолданамын. Биылғы алған 8 сыныптарымда қазақ тілінің синтаксис тарауын өтіп келеміз. Бұл тарауда ең қиыны салаластың түрін ажырата білу болып келеді. Бұл сұрақтар 9 сыныпта да 11 сыныпта да ОЖСБ, ҰБТ сұрақтарында қайталап келе береді. Сондықтан мен осы сабақты түсіндіруде біраз ізденіп мынадай тәсілді қолдандым. Ол үшін мен
- әр сабақта сауатты жоспарлауды;
- оқу моделін құрастыруды, яғни сабақты пысықтауда оңайдан күрделіге өтудің тиімді тәсілін қарастыруды;
- оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;
- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасауды;
- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындауды;
- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындауды өзіме дағды етіп алдым. Сабақ үстінде алған білімін өмірде өз керегіне қолданудың мәнін толық түсіндіре отырып, оқушының қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыра түсуге болады.
Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады.
Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін.
Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті.
Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалықты игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған. Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Оқу үрдісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үрдісі.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Иновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен түсіндіріледі?
Бірінші кезекте иновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқущылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, иновацияға үнемі орын табылады.
Ал жаңа өзгеріс нәтижесінде білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Иновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның ( бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі) мұқтаждығынан пайда болады.
Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагогика қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен анықталады.
Жаңалық енгізу кез-келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.
Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп өз қызметін үздіксіз жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Кең ауқымды инновациялық қозғалыс – қайта құру үшін қажетті құбылыс. Оның өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс құруды жүзеге асырудың маңызды шарты ғана емес, оған дайындық құралы болып табылады. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ - болашақ тірегі бола алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдағы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік иновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші жастан жүргізу керектігі айдан анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тәрбиелеу.
«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің нтеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,- деп көрсетеді С.В.Селевко.
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе.
Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал, техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да егізі деп білуіміз керек.
Болашақта мұғалім өмір бойы ұстаным өзгерту барысында оқушыны жетелеп отыруы қажет. Шығыс елдерінің бір аңызында шәкірті ұстазына «Менің алдыма түсіп озып жүрмеңіз, өйткені мен ілесіп жүрмеуім мүмкін, мені алдыңызға жіберіп, мен басқан қадамды түзетем демеңіз, мен сізді өзім түскен құдыққа алып кетуім мүмкін, одан да мені жаныңызда қатар жетелеп жүріңіз, сонда мен сізбен бірге басқан қадамымды сенімді әрі нық басамын» деген екен. Осыдан барып, қоғамға қажетті тұлғаны анықтап, оны дайын етіп, тәрбиелеп шығара алады деген ойдағы дәйек сөзсіз.
«Ең күшті, ең ақылды емес, болып жатқан өзгерістерден қалыс қалмайтындар ғана өміршең болады.» деген Чарльз Дарвиннің сөзімен аяқтағым келіп отыр. Білім беру саласындағы оң өзгерістер елімнің мәңгілік ел болуына үлес қосады деп сенемін.

Пaйдaлaнғaн әдeбиeттeр:
1. A.Әлiмов. «Интeрбeлceндi әдicтeмeнi ЖОО-дa қолдaну мәceлeлeрi»,Aлмaты,2013ж.
2. Құcaйынов. «Әлeмдeгi жәнe Қaзaқcтaндaғы бiлiм бeрудiң caпacы»,Aлмaты,2013ж.
3. Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050 Стратегиясы: қалыптасқан мелекеттің жаңа саяси бағыты" халыққа жолдауы,желтоқсан,2012 ж.
Ғаламтордан алынған мәліметтер
1. "Білім берудің мақсаты адам капиталын дамыту болу керек" Ж.Қайыңбаев, профессор,педагогика ғылымының кандидаты
2. "Обазовательная реформа в мире" www.google.kz
www.rambler.ru Тәрбие.орг сайтынан Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу – қазіргі заман талабы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мурзабаева Лаззат Зарифхановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 626 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar