Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жаңа жылдағы ғажайыптар
  • 18.11.2016
  • 252 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20084

№122 мектепке дейінгі гимназиясы
Ән-күй маманы: Махметова Г.К
Желтоқсан, 2012
Тақырыбы: Жаңа жылдағы ғажайыптар
Тобы: Дайындық
Мақсаты: Қысқы табиғаттың әсемдігіне әсерлену, қызығушылығын дамыту. Мерекелік көңіл-күймен әуенге ілесе қыс көріністерін, кейіпкерлерін бейнелей білуге тәрбиелеу. Әуенге ілесе әнді мәнерлі орындап, ырғақ қимылдарын жетілдіру
Қатысушы кейіпкерлер:
Жұлдызшы (рөлінде- дайындық тобынан Исагулов Әли)
Ханзада (рөлінде- дайындық тобынан Төлегенов Нұрбек)
Жарғанат (рөлінде- дайындық тобынан Манибаев Арсен)
Көңілді ойыншық (рөлінде- дайындық тобынан Альжанова Аделья)
Тиін (рөлінде- дайындық тобынан Қазыбекова Аружан)
Аяз ата мен Ақшақар ( тәрбиешілер)
Балалар «Жаңа жыл» музыка әуенімен ән-күй залына кіреді.

1-бала:
Шырша құрып алаңға,
Жылға шашу шашайық.
Тойлап көңіл ашайық,
Ән мен биді бастайық.

2-бала:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз!

3-бала:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Көңілденді жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз!

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар! Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға зор денсаулық, береке, бақыт тілейміз.
1-бала:
Әсем әнге, күміс күйге,
Толтырады ортаны,
Жарқыраған нұр ішінде,
Айналайық шыршаны.
Шыршаны айналып ән айту
Ән: «Кішкентай шырша»
Музыка әуенімен Тиін кіреді (қолында жаңғақтары бар)
Тиін: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Шыршаларың қандай әдемі! Ойыншықтарың да әдемі екен! Мен де сендердің шыршаларыңа ойыншықтар әкелдім. Ой, балалар, бірақ мен бұл ойыншықтарды қалай ілу керектігін ұмытып қалдым. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Ойын: «Кызықты ойыншықтар»
Ойын шарты: Қызыл түсті көрсеткенде – шапалақтау, сары түсті көрсеткенде – айналу, жасыл түсті көрсеткенде – қар жаудыру. Дұрыс, әдемі жасаған балаларға Тиін жаңғақтарын береді.
Ойыншық іліп жатқанда шырша артынан Хлопушка (Көңілді ойыншық) шығады.
Көңілді ойыншық: Хи-хи-хи! Мен мұндамын,
Ха-ха-ха! Мен мұндамын.
Мен сендердің шыршаларыңа ілінгім келмейді.
Жүргізуші: Көңілді ойыншық, сен әзірге шыршаға ілінгің келмесе, балалардың өнерлерін тамашала!
Тақпақтар:
1-бала:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
2-бала:
Жасыл шырша жайнаған,
Жарқыраған күнменен.
Қандай ғажап айнала,
Құлпырғандай гүлменен.
Көңілді ойыншық: Балалар, мен де сендер сияқты өнерлімін. Сендердің мерекелеріңде өз достарыммен би билейінші.
Би: «Көңілді ойыншықтар»
Тиін: Ой, көңілді ойыншықтар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, мүмкін шыршаға ілінетін уақытың болған шығар.
Көңілді ойыншық: Иа, иа, келді, келді.
Шырша астынан жұлдыз тауып алады.
Тиін: Мына жұлдыз қайдан келген? Қайдан түскен? Жұлдыздар қайда болады? Онда бұл жұлдыз аспаннан түскен бе? Жүр, Көңілді ойыншық, жұлдызды иесіне апарып берейік (шығып кетеді)
Музыка әуенімен айналып Жұлдызшы кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Жұлдызшы. Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
Жұлдызшы: Мен қайда келдім? Балалар неге мұнда жиналып отырсыңдар
Тақпақтар:
1-бала:
Жауды, жауды ақша қар,
Жердің беті жаңарды.
Жаңа жылда айнала,
Ақ мақтадай ағарды.
2-бала:
Қуант бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық
Жұлдызшы: А-а. Менің есіме енді түсті. Жаңа жыл мерекесі екен ғой. Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Жұлдызшы сіз қолыңызға не ұстап алғансыз? Бұл не үшін керек?
Жұлдызшы: Бұл құрал Телескоп деп аталады. Бұл құралмен жұлдыздарды бақылаймын. Ой, мына жерде бір жұлдыз жоқ. Ол қайда кетті екен, ә? Балалар, сендер сол жұлдызды көрген жоқсыңдар ма?
Музыка әуенімен басқа планеталықтар кіреді. Тарелкадан Ханзада мен Ханшайым түседі.
Ханзада: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жұлдызшы: Қош келдіңіздер, қонақтар! Сендер басқа әлемнен келе жатқанда жұлдызымды көрмедіңдер ме?
Ханшайым: Жоқ көрмедік!
Жүргізуші: Сіз мұңаймаңыз, біздің мерекенің қадірлі қонағы болыңыз. Басқа әлемнен келген қонақтардың өнерлерін тамашалайық.
Би: «Роботтар»
Ән: «Жаңа жыл келді»
Музыка әуенімен Жарғанат кіреді.
Жарғанат: Неге мұнда жап-жарық? Бұл жерде менің әмірімді естімеген бе? Бүкіл жерде қараңғы болуы керек.
Ханзада: Жоқ бұл жерде мереке болып жатыр. Жарық болу керек.
Жарғанақ: Жоқ, түн болу керек.
Ханзада: Жоқ, жоқ, күн болады (екеуі қылыштасады)
Ханшайым: Қойыңдар, достар, бұл жаңа жыл мерекесі ғой. Одан да бір-бірімізбен достасып, мерекені бірге тамашалайық.
Жарғанат: Жоқ, мен балалармен дос болмаймын. Менің достарым ормандағы аңдар ғана.
Аңдар: Жарғанат, досым, біз мұндамыз. Келіңдер бәріміз дос болайық.
Би: «Көңілді аңдар»
Жүргізуші: Балалар мерекеге барлығымыз жиналыппыз. Бірақ Аяз ата мен Ақшақарымыз неге кешігіп жатыр екен? Кәне, достар, балалар, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар!
Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:
Армысыздар, ұлдарым,
Армысыздар, қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем әндерің.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда барлық балалардың арманы орындалсын! Келе жатқан жаңа жыл мол табыс әкелсін!
Жүргізуші: Аяз ата, осы келе жатқан жыл басы не болады екен?
Аяз ата:
Бізге жолды көрсеткен, аппақ қардай ақ қоян,
Еш жамандық ойламайтын, пәк қоян.
Жыл басын соған береміз,
Мерейлі, мол табысты
Жыл болатынына сенеміз!
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, төрлетіңіздер. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Ән: «Аяз ата»
Ойын: «Қатып қал»
Аяз ата: Шыршаларың неге көңілсіз? Шамдары неге жанбаған? Кәне, менімен бірге сиқырлы сөздерді айтайық:
Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар: Әсем шыршада жарқырап тұратын жұлдыздарымыздың өнерін тамашалайық.
Би: «Жұлдыздар»
Ақшақар: Мен Көңілді ойыншық пен Тиіннің берген жұлдызын ұмытып кетіппін ғой.
Жұлдызшы: Ой, бұл менің жұлдызым. Рахмет саған. Ханзада мен Ханшайым, ертегілер әлеміне осы жұлдызды ала барыңыздар.
Ханзада мен Ханшайым: Ертегі елінен бізбен бірге келген достарыммен ағылшынша ән айтып, би билеп береміз. Тамашалаңыздар!
Ертегі ән ағылшынша
Ханзада: Бізді өте көңілді қарсы алғандарыңызға рахмет! Өз елімізге қайтатын уақыт болып қалды. Сау болыңыздар!
Аяз ата: Ертегілер елінен келген қонақтардың өнерлері қандай тамаша! Сүйсініп отырмын!
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар да өте өнерлі, балалардың өлең-тақпақтарын тамашалаңыз!
Ақшақар: Аяз ата, қоңыраудың үні естіледі. Басқа балабақшаларда бізді асыға күтіп отыр ғой. Жолға шығайық!
Аяз ата: Балғын балаларым, өнерлеріңе ризамын! Сендерге әзірлеген сыйлықтарың топтарыңда тұр. Қош сау болыңдар!
Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді.
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекені топта жалғастырамыз. Жаңа жыл баршаңызға тек жақсылық әкелсін! Тәрбие.орг сайтынан Жаңа жылдағы ғажайыптар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махметова Г.К

№122 мектепке дейінгі гимназиясы. Ән-күй маманы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: ғажайыптар, жылдағы, жаңа, Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 252 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar