«Жаңа жылым, құт болып енші еліме» жаңа жылға арналған сценарий

  • Жүктеулер: 17
  • Көрсетілім: 368
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23647


Материал тегін жариялап, сертификат алу

«Жаңа жылым, құт болып енші еліме»

Жанелия
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!
«Жаңа жылым, құт болып енші еліме» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.

Нұриман
Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз
Бейбітшілік ұранымен жеңіспен
Жаңа жылда тағыда алға басамыз
Алдарыңызда өнер көрсетуші «Толағай» тобын қарсы алыңыздар

«Флешмоб»

Найле Айлин
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құтықтайлыз бәрінде
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде.

Жанару
Кәне достарым келіңдар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп
Ән мен жырды төгіңдер
Жаңа жыл бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл
Ақын жазар жаңа жыр
Жырда жатыр терең сыр

Алуа
Келді жылдар, келді айлар жадырап,
Тауық жылы ит жылына ауысып
Береке бірлік бейбітшілік төріңде
Тұрайық әркез татулықпен қауышып.

Қарлығаш
Бітуге қалды таяп ай
Не қыласың аяп ай
Кәне халқым қол соқсын
Жаңа жылда аямай.

(Сағаттың даусы шығады)

Сағат:
Тик-так мен келдім
Күні –түні тоқтаусыз
Айналады тілдерім
Кешікпеу үшін ешқашан
Ерте тұру үшін әрқашан
Тик-так мен келдім
Жалқаулықты сүймейміз
Жалқаулықты күтпейміз
Сәлем, сәлем достарым. Мен қарапайым қоңырау сағатпын. Мені
уақытты білу үшін қолданады.
Аяз ата менен өтініш қылды жаңа жыл уақытында шырылдап қоңырау шалуымды. Сол
үшін мен кілітімді тауып алуым керекпін. Себебі кілітпен мені бұрамаса менің тілдерім жүр-
мей қалады. Кілтім қайда екен? Сендер көріп тұрсыңдар ма?
Міне, міне менің кілтім. Рахмет сендерге. Енді достар уақыт өту үшін би билеп, ән айтыңдар.
Би билеп, ән айтасыңдар ма? (Ия)
Ендеше алдарыңызда өнер көрсетуші әнші қыздарыңыз Өмірбек Көркемді қарсы алыңыздар
«___________________________________» жеке әнімен.

Жарайсың, керемет.

Мыстан кемпір:
Мұнда не болып жатыр ?
Балалар:
Бұл жерде жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Мыстан кемпір:
Неге мені шақырмадыңдар?
Балалар:
Сіз әр жаңа жылды бұзбақшы боласыз ғой. Сол үшін шақырмадық.
Мыстан кемпір:
Мен Жаңа жылды бұзбаймын.Керісінше өзімнің балаларыма би үйретіп келдім. Сендерге қазір
билеп көрсетеді. Алдарыңызда би «________________________________» қабыл
алыңыздар.

Сағат:
Жарайсың мыстан кемпір. Қандай керемет. Биылғы жыл бір ерекше болмақ өзі. Жауыз мыстан кемпірдің өзі би үйретіп келіпті.

(Музыка қойылады Ұйқы патшайымы келеді)

Ұйқы патшайымы:
Мұнда недеген у шу. Барлықтарың көздеріңді жұмыңдар, ұйқы деген керемет тыныштыққа еніңдер.
Мен Ұйқы патшайымын сендерді ұйқтатып тастаймын.

Сағат:
Ой неге келдің Ұйқы патшайымы. Біздің ұйқымыз келмейді. Біздің ойнап –күлгіміз келеді. Қазір Аяз ата мен Қаршақыз да келеді. Ұйқы патшайымы сен кете бер.

Ұйқы патшайымы:
Не керегі бар сендерге Жаңа жылдың. У-шу тыныштық бұзылады. Мен тыныштықты жақсы көрем. Барлығы ұқтағанды ұнатады ғой.

Сағат:
Жоқ, жоқ Ұйқы патшайымы біз семен келіспейміз.Өзің білетіндей мен көңілді қоңырау сағатпын. Мен барлық жерда би билеп ән айтқанды ұнатамын. Менің достарым саған әсем би билеп береді. Сан отырып тамашала. Алдарыңызда «Жұлдыздар» биі қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жарайсыңдар, достар. Саған ұнады ма Ұйқы патшайымы?

Ұйқы патшайымы:
Ия ұнады жұлдыздар түнде шығады. Ендеше сендер ұйқтайсыңдар. Мен сендерді ұқтатып тастаымын. Ұйқтаңдар, ұйқтаңдар, ұйқы деген тыныштыққа еніңдер. Енді сендердің уақыттарың тоқтайды. Енді сендерге ешқашан Жаңа жыл келмейді.
(сол кезде Ұйқы патшайымы сағаттың кілтін алып кетеді)

Сағат:
Мен біраз ұйқтап алдым. Менің кілтім қайда? Ах сені ма Ұйқы патшайымы мені ұйқтатып кілтімді алып кетті ма? Енді кілтім жоқ? Енді не істейміз?
Достар ендеше Аяз атаны шақырайық сол бізге көмекке келер.
(Балалар Аяз атаны шақырады бірақ келмейді)
Жарайды Аяз ата алыста болар достарымыздың әнін естіп келіп қалар. Алдарыңызда жезтаңдай әнші қыздарыңыз Сатыпалды Айгерім мен Қорғанбай Бибінұрдың орындауында
«_______________________________________» әнін қабыл алыңыздар.

Жарайсыңдар өркендерің өссін. Ал достар енді тағы да бірет Аяз атаны шақырып көрейік
(Балалар Аяз атаны шақырады)

Аяз ата:

Кәне балар шеңберге тұрып ән айтыңдар, би билеңдер барлығың.

Хор «_______________________________________________________»

Жарайсыңдар балалар.

Сағат :
Аяз ата біз достарымызбен ойланып тұрмыз сіздің немере қызыңыз Қаршақыз қайда?

Аяз ата:
Абыржымаңдар , ол қазір келеді

Сағат:
Ендеше мен оны күтіп алсам болады ма?

Қаршақыз:
Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар, сәлеметсіз бе Аяз ата. Аяз ата мен жолда қоңырау сағат достымды кездестірдім. Ол кілтін Ұйқы патшайымы алып кеткенін айтады.

Аяз ата:
Рас па балала? (ия)

Қаршақыз:
Ол кілтсіз жаңа жыл келмейді ғой.

Аяз ата:
Абыржыма Қаршақыз, біз кілітті табамыз. Менің таяғым сыйқырлы гой.

Қаршақыз:
Аяз ата бүгін сіз ерекше болып тұрсыз, біз сізді мына шеңберден шығармаймыз.

Аяз ата:
Мен үлкенмін, ал сендер болсаңдар кішкентайсыңдар мен қазір шығып кетемін. Мен жоғарыдан шығамын, мен төменнен шығамын………………
Жарайсыңдар мен сендермен бірге боламын.Балалар сендер менен қорқасыңдар ма? (жоқ) Мүлдем қорықпайсыңдар ма? (жоқ) Онда мен қазір тексеріп көремін.
Қазір мен сендердің мұрындарыңды қатырып тастаймын. (балалар мұрындарын жабады)
Онда мен сендердің құлақтарыңды қатырып тастаймын. (балалар құлақтарын жабады)
Енді мен сендердің тізелеріңды қатырып тастаймын. (балалар тізелерін жабады)
Сендер қорықпадыңдар ма? (жоқ) Ендеше соңғы мүмкіндігім қалды мен сендердің қолдарыңды қатырып тастаймын. (балалар қолдарын арқасына тығады)
Жарайсыңдар балалар мен бүгін өте мейірімдімін сендерді қатырмаймын. Сендер қазір орындарыңа жайғасыңдар мен сендердің өнерлеріңді тамашалаймын.

Қаршақыз:
Аяз ата сізде отырып дем алыңыз. Аяз ата қараңызшы мен не таптым.

Аяз ата:
Бұл сиқырлы ашықхат ғой. Мен бір тілек айтсам болады ма? (ия) Қандай тілек айтсам болады? (Тәттілер, қар, тақпақ) Сендердің меған тақпақ айтқыларың келіп отыр ма?(ия)
Ендеше тақпаққа кезек берейік.

С.Мереке
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Нұрсайд
Ем конфеты, мандарины
И рисую я картины
Дедушку Мороза жду
Я подарочек хочу

Абзал
Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Еңілік
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып айнала
Шырша келді ортаға
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын

Гузалья
Это праздник – самый яркий!
Он бывает лишь зимой
Дед Мороз несет подарки
С Новым годом садик мой

Ержігіт
Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен

Е.Көркем
Дед Мороз, Дед Мороз
Елку из лесу принес
А пока я в сад ходила
Мама елку нарядила

Жансезім
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Тоғай да баулар да
Ақ күміс жамылды
Дала да таулар да
Өзіңді сағынды

Аяз ата:
Жарайсыңдар балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты: Белгілеген мәжеге дейін жүгіріп барып, мына орындыққа отырып қалу керексіңдер.
(Ойынды ойнайды)
Бәрекелді балалар енді ары қарай тақпақтарыңды тыңдаймын

Эзель
Шыршамызда қаншама
Түрлі түсті шырақтар
Күлгін түсті ойыншық
Жарқыраған жұлдыз бар

Омер
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем Аяз атамыз

Ғ.Сезім
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны
Жарқыраған шыршаның
Жұпар исі аңқыды

Алтынай
Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ дәптерді парақтап
Қыс отырған секілді
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқаймыз баршамыз

Мұхамадин
Дед Мороз сидит у елки
Прячет голову в мешок
Не томи нас слишком долго
Развяжи скорей мешок!

Бегұлан
Закружился хоровод
Льются песни звонко
Это значет Новый Год
Это значет елка!

М.Сезімай
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билеп ән саламыз

Рашид
Наступает Новый Год
Что же он нам принесет?
Много сладостей, тепла
Счястья радости сполна

Аяз ата :
Жарайсыңдар балалар. Мен енді сендермен би билеймін. (Музыка қойылады)

Ой балалар менің белім ауырды маған көмек қажет (Аяз атаның арқасын қағады)
Рахмет мен қатты терледім қолдарыңмен желпіп жіберіңдерші (Балалар қолдарымен аяз атаға желпейді) Рахмет, рахмет балалар. Ал енді балалар мен сендердің билеріңді тамашалайын. Алдараңызда «Ламбада» би қарсы алыңыздар.

Сағат:
Аяз ата мен әлі кілітті таппадым. Жаңа жыл келетін уақыт таяп қалды ау шамасы.

Аяз ата:
Ия, ия мен қазір сиқырлы таяқ Ұйқы патшайымын мұнда әкел.

Ұйқы патшайымы:
Аяз ата шақырдыңыз ба?

Аяз ата:
Ия шақырдым. Кіліт қайда? Бермесең қатырып тастаймын.

Ұйқы патшайымы:
Міне кіліт, міне. Мені кешіріңдер енді мен жаман қылық қылмаймын.

Аяз ата :
Енді мұндай қылық қылсаң қатырып тастаймын. Келіңдер барлығымыз испан биін тамашалайық.
Алдарыңызда «Испан» биі қарсы алыңыздар.

Сағат:
Жаңа жыл уақыты болып қалды. Менің кілітімді бұрауға көмектеседі?
(кілітті 3-ке дейін санап бұрайды)
Рахмет достарым.

Аяз ата:
Жаңа жыл құтты болсын. Отбастарыңызға жаңа табыс әкелсін. Алдарыңызда Адихан Мерекенің орындауында «________________________________________» әнін қабыл алыңыздар.

Қаршақыз:
Аяз ата жаңа жылдық сыйлықсыз қалай болмақ?

Аяз ата:
Ия,ия сыйлық жайында ұмытқан жоқпын. Ал сыйқырлы таяқ сыйқырыңды көрсет.
1,2,3 сыйлықтар келіңдер мұнда. Сағат сыйлықтарды әкеледі.
Сыйлық балаларға таратылады.

Жаңа ит жылы барлығыңызға табыс береке әкелсін.
Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Жаңа жылым, құт болып енші еліме» жаңа жылға арналған сценарий Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асильбекова Гульмира

ЖШС "Нұр-Сайд" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar