Жаңартылған білім бағдарламасы аясында

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 546
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23019


Бүгінгі таңда Қазақстан білім беру мазмұнының жаңа бағытына бет бұрды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде : « Ел болашағы баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты» - деген болатын. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бұл бағдарлама ілгерілеуді бағалау және келесі қадам туралы ойлануды оқытады. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын да¬мытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетінді¬гін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.
Осы бағдарламаның қыр-сырын танып білу мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан курста 12 маусым мен 30 маусым аралығынды Сарыағаш қаласындағы №23 «Самал» жалпы орта мектебінде жаңа бағытта білім алып, өз тәжірибемізді толықтырдық.
Курсқа алғаш келген күннен бастап біз өзімізге қыр-сыры әлі жіті анық бола қоймаған жаңаша білім беру бағдарламасымен таныса бастадық. Бұл жолда бізге өзінің қажырлы еңбегі, сапалы білімі, талапшылдығымен қатар ерекше мейірімінің арқасында алғашқы күннен-ақ өзіне баурап алған курс жетекшіміз Максут Айман Абдужүсіпқызына алғысымыз шексіз. Ол кісі өзінің шын ықыласы, терең білімі және ерекше әдістері арқылы курс барысында біздің жаңартылған бағдарламаны жетік меңгеруімізге барын салып, аянбай еңбек ете білді. Әр бір тыңдаушының жүрегіне жол тауып, алдыңғы меңгерген білімімізді жаңа біліммен ұштастырып, озық түрде тәжірибе алмасуымызға жол көрсетті.
Бұл курстан біз өзімізге тек жаңартылған білімді ғана алып қана қоймай, сондай-ақ басқа әріптестермен бірге « бір кемеде жүзген жолаушыдай» жанашырлық пен ынтымақтастықта болуға үйрендік.
Біз жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын, ерекшеліктерін, түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді, бағалаудың критериалды жүйесін, орта, қысқа мерзімді жоспарлаудың қыр-сырларымен таныстық.
Нақтырақ айтар болсам курстың 1-аптасынды – Жаңартылған білім беру бағдарламасына кіріспе және бағдарлама аясында қолданылатын терминдермен таныстық;
2-аптада – Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдермен жіті танысытық;
3-аптада – Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы Орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруды үйрендік.
Осы бағдарлама бізге белсенді оқу жаттығуларына қатысып, бастауыш сыныптарды оқытуды тиімді жүргізуге ненің көмегі бар деген мәселе тұрғысынан кәсіби әңгімеге қатысуымызғы мол мүмкіндік берді. Мысалы, курс барысындағы ықшам сабақтар өзімізді оқыту тәжірибемізге «эксперимент» жасау болды, ол рефлексия және талқылау кезеңдерімен ұласып отырды. Пәннің ерекшеліктері қа¬растырылатын сабақтар кезінде жаңа теория («абстрактілі ұғыну») ұсынылып, ол ықшамса¬бақтардың келесі сатысында іс жүзінде қолданылды.
Қорыта келе, мен мақаламды Елбасы Н.Ә Назарбаевтың : «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір- қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті адамзаттар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. Осы жаңартылған білім аясында біз терең білім мен тәрбие, адамзаттық қасиеттерді өз бойына молынан сіңірген, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеп шығатынымызға сенімім мол. Тәрбие.орг сайтынан Жаңартылған білім бағдарламасы аясында Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арапова Гулмира Бектураевна

ОҚО Сарыағаш ауданы №14 Алыбай батыр жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar