Жаңартылған білімнің басты идеяларының бірі - топтық жұмыстың ерекшеліктері, нәтижелері және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдері

  • Жүктеулер: 19
  • Көрсетілім: 167
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23293


Кіріспе
Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным жаңартылған білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды.
Шағын топтық немесе жұптық жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал « Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян, ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады.
Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттерді атқарады, мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмлеге келу, туындаған даудамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау. Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай, барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.
Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды, олар өз ұстаз талабы бойынша берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, жасалған жұмысы бойынша жауап береді. Ал бұл мезетте қалған оқушылар назардан тыс қалып қояды. Бұған керісінше топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады. Топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.Топтық жұмыстардың қазіргі білім беру аясында маңыздылығы мен пайдасын назарға ала отырып, топтық жұмыс жайлы толығырақ мәліметтерді жинақтап, оның ерекшеліктері мен нәтижелері сонымен қоса мұғалімнің сабақты ұйымдастыру кезінде үйренушілерді қызықты да тартымды етіп топтарға бөлу әдіс- тәсілдерінің ең тиімді және қызықты деген түрлерін бір кітапшаға жинақтауды жөн көрдім.
Бұл жинақтың жас ұстаздарға және жалпы ұстаздар қауіміне қажырлы еңбек етуде өз пайдасын тигізер деген үміттемін.



Мазмұны:
1. Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?
2. Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?
3. Топты ұйымдастыру ережелері
4. Топта жұмыс істеу ережелері
5. Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
6. Мұғалімнің рөлі
7. Топтағы бірлескен жұмыс нәтижелері
8. Сабаққа қолданылатын топқа бөлу әдіс-тәсілдері Тәрбие.орг сайтынан Жаңартылған білімнің басты идеяларының бірі - топтық жұмыстың ерекшеліктері, нәтижелері және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдері Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джиенгарина Аридаш Мырзагалиевна

Ақмола облысы Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі (2-сынып)

Пікірлер: 0

avatar