Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 381
  • Авторлық бағдарлама
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22479


Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!



Қабдолла Самал
Қабдоллақызы
Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің қоғамдық
пәндер оқытушысы


Наурыз мейрамы жер жүзінің ең көне мейрамдарының бірі. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Бұл мейрамның шығу тегі тереңде жатыр. Түркі тілдес халықтарының мұсылмандықтан бұрынғы табиғатқа табыну салтымен байланысты. Ежелгі жыл санағы бойынша 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мейрамы - қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу. 1926 жылдан бастап тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді. Бұл жерде айтайын дегенім мейрамның қысқаша тарихы жайлы емес, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде «Әз Наурыз ұлтық бірлік пен елдіктің жарқын көрінісі» тақырыбында оздырылған Наурыз мейрамы жайлы болмақ. Наурыз айының 18-ші жұлдызында елімізде тұратын өзге де ұлт өкілдерінің дәстүрін ортаға салған бұл шараға студенттер қауымы белсенділік танытып, ат салысты. Студенттерге қазақ халқы мен Қазақстанда тұрып жатқан қазақ және өзге ұлттар мен ұлыстардың достық пен бірлігін, тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-санасын нығайту, мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу, Отансүйгіштік, патриоттық–адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында білім алушылар Батыс Қазақстанда тұрып жатырған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт өкілдерінің тілін, туын, әдет-ғұрпын, салтын-дәстүрін, ұлттық киімін, ерекшелігін таныстыру арқылы көрсетті.

Жүргізушілер, жас оқыту шебері Гайненов Сәкен мен арнайы пән оқытушысы Курманова Назгүл үш тілде шараны ашып, ортаға әжелер ансамбльін шақырды. Әжелер болса Наурыз мейрамына қатысты жылы лебіздерін білдіріп, ән салып, қонақтар, қызметкерлер мен жиналған көрермендерге шашу шашып, арнайы өз қолдарымен дайындаған наурыз көже мен бауырсақтан таратқан әдемі көрініс келтірді. Колледжімізде білім алып жатқан әр топ төрт мамандық бойынша "Токарь ісі" (1К, 6К, 12К, 13К, 71С топтары), «Дәнекерлеу ісі" (23К, 22К, 21 топтары), "Байланысшылар» (41, 42 топтары) және "Электриктер» (51,51К,52К, 52СК, 53К топтары) болып бөлінді.
Топ жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлері қазақтың ұлттық киімінде болса, ал студенттер алдын ала жеребе бойынша таңдалған ұлттық киімде болды. Олар:
1. қазақ – 6К
2. орыс – 22К
3. украин - 41
4. өзбек -1К
5. қырғыз – 52СК
6. түрік – 21
7. армян – 23К
8. грузин – 71С
9. тәжік – 52К
10. татар – 42
11. неміс – 51
12. қытай – 13К
13. молдован - 51К
14. үндіс – 12К
15. ұйғыр - 53К
Сондай-ақ колледж қызметкерлері де ұлттық нақыштағы киімдерімен де көзге түсті.
Шараның бағдарламасына келетін болсақ,
1. Ұлттық тілде сәлемдесу.
2. Ұлттық киім.
3. Ұлттық тағамды таныстыру.
4. 1 өнер көрсету болды.
Сондай-ақ Наурыз мейрамына қатысты жар газеттері мен қолөнерден туындаған бұйымдар да қалыс қалмады.
Топтар осы түскен ұлттардың тілінде амандасып, қиындық туғызса да құттықтау тілектерін жеткізді. Содан соң ұлттық тағамдардың түр-түрін көрсетті. Әсіресе украин халқының наны мен тұзды көрермен болып отырған қонақтар мен ұстаздарға ұсынуы, орыс ұлтының 1-ші тағамы «Щи» сорпасы, 2-ші тағамы «Щи» ботқасы, ет салып істелген бәліш, армян халқының «Айлазан», фрикадельки қосылған сорпа, т.б. Әрқайсысын жеке-жеке жеткізу мүмкін емес, әр топ бір-бір үстелдің үстін тағамдармен жайнатып қойған. Олармен таныстырған соң кезек өнерге де келіп жетті. Атап айтатын болсақ, Бисембаев Мирас пен Жұбатов Мақсаттың орындауындағы наурыз айтыс арқамызды қоздырса, Загной Степан мен Әділгерей Райымгүлдің грузин, Газезов Арматтың үнді билері жандандыра түсті. Бұлардан басқа түрік биі, бірнеше ер балалардың орындауында орыс, қырғыз, неміс, молдован билері де қызықты болды. Халықаралық ән байқауының лауреаты Максутов Дамир «Дервиши» тобының репертуарындағы ұйғыр тілінде «Зебо» әні мен Хафез Жалғасхан Тата Семонянның репертуарындағы «Армения моя» әндерін шебер орындаса, өзбек тілінде гитарамен, татар тілінде жекелей, украин әнін бір топ студенттер орындады. Әрбір мамандықтар өз өнерлерін көрсеткеннен кейін арасында жез таңдай әншілеріміз 42 тобының студенті Бекеева Диананың орындауында «Наурыз-думан» әні, қалалық, облыстық ән байқауларының дипломанты, 23К тобының студенті Курмангалиев Сұлтанның орындауында «Қазақы дәстүрлерім», 71С тобының студенті, жас талант иесі Рамазанов Олжастың орындауында «Қазақ даласы» әндері құлаққа жағымды естілді.
Шара соңында сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сисенгалиева Марья Темрешевна «Бірлік бар жерде тірлік бар екенін, соның нәтижесі ұйымшылдықпен өтіп жатқанын» айтса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабулова Гүлнар Калауовна «осы ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасқан елде тұрып жатқанын, ұстаздардың шығармашылық қабілетін, қонақтар мен баршасына рахметін айтып жеткізді».
Колледжде оқитын студенттердің басым бөлігі ер балалардан құралған соң әрине ауыр жүк соларға келіп түсетіні анық, бірақ мен бұл жерден ауыртпалықты емес жарқын көтеріңкі көңіл-күйді көрдім. Өйткені ешбіреуі тарқаспай, ақыр аяғына дейін болып, бәрі бірдей жұмыла "Қара жорға" биін билеген жүздерінен көрініп тұрды. Бұл көрініс әрине бір шаңырақтың астында татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы сөзiмiзді айғақтай түсері анық. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Тәрбие.орг сайтынан Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қабдолла Самал Қабдоллақызы

Пікірлер: 0

avatar