Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Жақсылық жасауға асығайық»
  • 05.04.2016
  • 391 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18462

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Майдакөл ауылы,№98 орта мектеп
тәлімгері Қалымбетов Шынболат
Төлепбергенұлы

Тақырыбы:
«Жақсылық жасауға асығайық»
(Концерттік бағдарлама)

«Жас Ұлан» ұйымы

Күні: 10 қараша, 2015 жыл.

Тақырыбы: «Жақсылық жасауға асығайық»
(Концерттік бағдарлама)

Мақсаты: Балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.Жартылый жетім, тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету

Жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар «Жасқсылық жасауға асығайық» қайырымдылық концертіне қош келіпсіздер!

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жылдан жылға өз жалғасын тауып келеді.
Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.
Мектеп директоры: Ө.Жәниет
Мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндені орынбасары Т.Ізтілеуов
Ардагер ұстаз М.Сердалива
Мектептегі ата-аналар комитетінің төрағасы: А.Жүрген
Мектеп психологі: Д.Сәрсенбаева
Мектеп кітапханашысы: А.Әбдікаримова
Бастауыш пәнінің мұғалімі: З.Жұмағали
Тарих пәнінң мұғалімі: Г.Сералиева

Олай болатын болса, мектеп директоры Жәниет Өтеген ағайға сөз кезегі беріледі.

Ән: «Бесік басында»
5-сынып оқушысы Темірхан Аяжанның орындауында қабыл алыңыздар

Жүргізуші:
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.
Ортаға өз лебізін білдіру үшін сөз мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндені орынбасары Ізтілеуов Темірхан Жанпайызұлына беріледі.

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

Ән: «Сәби болғым келеді»
10-сынып оқушысы Есен Арапаның орындауында тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.
Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрағасы Жүрген Амантай Сәрсенбайұлына сөз береміз

Би: «Тұран биі»
«Інжу маржан» тобының бір топ қыздарының орындауында тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.

Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған ардагер ұстазымыз Сердалиева Марал апайымызға сөз беріледі.

Ән: «Дос болайық бәріміз»
6-сынып оқушысы Ерғазы Санжардың орындауында тамашалайық.

Жүргізуші:
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Келесі сөз кезегін мектеп кітапханашысы Әбдікаримова Азима апайға береміз.

«Әзілдер әлемі»
Орындайтындар бір топ 7-сынып оқушыларының жігіттер құрамасы.

Жүргізуші:
Бүгінгі қайырымдылық концертін ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

«Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық концерті де өз мәресіне жетті. Демеушілерімізді балаларға дайындаған сыйлықтарын тапсыру үшін оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

1. Темірғали Динара 6-сынып оқушысы
2. Темірбек Нұрғанат 7-сынып оқушысы
3. Нұрман Ақтолқын 6-сынып оқушысы
4. Асылбек Дияс 6-сынып оқушысы
5. Қуантқан Гүлфайрус 4-сынып оқушысы
6. Кендебек Арыстанбек 4-сынып оқушысы
7. Темірғали Әлішер 2-сынып оқушысы

Би: «Гүлдер биі»
«Інжу маржан» тобының бір топ қыздарының орындауында тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Қамқорлығын аямаған азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.

Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.!

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!! Тәрбие.орг сайтынан «Жақсылық жасауға асығайық» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалымбетов Шынболат

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 391 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar