«Жайдары жаз!» ойын сауығы

  • Жүктеулер: 18
  • Көрсетілім: 1763
  • Авторлық бағдарлама
  • 07/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19321


«Жайдары жаз!» ойын сауығы
Мақсаты: Жаз туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету. Балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата –аналар, қонақтар, балалар, бүгінгі «Жайдары жаз!» ойын сауығына қош келдіңіздер!
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер?
Көбелек те , гүл де бір,
Қызыл – жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт
Бау – бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.
Жидек пісіп толады
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Жазда.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Мінекей, барлығының ең сүйікті мезгілі, жаз да келіп жетті. Айтыңдаршы, жаз мезгілін не үшін жақсы көреміз?
Балалар: Жазда біз шомыламыз, күнге қыздырынып, күш жинап, өсеміз.
Жазда біз туған жеріміздің әсем жерлерін аралап, демаламыз.
Жүргізуші: Өтежақсы. Ендеше ортаға қонағымыз – Жайдарлы жазды шақырайық!
Жайдарлы жаз: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Жаз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші:Рахмет, саған Жайдарлы жаз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жүргізуші: Ендеше, жазға арнаған тақпақтарымен ортаға .... шақырайық.

Наурызғали:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда, ендеше,
Алма теру көбейсін.
Диас:
Жаз келіпті дегенше,
Қарбыз пісті дегейсің.
Бақшамызда, ендеше,
Қауын-қарбыз көбейсін.
Қамбар:
Жаз келіпті дегенше,
Жайлау бардық дегейсің.
Жайлаудағы, ендеше,
Қой-қозылар көбейсін. Азимжан: Дөңгеленіп төбеден, Сәулесін күн төгеді, Жарқын жаздың не деген, Жасыл түсі көп еді. Анель: Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ. Тұратын көз тартып, Жаз келді, күн шуақ.

Жүргізуші: Балалар, өлең жолдарында айтылғандай жазда әдемі гүлдер құлпырып өседі екен. Жайдарлы жаз сыйлыққа шоқ гүлдерін ала келіпті. Гүлдермен біздер «Гүл шоғын дайында!» ойынын ойнақ. Ойын шарты: үстел үстінде үш түрлі гүлдер араласып жатыр. Сол гүлдерді түстеріне қарай ажыратып, гүл шоқтарын дайындауларың керек.

Жүргізуші: Ән: «Жау жаңбыр»
Жаңбыр, жаңбыр жауады,
Жерге тырс- тырс тамады.
Гүлзарларға су толып,
Қалам әсем болады.
Қолымызда қолшатыр,
Жауа берші, ақ жаңбыр.
Тамшы тырс-тырс тамады,
Жылғалардан ағады.
Дала, қала жуынып,
Тап-таза боп қалады.

Жүргізуші: Ендігі кезекті әсем биге берейік. Би: «Ариба»

Тосын сәт.
Залға қолында себеті, бөшкесі мен тосабы бар Аю ентігіп жүгіріп кіреді де, балалармен сәлемдеседі.
Жүргізуші:
-Сәлеметсің бе, Аю. Саған не болған? Түрің бұзылып кетіпті ғой.
Аю: Мен Машадан қашып келе жатыр едім. Мені жасыра тұрыңдаршы.
Сол кезде Маша да келіп жетеді. Жүгірген бойда аюға соғылып, қолындағы бөшкесін байқамай қағып кеткенде тосабы төгіліп қалады.
Аю өкініп:
-Мұның не , Маша? Бұл менің еңбегім ғой. Енді қайтадан жеміс-жидек жинауыма тура келді ғой,-деп, қолына себетін алып, кетуге ыңғайланады.
Маша (өкініп):
-Ой, шынымен байқамай қалдым. Балалар, енді қалай Аюға көмектесеміз.
Жүргізуші:
-Маша, Аю сенде қамықпаңдар, Жаз бізге көптеген сыйлықтар ала келді . сыйлықтардың ішінде жеміс-жидектерде бар екен, сол жеміс-жидектерден біз балалармен тосап қайнатып береміз.
Ойын: «Тосап қайнатамыз».
Ойын шарты: себеттегі жемістерді ожаумен кастрюльдерге тасиды.
Маша: Ой, балалар сендерге рахмет. Жемістерді тезірек жинауға көмектестіңдер.Аю енді тосапсыз қалмайтын болды. Мен мына тосаптарды Аюдың үйіне жеткізуге көмектесейін. Балалармен қоштасады.

Жүргізуші: Жазға арналған тақпақтарымызбен ортаға шығайық.
Нұрдәулет:
«Көлім, көлім, көлім» деп,
Қаз да келді маймаңдап.
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жаз да келді жайраңдап.

Аянат:
Көлеңкеге тығылып,
Қалжырайды күшігім.
Күн көзіне бұйығып,
Маужырайды мысығым.

Бекасыл:
Өзен — көлдің жағасы
Гүлден ою ойғандай.
Тырналарға қарашы:
Жіпке тізіп қойғандай.

Иманжан:
Ал, жүріңдер, балалар,
Қырға шығып көрейік.
Қызғалдақты терейік,
Құшақтап ап келейік.

Жүргізуші: Көрініс, барлығымыз неміс халқының «Үш көбелек» ертегісін тамашалайық.

Жүргізуші: Ертеңгілік қызықты өту үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Бұл қай жыл мезгілі?»
Ойын шарты: Әуеннең қай жыл мезгілі екенің айырып, сол жыл мезгіліне сәйкес киіну.
Жүргізуші: Жаз туралы әдемі тақпағымен ортаға Еркінғалиева Арайды шақырамыз.

Арай:
Нұр тұнып, құлпырып,
Айнала жайнады.
Тұр күнге ұмтылып,
Алма ағаш сайдағы,
Жағасы балауса.
Көбелек қанатын
Қағады жалауша.
Көгалда ойнадық
Асыр сап күн ұзақ.
Гүл тердік, ойнадық,
Жарқын жаз қызық-ақ!

Жүргізуші: Саматқызы Ақсезімнің орындауында «Ақ мамам!»
Ән: «Ақ мамам!»
Жайдарлы жаз: Балалар менің сіздерге ерекше сыйлығым бар.
Балаларға сабынды көпіршік таратады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Жайдарлы жаз» ойын сауығы -атты ертеңгілігімізді аяқталды, жаз мезгілін жақсы өткізейік.
«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.» Тәрбие.орг сайтынан «Жайдары жаз!» ойын сауығы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кеуелова Бақтыгүл Сұлтанбекқызы

Пікірлер: 0

avatar