«Жайнай бер, Қазақстан»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 55
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23401


Бекітемін____________

« 09» желтоқсан,2016ж

№13. Кіріктірілген оқу қызметінің технологиялық картасы

Блок «Менің Отаным»

Апта тақырыбы: «Отан әртүрлі болады, бірақ ол бәрінде біреу»

Ай апта

Желтоқсан . I-апта

Мақсаты

 

Білім саласы

«Коммуникация»

«Шығармашылық»

Көркем сөз арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Қысқаша шығарманы тыңдай білуді, мағынасын түсінуді дамыту.

Балаларға туған ел, елордасы Астана туралы түсінік беру. Қала, ауыл туралы ой-өрісін дамыту. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Дәстүрден тыс әдіс-алақанмен сурет салуды үйрету. Шеңберді саусақпен сала отырып, әртүрлі бояулармен бояу, бейнені қағаз бетін түгел пайдаланып ортасына келтіру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Кіріктірілген

оқу қызметі

Көркем әдебиет

Сурет салу

Тақырыбы

«Жайнай бер, Қазақстан»

Әдістер

Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу,ТРИЗ, СТО,ойын, АКТ, сұрақ-жауап,мадақтау.

Керекті құралдар

Тақырыптық суреттер,бәйтерек макеті, үлгі сурет, ақ парақ, субояқ, суқұйғыш,майлық,бейнеролик,АТҚ.

Қос тілділік

Астана-столица, бәйтерек-тополь.

Сөздік жұмыс

Бәйтерек.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

«Сиқырлы қобдиша»-балалар,менің қолымдағы не нәрсе?

-Ия,балалар,бұл жәй қобдиша емес сиқырлы қобдиша.Қобдишаны ашып қарасақ оның ішінен керемет бір жанды көреміз.

 

 

Балалар жартылай шеңбер болып отырып,сиқырлы қобдишаны ашады,ішінен өз бейнелерін көріп ,өздері жайлы айтады.

-Мен қобдишадан айна көріп тұрмын.Одан өзімнің бейнемді көріп отырмын.

Мен бақытты баламын.

-Мен ,Әлимін.Мен тәуелсіз елдің ұланымын.

-Мен әдемі,аққжарқын жанмын.

-Мен ата-анамның қуанышымын.

-Мен ,ақылдымын.

-Мен егемен елдің ұрпағымын.

-Мен тәртіпті баламын.

-Мен өз елімнің көркейгенін қалаймын.

-Мен апайларымның айтқанын тыңдаймын.

-Мен бейбіт заманда өмір сүргеніме ризамын.

-Мен өз достарымның көп болғанына қуанамын.

-Мен елімізде барлық адамдардың татау болғанына қуанамын.

Ұйымдастырушы

лық-ізденістік

Сұрақ-жауап әдісімен балалар назарын бүгінгі оқу қызметінің тақырыбына аудару.

-Балалар,біздің еліміз қалай аталады?

-Ұлтымыз кім?

-Елбасымыз кім?

 

-Біздің туып өскен ауылымыз қалай аталады?

-Астанамыз қай қала?

Балалар,енді біз бейнеролик арқылы Астана қаласына саяхат жасап көрейікші.

АКТ-қолданып Астана туралы бейнеролик жіберіледі. Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана - Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені. Астана қаласында елбасының мәдени орталық мұражайы бар. “Қазақстан картасы - “Атамекен” деп аталатын орын кешені. Бұл мұражай ашық аспан астында орналасқан. Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектілері кішкентай макет ретінде жасалған.Осы макетте біздің туған жеріміз Атырау қаласы да бейнеленген. «Пирамида» - Бейбітшілік пен келісім сарайы .Сонымен бірге «Хан шатыры» - Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы.Міне біздің тәуелсіз еліміз осылайша жайнап әлемге танылуда.

Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Қос тілділік: Астана-столица, бәйтерек-тополь. Сөздік жұмыс: Бәйтерек.

Мағынаны тану:Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.

Сергіту сәті: «Мен- Қазақпын!»-АКТ қолдану.

Дидактикалық ойын. «Арқаға сурет салу»

Мақсаты:тері арқылы сезу қабілеттерін ,қарым-қатынас белсенділігін дамыту.

Ойын шарты:Балалар шеңбер болып бірінің артына бірі тұрады.Әр бала алдында тұрған баланың арқасына геометриялық пішіндердің немесе қарапайым бейнелер салады.Алдында тұрған бала ненің бейнесін салғанын анықтап айтады.

-Балалар,біз ойын арқылы сурет салуға дайындалған болатынбыз енді орнымызға отырып Астана қаласының символы Бәйтеректі бейнелеп көрейік.

Сурет салу жолы:

-Үлгі суретке назар аударту;Өздеріңізге айтып өткендей бәйтерек үш бөліктен тұрады.Ұшар басын дәстүрден тыс әдіс алақан арқылы бейнелейміз.Ол үшін алақанымыздың бас бармағынан басқасын алдымызда тұрған сары түсті бояуға батырып ақ парақтың жоғарғы бөлігіне айналдыра отырып саусақтарымызды ашып бастырамыз;

-Бастырып болғасын қолымызды майлыққа сүртіп аламыз;

-Сұқ саусағымызды сары түсті бояққа батырып бастырманың үстінен айналдыра шеңбер сызамыз;

-Қолымызды майлыққа сүртеміз;

-Діңі мен тамырын бейнелеу үшін бізге сұр түс қажет.Ол үшін ақ түсе қара түсі тамызып сұр түс аламыз.Осы сұр түске сұқ саусағымызды батырып,Жоғарыдан томенге дейін үш сызық түсіреміз.Содан соң көлденең үш сызық сызамыз.

-Қолымызды майлыққа сүртеміз.

-Осылайша бәйтеркті бейнелейміз.

Балалардың жұмыстарын қарап,бағалайды.

Балалар жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнероликтен Астананы тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет бойынша әңгімелейді.

Астана-еліміздің бас қаласы.

Ол өте әдемі қала.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің көркейюіне көп үлес қосқан тұлға.Бәйтерек-бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен-тамыры,діңі және ұшар басынан тұрады.

Керемет,көз тартатын құрылыс.

Астана-столица, бәйтерек-тополь.

Бәйтерек сөзінің мағынасын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Әуенмен қимылдар жасайды.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды,бір-бірінің арқасына сурет салады.Ненің суреті екенін табады.

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі суретке назар аударады.

Дәстүрден тыс әдіс алақан және саусақ арқылы бәйтеректі бейнелейді.

 

 

 

 

 

 

Жұмыстарын көрсетеді,

бағалайды.

Рефлексивтік

жинақтаушы

 

Балалар,бүгінгі оқу қызметімізді «Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз» атты Дидактикалық ойынмен аяқтайық.Мынау алдымызда тұрған арман ағашы,өмір ағашы .Осы ағашқа өз жүрегімізден шыққан арман-тілектерімзді айтып орналастырайық. Мақсаты: Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру Ойынның шарты: Тәрбиеші өзінің тілегін айтады,балалардан өз тілектерін айтуларын сұрайды.

Балалар өз тілектерін айтады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Туған жерін,елін құрметтеуді;

Түсінеді

Көркем сөз мағынасын;

Қолдана біледі

Дәстүрден тыс әдіс-алақанмен және саусақпен сурет салуды,ұқыпты жұмыстануды.

       

Тәрбиеші: Рамазанова.А.Ш

 

Тәрбие.орг сайтынан «Жайнай бер, Қазақстан» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рамазанова.А.Ш

Пікірлер: 0

avatar