ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЛАНАДЫ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 404
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21604


ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЛАНАДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында, жалпыұлттық - «Мәңгілік ел» идеясы жаряланды. Онда елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея екені, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретінін басымдықпен атап өтті. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің, яғни ұстаздардың алдына үлкен міндеттер қойып отыр. «Жалпы орта білім беруде, соның ішінде мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында мектептің тәрбие жұмысының жоспарына енгізілген және оқушыларымен көптеген шаралар іске асырылып жатыр. Сөзім дәлелді болуы үшін көптеген мысалдар келтіруге болады. Оқушылардың отанын сүюге, елін-жерін қастерлауге, қорғауға, аялауға, бірлікке,елдікке, төл тарихын есте сақтауға, мемлекеттік рәміздердің асқақтай желбіреуіне үлес қосу, еліміздің-жеріміздің байлығын қорғауға, сақтауға, білімді, сауатты ұрпақ болуға тәрбилеу мақсатында, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жылдығын атап өтуде үлкен шеру болып өтті. Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде, Астана күнін мерекелеуге орай «Біз сені мақтан етеміз Қазақстан» атты патриоттық акция және мемлекеттік туды ауыл көшесімен алып жүру веложарысы ұйымдастырылды. Және де тілдер күнін атап өту аясында ұлт өкілдерінің басын қосқан мектептің шағын Ассамблеясы өз өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында мектеп айналасына 25 қылқан жапырақты ағаш көшеттері егілді. «Тілім барда- елім бар» атты сынып сағаты өтті және мектеп оқушылары қар қалашығын қалауға белсене араласты. Сонымен қатар, өзім сабақ беретін оқушыларым жыл сайынғы, өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен, мектеп ішілік, аудандық Абай, Махамбет, Жарқын болашақ, тілдер күніне арналған оқуларға және олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға иеленіп тұрады. Екі оқушым Абай және Махамбет оқуларына қатысып жүлделі орынға ие болды. Сондай –ақ қазақ тілі пәнінен мектеп ішілік олимпиадаға 7 оқушымның 1 оқушы бірінші орын, 3 оқушы екінші 2 оқушы үшінші орын иеленді. «Мәңгілік ел» идеясын іске асыруда осы атқарылып жатқан іс-шаралар, келешекте атқарылатын шаралардың барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет.
Елбасының жолдауының іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемде дамыған 50 ел қатарына қосылатынына кәміл сенім ұялатады.
Ендеше, «Мәңгілік ел» жасасын!



Пайдаланылған әдебиеттер:
2016-2017 оқу жылдарына Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектепте білім беру процессін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы нұсқаулық хаты. Тәрбие.орг сайтынан ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЛАНАДЫ Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бельгибаева Ботагось Адылбековна

Пікірлер: 0

avatar