Жан қазынасы - адамгершілік негізі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 547
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23070


Тақырыбы: «Жан қазынасы - адамгершілік негізі»



Мақсаты:
1. Білімдік - танымдық: Студенттердің білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті:
1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Студенттердің өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабуыл жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиалық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі:
Ұйымдастыру бөлімі
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Армысыздар құрметті үстаздар мен студенттер және қадірлі қонақтар. Бүгінгі «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыбындағы пікірталасымызды бастаймыз.

Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама.

Бейнеролик: «Ауылдан келгеніне ұялатын қыз».

Сөз кезегі студенттер мен қонақтарға беріледі.
Бейнеролик: «Апалы-сіңлілердің бірін-бірі жек көруі».


Ортада пікірталас жүргізіледі.

Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.

Бейнеролик: «Ене мен келін»


Студенттер мен қонақтар бейнематериальдар бойынша өз ойларын білдіреді.
Бейнеролик: «Жақсы келін атану үшін не істеу керек?»


Арнайы қонақтарды ортаға шақырып, сөз беру.
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік
болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.
Бейнеролик: «Әжемнің әңгімесі»


Қорытынды: Ардақ Назаровтың «Ата – ана қадірі» тыңдалады.

Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .
Ән. «Әке, ана» Таушабаева Жанерке, Әріпбай Ақбота. Тәрбие.орг сайтынан Жан қазынасы - адамгершілік негізі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джанизакова Ақкенже Джанизакова

Пікірлер: 0

avatar