Жасампаздық пен сүйіспеншілікке толы 20 жыл

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 32
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23410


Жасампаздық пен сүйіспеншілікке толы 20 жыл

"Бөбек"Ұлттық ғылыми-практикалық,
білім беру және сауықтыру орталығы

2017 жылдың 25-30 қазан күндері білім беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбиесі бағытының алтын бесігі - "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойы аталып өтті.
"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" тақырыбында ұйымдастырылған Халықаралық форумға шетелдің гуманист-ғалымдары арнайы шақырылды, олар: Ш.Амонашвили (Грузия), Марианна Мейер (Германия), Петра фон Калиновски (Дания), Д.Маллаев (Дағыстан), Ангелина Могилевская (Ресей), И.Дерижан (Болгария), Э.Бейларов (Әзірбайжан), К.Мансурова (Ресей), Г.Новикова (Ресей), П.Амонашвили (Ресей), Арт Онг Джумсаи (Таиланд).
Білім беру жүйесін ізгілендіруге, өскелең ұрпақтың өзін-өзі тануына бағытталған тың жоба 20 жыл бұрын бастау алып, бүгінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сәтті жүзеге асып келеді. Осы жылдар ішінде "Өзін-өзі тану" бағдарламасының идеясы өзінің өміршеңдігін, ел болашағына ықпалы зор жаңа ғасырдың жаңа пәні екендігін дәлелдеді.
Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары - Г.Исимбаева, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі - Е.Сағадиев, Алматы қаласының әкімі - Б.Байбек сынды бірқатар қонақтар қатысып, өз құттықтауларын жеткізді. Форумда "Бөбек" орталығының хронологиясынан сыр шертетін "Жүрек сырын сүйіспеншілікпен ашу..." атты фильм көрсетілді. ТМД елдерінде теңдесі жоқ орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі келген қонақтар мен форум қатысушыларын таң қалдарды. Форум аясында "Қазіргі әлемдегі ізгілік педагогикасы", "Ақпараттық технологиялық дәуіріндегі өзін-өзі тану: мән-мағына табу", "Сүйіспеншілік педагогикасы - білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртудың негізі" сынды мәселелер талқыланып, шетелдік ғалымдардың шеберлік сабақтары көрсетілді. Мен "Өзін-өзі тану" сабағының шетелдік өтілу формасын бақылай отырып, шеберлік сабақтарынан көптеген айырмашылықтарды аңғардым. Сабақтарда баламен жұмыс жасаудың жаңа тәсілі, өзге сабақтардан айырмашылығы туралы айтылып, өзін-өзі тану сабағының тетіктерін жіктеліп, "өзін-өзі тану пәні педагогының бейнесі" таныстырылды. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың тәжірибесі менің пәнге деген сүйіспеншілігімді арттырып, педагогикалық шеберлігімнің артуына ықпал етті.
Қазақстанның болашағы - білімді, жаны ізгілікке толы жастар десек, ізгілік педагогикасы білім ошақтарында жоғары деңгейде тиімділігін көрсетіп, ұлт болашағына қызмет ете берсін деп тілейміз. Тәрбие.орг сайтынан Жасампаздық пен сүйіспеншілікке толы 20 жыл Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жулдыз Кушербаева,

Пікірлер: 0

avatar