Жасанды жарық көзі деген не?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 336
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22972


ҚМЖ

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Жарық

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: «Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Канапина Гульнар Катауовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жасанды жарық көзі деген не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жарықтың жасанды көздерін біледі және ажыра алады.

Көптеген оқушылар: жасанды жарықтың қажеттілігін және оның  адам өміріндегі маңыздылығын анықтап, түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: жасанды жарық көздерін анықтайды,  жасанды жарықтың қолданылу мақсатын сипаттап,  мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

1.Жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен ажырата алады. Жасанды жарық көзінің қажеттілігін және оның адам өміріндегі маңыздылығын анықтап, мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

 

Жарық, қараңғы, табиғи жарық көзі, жасанды жарық көзі, 

Пайдалы сөз түйіні:

Жарықсыз Жер жүзінде өмір сүру мүмкін емес                        Күн мен Ай – табиғи жарық көздері. Жасанды жарық көздерін адам ойлап шығарды.

Құндылықтарды дарыту

 

 

«Жаратылыстану» пәнін оқуға қызығушылығын арттыру;

Жұппен жұмыс кезінде қарым-қатынас дағдыларына, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу (ынта, сыйластыққа, өзара көмек көрсету)

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем өнер

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылымдағы материалдармен танысып, талқылау. Бейнеролик. аудио жазба (мәліметтерді мұқият тыңдау, талқылау, сергіту жаттығуларын орындау).

Бастапқы білім

 

«Бақылау» әдісі арқылы жасанды жарық көздерін танып біледі. Тақырыппен байланыстыра табиғи жарықпен жасанды жарықтың ерекшелігін ажырата білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

 

(М.к.) Психологиялық  ахуал ұйымдастыру

«Тілектер себеті» әдісі.

Оқушылар себетке бір-біріне арнап жазған тілектерін салады.

Тілек себеті

 

7 минут

 (М.к.) Ой қозғау. Ширату жаттығу

«Бақылау» әдісі. Мұғалім бағыт беретін сұрақтар қояды, оқушылар сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады

-Менің қолымда не бар?

- Қараңдаршы, қораптың ішінде не бар?   (оқушы қораптың тесігінен қораптың ішіне үніліп қарайды. )

- Қораптың іші қараңғы?

 -Қорапты ашпай, ішіндегі заттарды көруге бізге  не қажет?

(Бір оқушы қорапты ашады. Қораптың ішінде майшам, сіреңке, фонарь, тұтатқыш бар.)

- Қорапты ашпастан, ішіндегі заттарды  көруге болады ма? 

- Қораптың ішіне жарық түсіру арқылы көруге болады

(Фонарьді жағып, қораптың ішіне жарықты түсіреді. Балалар кезекпен қораптың ішіне үніледі.

–  Ал, енді қораптың ішіндегі заттар көріне ме? (Қораптың іші жарық болды, заттар көрінеді.)

-Қалай ойлайсыңдар, жарық  көздері деген не? 

-Қораптағы заттар табиғи заттарға жата ма?  

Оқу мақсатын қою.  

 - Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта қандай сұрақтарға жауап іздеуіміз керек? (Мұғалімнің көмегімен оқушылар сабақтың мақсатын анықтап алады.)

 «Таза тақта» әдісі

 (оқушыларға сабақтың мақсаттын анықтау үшін тақтаға негізгі сұрақтар жазылып қойлады.  Мақсаттың бір бөлігі анықталған кезде- сұрақ өшіріледі. Сабақ соңында таза тақта қалса, мақсатқа жеттік деген сөз)

(Тақтаға жазылады)

- Қандай жасанды жарық көздері болады?

- Жасанды жарық көздерінен табиғи жарық көздерін қалай ажыратуға болады?

 

Қорап, майшам, сіреңке, фонарик, тұтатқыш

Тақта, бор

 

     

 

Тәрбие.орг сайтынан Жасанды жарық көзі деген не? Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Канапина Гульнар Катауовна

Пікірлер: 0

avatar