Жазғы лагерь жаныңды жадыратады

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 380
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23016


Тақырыбы: “Жазғы лагерь жаныңды жадыратады.”

Мақсаты:

- Жаз мезгілінде оқушыларға лагерлер ұйымдастыра отырып, оқушы демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру.

Міндеттері:

- Мектептегі балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;

- Лагердегі ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;

- Оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен қалыптастыру;

- Оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;

- Салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;

- Оқушыларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;

- Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту


Соңғы жылдары жазғы сауықтыру лагерлерін ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуде. Көптеген жанұялардың әлеуметтік және эканомикалық тұрмыстары қиындауда, сондықтан олар балаларды тәрбиелеп, сауықтыруда үлкен жауапкершілік орындайды. Сауықтыру лагерлері балалардың тұлғалық дағдыларын қалыптастырады. Жазғы демалыс бүгінгі таңда тек әлеуметтік жағынан қорғауға ғана емес, шығармашылық дамуын, интеллектуалдық және жан әлемін байытады. Жыл сайын оқушылар үшін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы , Қайрат орталау мектебінде де бастауыш сыныптар арасында жазғы сауықтыру лагері күндізгі ауысымда өткізілуде. Мұндағы лагерь 1- маусымнан басталып, 15- тамызға дейін жалғасын таппақ. Бұл “Балдаурен” сауықтыру лагеріне міндетті түрде бастауыш сынып оқушылары қатынасуда. Мектебімізде сауықтыру лагерінен басқа да аудан , облыс көлеміндегі лагерлерде де оқушылар демалуда Мысалы : “Таужаңашар” лагерінде 3 оқушы, “Алтын адам” лагерінде 3 оқушы, “Салем” лагерінде 10 оқушы. “ЕХРО-2017” көрмесі Астана қаласына мектеп бойынша 9 оқушы барды. Мектепалды сауықтыру лагерінде 60 оқушы демалуда. Осы демалыстардың ұйымдастырылып жүргізілуіне мектеп мұғалімдерінің де қосар үлесі шексіз. Атап атсақ, Аубакирова Сауле, Абирова Гульвира, Қасымбекова Айжан, Абитаева Анар, Жакашбаева Гульнар, Оралбайкызы Салтанат , Ербекеева Асель. Лагерь барысында үштілділік негізін жандандыру жұмыстарында мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Төлешева Әйгерімнің қосқан үлесі де аз болмады. Мектеп психологы Тасанова Гүлжазира Манкееваның да жұмысы атап айтарға тұралық деуге болады. Осындай демалыстар ұйымдастыра отырып, жас жеткіншектер демалысына ат салыса білдік деп айта алар едім.

Сонымен бірге осындай іс шаралармен лагерлерге оқушылардың қатынастырудағы негізгі күтілетін нәтижелерін мына тұрғыда атап көрсетер едім:

1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйретік.

2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін, шығармашылығын дамыттық.

3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыра алуға ат салыстық.

4. Оқушылардың спортқа және дене шынықтыру сабақтарына қызығушылықтарын арттырдық.

5.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыра білдік.

Осындай негізгі мәселерді басшылыққа ала отырып, оқушы бойына ұстаз ретінде көптеген ізгі шаралар ұялата білдік десек болады

Тәрбие.орг сайтынан Жазғы лагерь жаныңды жадыратады Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карабалина Дана Канатовна

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайрат орталау мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Пікірлер: 0

avatar