Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту жолдары
  • 05.06.2016
  • 421 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19168

Тақырыбы: Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту жолдары

• ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды тануға мүмкіндік беру.
Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға назар аудару, зерттеу дағдысын қалыптастыру
• МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Деңгейлік бағдарлама бітірген аудан, мектеп мұғалімдері
• ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Амандасу; Ұстаздарға «Жүрек жылуы» арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілеу.
Сіз дарынды балалармен жұмыс жүргізуіңіз қажет. Сіз жұмысыңызды неден бастайсыз?
Дарындылықтың бірден бір белгісі
дарынды баланың күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекетінің ерекшелігі педагогикалық бақылау әдісін қолдану арқылы анықталады.
Дарындылық тағылымы-даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты

Дарынды бала дегеніміз:
өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!

“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”
Абай.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен деп тұрады. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.
Жетінші сөз
Қожа қандай бала?
Дарындылықты анықтайтын бақылау сұрақтары( Торренс тесті)
Мұғалімі___________________________
Оқушының аты-жөні___Қожа_________________________
Инициативасы Міндеттерін, берілген тапсырманы жақсы орындайды, оптимист, өзіне және өз ісіне сын көзбен қарай алады, іс-әрекет нәтижесін жақсартуға тырысады. 1 2 3 4 5
Тәуекелділігі Тәуекелге жиі барады, өте батыл. 1 2 3 4 5
Қиялының ұшқырлығы Болған оқиғаның мағынасын, болмысын, қағидаларын білуге ұмтылады, көп сұрақтар қояды. Көп армандайды. 1 2 3 4 5
Креативтілілігі Ойлау қабілеті өте жоғары, жан-жақты, өз пікірін білдірген кезде алғырлығын танытады. 1 2 3 4 5
Тәуелсізділігі Өз бетімен жұмыс жасауды ұнатады, ешкімге тәуелді емес. 1 2 3 4 5
Жауапкершілігі Ауызша және жазбаша берген нұсқауларға үлкен зейінмен қарайды, бастаған ісін аяғына дейін орындайды. 1 2 3 4 5
Жалпы қабілеттілігі Есте сақтау қабілеті жақсы, зейіні тұрақты, терең түсінуге және қорытынды жасауға қабілетті.Әзілқой, ашуланшақ. 1 2 3 4 5
Өз ойын жеткізе білуі Қоғамда өзін-өзі көрсете алады, өз ойын жеңіл жеткізе алады, қарым-қатынасқа ашық, айналадағы адамдар оны әр түрлі қабылдайды 1 2 3 4 5
Қорытынды

Дарындылық кредосы
• Сен « білуге міндеттісің» дегеннің орнына, « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;
• Белгілі жағдайдан, белгісіздікке бетбұрыс жасау қағидасы;
• Іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!
• Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!
• «Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!
• Болашаққа бейімдеу;
• Дамыта оқыту;
• Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!
» Мақсатының айқын болуы - 50 пайыз
» Іс-әрекет- 20 пайыз
» Эмоция, көңіл- күйі жоғары- 25 пайыз
Сәттілік- 5 пайыз

Дарындылықтың түрлері:
*Интеллектуалды дарындылық;
*Академиялық дарындылық;
*Көркемдік дарындылық;
*Шығармашылық дарындылық;
*Лидерлік немесе әлеуметтік
дарындылық;
*Спорттық дарындылық.

Рейтинг жүйесі бойынша қабілетті, дарынды оқушыны анықтау
№ Оқушының аты - жөні Теориялык тапсырмалар Практикалық
тапсырмалар Жобалау Тест тапсырма
лары Жалпы
ұпай
1 2 3 4
1
2
3
4
5

Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Дж.Резулли «Шығармашылық дарындылық белгілері байқалатын балалар стандартты оқыту бағдарламасынан тыс кеңейтілген деңгейде оқыту мүмкіндіктерін қажет етеді» деп атап өткен. Ендеше оқыту бағдарламасы осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сай болуы керек. Шығармашылық дарындылықты дамыту үшін оқыту мазмұнын төмендегідей құрамын.
Оқыту мазмұнының құрамы
Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл-ойлауды,талқылауды,мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Сондықтан дарынды оқушыларға сабақ барысында күрделі,тереңдетілген тапсырмаларды беру, проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту,өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру,оқу-тәрбие жұмысында шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жоспарлап,жүргізу қажет.Оқу-тәрбие жұмысында шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарына: - түрлі тақырыптарда пікірталас,әңгіме өткізу - оқушыларды мұражайға апару - өнер қайраткерлерімен,ақын-жазушылармен кездесу өткізу - ақпараттық құралдар жаңалықтарымен таныс болу - ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану,т.б. жатады. Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі,оқушыларды шығармашылыққа баулуға,шәкірт бойындағы қабілетті ашуға,өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.Мұндай жағдайда үлгерімі төмен,тәртібі нашар балалардың да,жақсы қасиеттері ашылып,оларды сынып ұжымымен байланыстыруға болады. Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:
- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік - ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі - белгілі бір іс-әрекетке,кәсіпке аса қызығушылық таныту,бір іспен шұғылдану - өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу - тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу
Дарынды балалардың білімге құштарлығын оятатын мазмұнды тақырыптарды оқытып,шығармашылық қабілеттерін арттыруға көңіл бөлемін. Оқыту мазмұнын оқушы мүмкіндігі мен қызығушылығына сай өзгерту шығармашылық қабілет үшін «құнарлы орта» болып табылады. Дарынды балаларды іздеу,анықтау,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін ауадай қажет. Ендеше жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқыту әдістерін (технология) қолданамын. Шығармашылыққа бағытталған оқытудың мұндай әдістері оқытудың жаңа бағыттарын шешуге, яғни балалардың қабілетін, жүйелі ой-санасының шығармашылық ойлауын ашып, одан әрі дамытуға мүмкіндіктер береді. Мысалы, «Дизайн»тақырыбының орнына «Мен дизайнер болсам», «Бисермен гүл жасау» тақырыбының орнына Бисермен қандай гүлдер жасауға болады, т.б алмастыруға болады. Осындай қысқа мазмұнды тақырыптардың ауыстырылуы дарынды балалардың ауқымды мәселелерге қызығушылығын тудырады.

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті
жаңалықты ашуға көмек беру қажет»
Галилео Галилей




Аудандық ғылыми жоба Диплом.Центрально-Азиятский Республикалық ғылыми
байқауы I- ОРЫН конкурс молодых "Взгляд в ЕХРО-2017" жұмыстар сайысында
Лауреат Конкурса Школьных III-ОРЫН,
экологических бизнес-проектов Поделки из бумаги II-ОРЫН

ҚР Тұңғыш президент Суретші Кель Виктор Маквеевичпен кездесу
мұражайына саяхат
Құрметті әріптестер!
Сіздерге оқушыларыңыздың бойында кездесетін дарындылықты анықтау сауалнамасы ұсынылады.Сауалнама ережесі бойынша сұрақты мұқият оқып, оқушыңыздың бойындағы өзіңізге ұнайтын қабілетін «+» белгісімен, ұнамайтын қасиеттерін «-» белгісімен белгілеңіз.
Іске сәт!
Сауалнама сұрақтары
1. Тәртіпті.
2. Үлгерімі әртүрлі.
3. Жинақы.
4. Тәртібі “түсініксіз”.
5. Ұқыпты.
6. Ситуацияға байланысты көпшілікпен немесе басшымен келіспей қалады.
7. Үнемі жақсы оқиды.
8. Сабақ үстінде қолайсыз сұрақтар қояды.
9. Сабақтан себепсіз қалмайды.
10. Жаңа бастаманы қолдайды.
11. Ортамен тез тіл табысады.
12. Өзіне ұнайтын істі құлшына орындайды.
13. Қабылдауы өте тез.
14. Әзілқой, ашуланшақ.
15. Өз ойын анық жеткізе алады.
16. Өте әділетті.

Құрметті әріптестер! Егер сауалнаманың жұп сандары, яғни «+» көп болса, онда сіз
дарыны жасырын түрде кездесетін баланың бір қырын аша алдыңыз.
Құттықтаймыз!

Сіздер...
Сіздер көтергіш крансыздар:
Шығарасыздар да , көтересіздер де.
Заманның жүгі алақандарыңызда,
Алақандырыңызда, жоталарыңызда.
Айтсаңыздар болды балапандарыңызға,
Лаулаймыз өрттей от аламыз да.
Дәуірге –оттық, шырпы да –Сіздер,
Тұтанасыздар да , сілкінесіздер.
Құпия сандық құлпы да –Сіздер,
Құлпының ашар кілті де- Сіздер.
М.Мақатаев.


Назарларыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту жолдары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенбаева Алмагул Надировна

Ақмола облысы, Аршалы ауданы №3 Аршалы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 421 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar