Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Әжеме қонаққа барғанда»
  • 31.08.2016
  • 224 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19404

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (119.9Kb)

БҚО, Орал қаласы
№39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК ІІ-санатты тәрбиешісі
Кужантаева Алмагуль Тишантаевна
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әжеме қонаққа барғанда»
Мақсаты: Балаларды ауылдың тұрмысымен таныстырып, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойындар арқылы танымдық, ойлау қабілеттерін және әлеуметтік құзіреттіліктерін дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. Есте сақтау, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту.
Көрнекіліктері: Үй жануарларының суреті, жайлау көрінісі, видео ролик.
Билингвалды компонент: қой–баран, сиыр–корова, түйе–верьблюд, ешкі–коза, мысық–кошка, ит–собака, жылқы–лошадь.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң балалар!
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бас иеміз біз.
Ұйымдастырушылық ізденушілік – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?
- Күн жылынады, адамдар жеңіл киінеді, ағаштар бүршік жарады.
- Балалар қараңдаршы, бүгінгі ауа-райы қандай керемет! Олай болса, сендерді әжеміздің ауылына, жайлауға қонаққа апарамын.
- Қонаққа барғыларын келема?
- Олай болса жайлауға немен барамыз?
- Жайлауымыз алыс, ия балалар атарбамен барамыз.
(Музыка ойнайды, балалар атарбаға мініп қошақан әнін айтып жайлауға барады.)
- Міне балалар жайлауға да келіп қалдық, атарбадан жайлап түсіп әжемізбен амандасайық.
Әже: -Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым.
Тәрбиеші: - Ия балалар сізді сағынып қалыпты біз жайлаудағы үй жануарларымен танысуға келдік.
- Балалар мынау – жылқы. Жылқы ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар жылқының төлін қалай атайды? Жылқыға мініп көрдіңдер ме?
- Мынау – түйе. Түйе төрт түліктің төресі, жүні киім. Түйе таптырмас көлік ол шөлге шыдамды. Түйенін сүті қалай аталады?
- Мынау – қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің момыны. Қойдың сүті, еті, майы пайдалы. Жүнінен киіз басады, киім кешек, алаша кілем тоқиды. Балалар қойдың төлі қалай аталады?
- Мынау–ешкі. Ол уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ, тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Балалар ешкінің төлі қалай аталады.?
Үй жануарлары туралы мультфилм көрсету.
- Балалар, әжемізге үй жануарлары туралы тақпақ айтып берейік.
Балалар тақпақтарын айтып береді.
Дидактикалық ойын. «Не қалай дыбыстайды?»
Балалар әжемізге құрт жасауға көмектесеміз бе, ендеше бәріміз орнымызға отырып әжемізге құрт жасайық. (дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып, тұзды қамырдан құрт жасау.)
Әже: Жарайсыңдар балалар, көп-көп рахмет сендерге, менің сендерге сақтап қойған кептірілген құртым бар еді, дәмін татып көріндер, өте пайдалы, сүттен жасалған.
Сергіту сәті: (әуенмен, қимылмен)
Бота – төлі түйенің, түйенің,
Құлын – төлі биенің, биенің.
Қой – баласы қозы ғой,
Бүзау – төлі сиырдың.
Оны жақсы білемін,
Бәрін жақсы, бәрін жақсы, бәрін жақсы көремін.
(Балалар әжемін қоштасып, балабақшаға оралады.)
- Біздер балалар қайда қонаққа бардық?
- Қандай үй жануарларын көрдік?
- Балалар үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар екен?
- Біздер әжемізге не жасап бердік?
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстындар, үй жануарларына әрдайым қамқорлық жасап жүрейік.
Балалар біздердің көңіл күйіміз қандай болды, саусағымызбен көрсетейікші.
(Балалар бас бармағын жоғары көтеріп, қандай көңіл күйде болғандарын көрсетеді)
Балаларды мадақтап, смайликтер беру. Тәрбие.орг сайтынан «Әжеме қонаққа барғанда» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кужантаева Алмагуль Тишантаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 224 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar