Жемістер мен көкөністердің пайдасы

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 269
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23503


Тақырыбы: Жемістер мен көкөністердің пайдасы
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата білу. Олардың пайдасын айту. Оқушылардың ой- өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып, айналамен танысу, байланыстыра сөйлеуге баулу, тілін дамыту.
Көрнекілігі: слайд, суреттер,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Аспанымыз ашық болсын!
Күнімізді бұлт баспасын!
Әрқашан жақсылық болсын!
Бәріміз дос болайық.
Иіліп сәлем берейік.
2.Ой қозғау
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-төрт
- жеке- жеке атаңдар?
-қыс, жаз, күз, көктем
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз
- Мына суретте не көріп тұрсыңдар? Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Бау- бақша сөзі мен бақшада дегенді қалай түсінесіңдер?
Жұмбақтар
1.Қалың киімді ұнатады.
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
2.Жер астына түседі
Сап- сары боп піседі. (сәбіз)
3.Аласа талда, алуан алма.
Ал қызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ)
4.Көкала шапан киеді
Күншуақты сүйеді.(қарбыз)
3.Күз туралы өлең жолдарын айта қойыңдар.
Шұғыла: Жеміс жидек пісіп жатыр,
Түсіп жатыр бау- бақта
Жапырақтар ұшып жатыр,
Түсіп жатыр жан- жаққа.
Жапырақтың сарғайғаны ,
Келген күздің сәні ме?
Ақзер Күз келіпті дегенше ,
Мереке болсын дегейсің.
Қонаққа келіп тұратын,
Апайларымыз көбейсін
Ырыскелді Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек- шелек балымыз,
Ағыл- тегіл дәніміз.

4.Ғажайып сәт:
Әуен қойылады.
Балалар көз алдымызға жемістер бағында жүрміз. Жеміс бағында тамаша табиғаты таңқалдырды! Біз жемістерді қолымызға алып , жуып жеп жүрміз. Біз жемістерді теріп, бағбан ағайлар мен апайларға көмектесіп , жинап беріп жүрміз. Жемістердің дәмі түрлі . Кейбір жемістер қышқыл болса, кейбірі тәтті екен. Біз жемістер бағында түрлі жемістерге тойдық.
5.Жемістер мен көкөністерді атап көрсету.
6.Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарға кезек берейік.
Нұрмағанбет: Қызанақ Мен қызанақ , қызанақпын,
Қызарып- ақ пісемін.
Дәмім тәтті болғасын,
Мені халық көп жейді.
Мұқасан: Қияр Мен қиярмын қиярмын,
Жесең есті жиярмын.
Кетіруге безеуді,
Шырынымен жуармын.
Гүлдерай: Қарбыз Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бауыр, бүйрегің,
Көмегімді беремін.
Жалғас: Қызылша Мен қызылшамын, қызылшамын,
Пісіріп жесең салатпын.
Өттегі тасты жібіткен,
Қызылшаң мен боламын.
Шұғыла: Орамжапырақ Мен орамжапырақпын,
Толық адамдарға керекпін.
Көп ауруды жазамын ,
Емделемін десен әзірмін.
Ақзер: Пияз: Мен пиязбын, пиязбын
Балмен қосып өзімді.
Пайдалансаң жөтелге,
Емдермін мен де өзіңді.
Аяжан: Алма Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Дәмімді татқан балақан,
Ұмытпайды ешқашан.
Ырыскелді: Қауын Мен қауынмын, қауынмын,
Емделемін десең дәрімін.
Бүйрек, асқазан, жүректі,
Жазамын жүйке ауруын
Дильназ:Шие Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін
7.Ән . Хор: Күз
8.Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы әрбір оқушы баяндайды.
9. Ақыл- кеңес. «Тазалық – саулықтың негізі »
Жеміс – жидектер мен көкөністерді қалай жеу керектігін айтуға мектебіміздің медбикесі Мәншүк Нағашыбаеваға сөз береміз.
«Артық болмас білгенің» Кейбір жемістер мен көкөністерді жеуге болмайтынын түсіндіру.
10. Жеміс – жидектер мен көкөністерден дайындалатын тағамдар және сусындар, салаттар, варение атап көрсету.
11.Ұнаған жеміс туралы мәтін құрастыру
12. «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап» кезеңінде слайдтан суреттер беріледі
Жауабын суреттен табу.
Жеміс- жидектерді қай себетке салу керек?
Не ортақ? Табу керек
Не артық?
Қай аң немен қоректенеді?
«Қ» әрпінен басталатындарды ата.
Алмұрт пен алманың санын анықта.
13. Топтастыру
Жемістер

көкөністер

Ойын: «не жоғалды?
Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді.
Балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар? Жемістер.
Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, соң теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады.
Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсіңдер, тамаша!
Ал енді осы жемістердің дәмін білесіңдерме?
Ендеше соны байқап көрейік.
14.Ән: « Апорт деген тәтті алма»
15. Қорытынды. – Балалар біз жемістер мен көкөністердің пайдасын білдік пе? Тәрбие.орг сайтынан Жемістер мен көкөністердің пайдасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айжан

Ырғыз ауданы , Жаныс би ауылы Темірастау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar