«Жердің күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің алмасуы.»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 298
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22829


Сабақтың тақырыбы: «Жердің күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің алмасуы.»
Сабақтың мақсаты: Жердің күнді айнала қозғалуын, соның нәтижесінде жыл мезгілдерінің ауысуы туралы түсінік беру.
Күн сәулесінің бұрышы, Күн тоқырауы, күн мен түннің теңелуі, т.с.с. жаңа сөздерді қолданып, сөз қорларын молайту.
Картамен жұмыс істей білуге машықтандыру.

Көрнекілігі: глобус, жарты шарлар картасы, шам, сызбанұсқа, жоспар ілінеді.
Сабақтың түрі: Жаңа бідімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Жаңа технологияны (сын тұрғысынан ойлау) қолдану
Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық:
Мен жерде тұрамын,
Күн жылуын аламын,
Таң шапағы жарады.

Өткен сабақтар бойынша:
1. Қызығушылығын ояту
2. Ой қозғау
І-топ: «Полюстер»
ІІ-топ: «Меридиандар»
ІІІ-топ: «Экватор»

Әр топ өз аттарына сай не біледі?
(білмегені бір-бірін толықтырады)


Жаңа сабақ:
Ой ашар
(Мағынасын түсіндіру)
1.Тәулік дегеніміз не?
(Жердің өз білігінен айналып шығуға кешкен уақыт тәулік деп аталады)
2.Күн мен түннің ауысуы неге байланысты?
(Жердің өз білігінен айналуы)
3.Ал жер мен күн туралы не айтуға болады?
(- Жер Күнді айналады.
- Тағы Күнді күн жүйесіне кіретін барлық денелер айнала қозғалады)

Мұғалімнің түсіндіруі.
( планеталарды суреттен көрсету)
1. Жер орбитасы дегеніміз- Жердің Күн төңірегіндегі басып өтетін жолы сызылып көрсетіледі. Жер өз білігінен 24 сағатта, яғни, 1 тәулікте айналып шығатын болса, Жер Күнді 365күн не 1 жыл айналып шығады екен. Сонымен Жердің Күнді толық бір рет айналып шығуына кеткен уақыт жыл деп аталады. –Жердің Күнді айналуы нәтижесінде нелер ауысып тұрады деп ойлайсындар?(жыл мезгілдері ауысады)
2. Глобус пен шамды қолдана отырып, жыл мезгілдерінің 4 жағдайының өзгеруін көрсету, анықтау

І-жағдайы:
Глобусты солтүстік полюс жағымен Күнге қарай орнгаластыру.(Жаз, қыс)
ІІ-жағдайы:
Жердің қарама-қарсы қалпын көрсету. Жер Күнге оңтүстік полюс жағына қарай орналасқан. (бұл оңтүстік жарты шар – жаз, солтүстік жарты шар- қыс)
ІІІ-IV-жағдай:
Жер Күнге қырынан орналасқан. Күн сәулесі солтүстік және оңтүстік полюске бірдей бөлініп таралған. Екі жарты шардың бірінде - көктем, екіншісінде – күз.

3. Суретті сызбанұсқаны жыл мезгілдеріне қарай орналастыру, көрсету.
4. Сонымен қатар глобустың шамға қарай орналасқан түрлі жағдайының күн мен түнге байланысты ерекшеліктыерін түсіндіру. Жазғы және қысқы күн тоқырау. (жазда маусым айында 21-22 ең ұзақ күн, желтоқсанда 21-22 ең ұзақ түн, наурыздың 20-21 мен қыркүйектің 22-сі күн мен түн теңеледі)

Оқулықпен жұмыс.
Ой толғаныс.
1. Бірнеше оқушыға оқытып, талдату.
2. Карточкалармен жұмыс.
№1
1. Жер орбитасы деген не?
2. Солтүстік жарты шарда жаз, оңтүстік жарты шарда қыс болу үшін глобус пен шамды қалай қолдану керек?
№2
1. Жыл мезгілдерінің алмасуы неге байланысты?
2. Оңтүстік жарты шарда жаз, солтүстік жарты шарда қыс болу үшін глобусты қалай орналастырасың?
№3
1. Күн мен түннің теңелуі қай мезгілдерге сәйкес келеді?
2. Күн сәулесі Солтүстік және Оңтүстік жарты шарға бірдей бөлініп тұрса, қандай жыл мезгілдеріне сәйкес келеді?
Қорытынды.
Орбитаның әр жерінде Жерге Күннен келетін жылу мөлшерінің өзгеру себебі не?
(Күн сәйлесінің түсу бұрышына байланысты)

Үйге тапсырма.
Оқу. Жердің Күнді айнала қозғалысының сызбанұсқасын дәптерге көшіріп жазу.

Бағалау.
Сабаққа қатысқан балаларды мадақтап, бағалау. Тәрбие.орг сайтынан «Жердің күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің алмасуы.» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аубакирова Г.А

Пікірлер: 0

avatar