«Жеті қазынаның бірі» ертегісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 531
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20598


Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Тіл дамыту,қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегісі
Мақсаты: 1) Балаларға «жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру..
2) Ертегі бойынша желісі бойынша сұрақтарға толық жауап бергізу арқылы анық,
мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілін дамыту.
3) Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет-танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Көрнектілігі: Жеті қазына мен жеті санына байланысты суреттер,мақал-мәтел.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу,
Сөздік жұмыс;Мадақтау, аластату.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс- әрекеті.
Ұйымдастыру, сезімді ояту.

Ұйымдастырушы , ізденуші

1)Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық
Жинаған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық
Оқу іс- әрекет барысы:Балалар бүгін біз кіріктірілген тіл дамыту мен қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс-әрекетін бастаймыз
2)Ұйымдастыру кезеңі. Балалар жұмбақ шешуді жақсы көресіңдер ме, ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Мамық,шуаш иісті
Шыр айналып жіп болар.
Тоқыса жылылығы күшті.
Ағашқа құйындап оралар.
Жүн.
Ас иісімен-тәтті
Табағымен жақсы.
Ет
Дөп-дөңгелек басы бар,
Маңдайында шашы бар
Өзің көрген баяғы
Сапылдайды сабағы.
Тымақ
Сүттен жасалған ақ тағам
Қайнатып оны жасайды.
Ірімшік
Бұл жұмбақтардың алғашқы әріптерінен қандай сөз шығады.
-Балалар бұл санға байланысты сендер не білесіңдер?
-Балалар,бір аптада неше күн бар?
-Кім апта күндерін атап берер екен? Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.
Біздің қазақ халқы жеті санын «киелі сан» -деп есептейді..Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған боларсыңдар бәрі жеті санына байланысты айтылады.Ал бүгін біз жеті қазына ертегісін өтеміз

3)Негізгі бөлім: Қәне балалар бірінші тілімізді дайындап алайық (тілге арналған жаттығулар тіс тазалау,сағат,әткеншек тебеміз).
Ертегіде кездесетін жаңа сөздермен танысайық.
а) Сөздік жұмыс.
Мадақтады- жақсылығын айту,дәріптеу.
Хвалить
Praise
Аластату-қуып тастау.
Прогнать
driveaway
ә) «Жеті қазына» ертегісін оқып беру.Сұрақтар қою.
-Аң патшасы-Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?
-Аңдар қалай жауап берді?
-Арыстан неге ашуланды?
-Иттің жауабын кім айтады?

Тірек сызба бойынша айту. Ал енді балалар мына ертегіге байланысты ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын «Мен бастаймын,сен жалғастыр»
Мақсаты:балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Енді балалар екі топқа эмблемалар бойынша бөлінеміз.
Кім кітапты таңдаған бала сөйлеуді дамыту орталығына барады.
Ал жеті санын таңдаған бала математика орталығына барады.
1-ші орталықтағы балалар
1-тапсырма дыбыстық талдау жасайды
2-тапсырма жануардың мекенімен қорегін тап
3-тапсырма 7санының қасиетін табу
4-тапсырма ертегіні жұптасып ретімен қоямыз.
2-ші орталықтағы балалар.
1-тапсырма заттарды санмен сәйкестендір.
2-тапсырма түсі пішіні, көлемі, саны бойынша тап.
3-тапсырма есеп шығару.
4-тапсырма 7 санын бастырып жазу.
Сергіту сәті:сөз ұйқас
1. Са- са- са –ызылдайды маса (қимыл көрсету).
2. Ра- ра- ра- бал жинайды ара (отырып).
3. ЯН-ян-ян секіріп жүр қоян (секіру).
Ал енді балалар жеті қазына ертегісін қамшы театры арқылы кім сахналап береді. Ит жеті қазынаның бірі деген мақалды жаттау.

Балалар шеңбер бойымен тұрады.

.

Жұмбақтардың шешімдері

.

.
7 ата,7 күн,7 қазына,7 түс

Тірек сызба бойынша әңгімелейді.

Тілдік жаттығуларды қайталайды.

Сөздерді қайталап отырады.

Мұқият тыңдайды
Ормандағы барлық аңдарды жина.
Сізден қайратты,ақылды,епті жан жоқ.

Балалар ертегіні ретімен қояды.

Тапсырмаларды орындайды

Есеп шығарады

Қайталап қимылмен жасайды

Рөлдерге бөлініп сахналайды.

Рефлексивті реттеушілік. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.Кубизм
-Енді балалар, ертегіні еске түсіріп алайық.
-Ертегі қалай аталады?
-Арыстан қандай сұрақ қойды?
-Аңдар қалай жауап берді?
-Арыстан неге ашуланды?
-Ит не деп жауап берді? ( Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек-адамзат)
-Неге итті «жеті қазынаның бірі» дейді екен?
-Осы ертегідегі ти, арыстан және түлкінің не айтқанын қайталап берер екен?
-Жеті қазынаға нелер жатады екен?
-Балалар, сандерге бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?
Балаларды мадақтау. -Жеті қазынаның бірі.
-Әлемде ең қайратты, ең ақылды,әрі епті кім?-деп сұрады.
.- Түлкі:Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ деді.
-Ит ештеңе деп айтпағасын ашуланды.
- Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек-адамзат-деп айтты.
-Ит адамға көмекші, ол адамның досы.
Рөлге бөліп аңдардың сөздерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жеті қазынаның түрлерін ажыратып, атауын айта алуды.
Нені игеру керек:Ертегі желісін түсініп, кейіпкерлердің сөзін есте сақтауды игереді.
Нені қолдана алады:
Сұрақтарға жауап бере алады, ертегіні мазмұндай алады.. Тәрбие.орг сайтынан «Жеті қазынаның бірі» ертегісі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умит Шарипбекова

Пікірлер: 0

avatar