Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп
  • 09.06.2016
  • 334 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19189

В2 есебі
Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Мен курстың ІІ тәжірибелік кезеңіндегі оқушылармен өткізген алғашқы сабағымның барысында зерттеуге алған 7 -сыныбына тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес “ Word терезесіне шолу ” тақырыбына өткіздім. Бұл сабақтағы менің мақсатым оқушыларға, word терезесіне шолуға ақпарат беру,word терезе элементтерін қолдануға үйрету және топтық жұмыс барысында оқушылардың өзара бірлесіп жұмыс жасай алуына көмек беру еді. Осы мақсаттарға сүйене отырып, сабағымды бастап кеттім. Сыныпқа кіріп, амандасып, көңіл-күйлерін сұрадым. Оқушылардың көбісі жаңа сабақ әдісіне менімен бірге тәжірибе жасауға дайын екенін айтып, мені бір қуантып қойды.
Ұйымдастыру барысында сыныптағы оқушыларды топқа бөлу үшін терезе элементтерінде қолданатын құралдардың сөз тіркестер қиындылары жазылған қағаздарды тараттым. Сыныпта топтасу кезінде оқушылар арасында топтық мәдениетті сақтамаған оқушылар болды. Сол орайда мен сыныпқа топтық ережені жазып, ілуім керек екен,-деген ой болды. Нұсқаулықтың 53-бетінде балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін ұтқырлықтың болуы баса айтып кеткен екен.Соған байланысты назарға ала отырып, сол қағидаларға сүйендім. Енді осы жерде Д есімді оқушы қайда топтасарын білмей, қобалжып отменить деген сөз бар менде, қайда топтасамын? – деген дауысын естідім. Осы кезде В деңгейіндегі А есімді оқушы белсенділік танытып, түсінбей жүрген оқушыларға көмек берді. Топтасу кезінде қиындықтар орын алды. Себебі, оқушылар бұл жүйе туралы хабары жоқ еді.Сондықтан көмегімнің керек екендігін байқап, қастарына барып бағыт бағдар беруді жөн көрдім. Осылайша топтасу оңай болмағандықтан жоспарлаған уақытты тиімді пайдалана алмадық. Ары қарай олардың не үшін бұлай бөлінгендерін мақсатында бірнеше сұрақтар қойдым.
М: -Сіздер, неліктен бұлай топтастыңыздар?- деген сұрағыма.
А есімді оқушы : -Пішімдеу тақтасы, Стандартты құралдар тақтасы, Мәзір жолағы .
Александердің дилогтің бес үлгісі бойынша механикалық есте сақтау , яғни оқушы өткенді (үнемі қайталап отыру арқылы есте ұзақ сақтайды және күнделікті іс- әрекетті жаттау ) деген ойын басшылыққа ала отырып сабағымды ой қозғау, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануы үшін және қай деңгейде екенін анықтау мақсатында оқушыларға ашық және жабық

сұрақтар бере отырып, жаңа сабаққа жол аштым. Осы кезде с деңгейіндегі М есімді оқушы
Мұғалім: «Word мәтіндік редакторы дегеніміз не»?
С.Оқушы: «мәтіндік редактор, мәтін жазуға, түзетуге, енгізуге арналған бағдарлама» – деп жауап берді.
Мұғалім : «Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз »?
А Оқушы: Пуск Программы MS Word арқылы іске қосылады. Ал қалған ашық сұрақтарға С деңгейіндегі Б есімді оқушы жауап бере алмады, бірақ осы кезде «а» деңгейлі Г есімді оқушы біз рефератты жасағанымызда осы мәтіндік редакторы арқылы мәтін тереміз және сол арқылы пішімдейміз деп жауап берді.
Нұсқаулықтың 56 бетінде оқушыларды сыныпта бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Соған байланысты баса назарға ала отырып, сол қағидаларға сүйендім . Сабақ барысында топқа бөлінгеннен кейін бақылау парағын қалай толтыру керектігін түсіндірдім. Бағалау парағының маңызды екенін топтық жұмыста көрсетілуі керек екендігін айтып өтілді.Сол кезде топ мүшелерінің ішінен а деңгейлі А есімді оқушы мынадай етіп сұрақ қойды. А есімді оқушы бақылау парағындағы уақыт сақшысы, төраға, хатшы, баяндамашы, бақылаушылар қандай қызмет атқарады? Мен әрқайсысына жекелей тоқталып өттім, өйткені оқушыларды топтық жұмыста бағалайтын осы бағалау парағы, уақыт сақшысы уақытты белгілеп, топ мүшелеріне баяндамашы осы сабақтағы постерді қорғауы және ғылыми тілмен жеткізілуі, хатшы сабақтағы жұмыстың постер бетіне эстетикалық талғамға сай болуын, төраға өзіне берілген жұмыста барлығының қандай қызмет атқарғандығын бақылап, әр қайсысы жеке дара сабаққа үлес қосуын бағалау деп айтылды. Бағалау парағын түсіндіріп болғаннан кейін, мен ары қарай топтық жұмысқа мәтін таратылды.
Топтық талқылауға -10 минут, тақтаға шығып қорғауы –5 минут уақыт берілді. Құнды спектр тәсілі арқылы мәтін берілді. Мен сыныпта сабақ бойынша мына мәтіндерді топтық жұмыс ретінде бердім. І топқа пішімдеу тақтасы, ІІ топқа стандартты құралдар тақтасы, ІІІ топқа мәзір жолағы . Енді осы айтылған мәтінді топта талқылап, плакат бетіне түсіріп, қорғайсыңдар. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін және сипаттағандай білімді бірлесіп алуда пікір алмасу диалог болып табылады. (Мерсер , МАН, 40-б) Топтық жұмыста І топтағы В деңгейдегі М есімді оқушы өз идеяларын жирный және курсив деген негізігі батырмалар бар және плакатқа түсірейік деген ой айта білді. ІІ топта а деңгейіндегі А есімді интернет арқылы мәтіндік редактордың әр жылғыларын 2003, 2007 редакторларын салыстыра отырып, өз ойларын ортаға салып, қанша уақыт беретінін сұрады, мен сендерге осы жобаны жасау үшін 10 минут уақыт беремін, дедім. Оқушылар берілген уақытқа қосымша уақыт сұрап, тапсырманы аяқтауға мүмкіндік беруімді сұрады. Топ баяндамашылары мен ортаға топтан бір оқушыдан шығып, І топтан М есімді оқушы қорғады және өзінің компьютерді ашып, оны интербелсенді тақтадан мынадай құралдар болады деп көрсете білді. Осы сыныпта оқитын дарынды баламның бірі в деңгейлі Е оқушы сабаққа қатыспай отыр екен. Себебін сұрағанымда ол қосымша интернет арқылы жұмыс жасағысы келетінін айтты. Мен оған топта өзінің ноутбугін қолдануына болатынын айттым. Содан кейінгі сабақтарда ол өз тобын құнды пікірлерін айта отырып, интернет арқылы тақырып бойынша қосымша материалдар алып отырды. ІІ топтан а деңгейлі Д есімді оқушы өз дәрежесінде қорғады, бірақ тақырыпты эстетикалық талғамамға сай жасақтамаған. ІІІ топтан екі оқушы а деңгейлі А және с деңгейлі А есімді оқушылар біріне кейін бірі қорғап шықты. Топтық жұмыста өте белсенділік танытқан ІІІ топтың мүшелері, өйткені плактқа эстетикалық талғамға сай жаза білген және word мәтіндік редактордағы терезе элементтерін ашып жазған.

Жобаны аяқтағаннан соң әр топ топ мүшелеріндегі бақылаушылар өз топтарындағы топ мүшелеріне өз бағаларын беруді бастап кетті. ІІ топтың бақылау парағы дұрыс толтырылмапты өйткені сабақ барысында өзінің қызметін дұрыс атқара білмеген в деңгейлі А есімді оқушы барлығының көмегімен бақылау парағын толтырып,өзінің топ мүшелеріне тоқталып өтті.

Менің осы жерде байқағаным топ бақылаушысы сабақтың толық ашылуына көмегі тигені көрініп тұрды, уақыт сақшысы уақытты бағалап интернеттен мәтіндік редактор туралы мәтін іздеп, өз идеясын сабаққа қосты, хатшы с деңгейлі Б есімді оқушы ол оқушылардың идеяларының барлығын постер бетіне түсіріп отырды, баяндамашы а деңгейіндегі Г есімді оқушы компьютерден осы бағдарламаны ашып, терезе элементтеріне жеке - жеке тоқталып өзінің идеясы жақсы қоса білді,с деңгейіндегі М есімді оқушы төраға өз қызметін дұрыс атқара алмады, барлығына қызметті дұрыс бөліп беріп, оны уақытылы бақылап, өз жұмысын атқару керек еді. Бақылаушы В деңгейіндегі А есімді оқушы топтық жұмысқа атсалысып кірісіп кетеді, бақылау парағын толтыруды жайында қалдырады, одан кейін әр топ екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы топтарға баға берді. ІІ топ ІІІ топқа бағаларын беру барысында А есімді оқушы менің бірінші жұлдызым үшінші топтың постерінде тақырыпты жүйелі түрде түсіре білген, өте жақсы шыққан, ал екінші жұлдызым сабақта интербелсенді тақтадан мәтіндік редактордың терезесін көрсете білді, өте тамаша. Ұсынысым плакатқа салынған суретті ашық көрінетіндей етіп салу керек еді, деп бағаларын берді.
Сонымен қатар бүкіл сабағымда және осы тапсырма барысында АКТ-ны жетік пайдаландым. Міне осы жерде де оқушылар АКТ –ның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білімдерін нығайтты.Сонымен қатар менің тәжірибемдегі сабақтарымда талантты және дарынды балалармен жұмыс та көрініс тапты десем болады. Мәтіндік редактор туралы интербелсенді тақта арқылы 7– сынып электрондық оқулығынан осы тақырып бойынша мәтін оқылды. Одан кейін интернеттен мәтіндік редактор туралы ақпарат көрсетілді.. Оқушылар барлық тапсырмаларды интерактивті тақтаның көмегімен көріп отырды. Сергіту кезінде бейне жазбаның көмегімен оқушыларды әуенде билетіп бір серпілтіп алдым.Александер тәжірбиеде зерттеген диалогтің бес үлгісін анықтауда соның ішінде нұсқаулық\мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттармен рәсімдерді түсіндіру) (МАН, 51-б) айта келе.
Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында «компьютермен жұмыс» жүргізілді. Мен 8-наурыз халықаралық аналар күніне байланысты , «Анаға құттықтау» тілек сөздер жазыңдар деп тапсырма бердім. Бір компьютерде екі оқушыдан отырып әр оқушы өз анасына құттықтау сөзін жазсын дедім .
Оқушылар:«Сынып бойынша апай екі оқушы бір компьютерде отырамыз ба»? –деп сұрақ қойды .
Мұғалім:«ия, өйткені сыныпта екі оқушы арасында өзара бағалау жүргізу керексіздер»!. Осы кезде 10 минутта А есімді оқушы өз анасы туралы құттықтау сөзін жазып, оны оқушылар арасында оқып берді. Анаға құттықтау. Ана сізді 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілеймін. Әкеміз екуіңіз бақытты өмір сүріп,ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп жүріңіздер,тілек жазды. А және С деңгейдегі оқушылар өз ойларын тереңіне дейін жеткізбеседе құттықтау сөзін оқыды. Бұл жерде бірін бірі жазған мәтінді екіншісі оқи отырып, қатесін түзету. Менің байқағаным А деңгейіндегі оқушылар С деңгейіндегі оқушылардан компьютерде мәтін тергенде бірінші болып жазыпты, ал С деңгейіндегі оқушыларға мүміндік бермей , көпшілігі оларды мәтінді оқытып, өздері жазыпты. Бұл менің жіберген қателігім болды.
Одан кейін жеке жұмыс блум таксономиясын таратып бердім,. Оқушылардың блум таксономиясы деңгейі бойынша а деңгейлі оқушы өзінің білім деңгейін көрсете біледі. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады.(МАН, 73-б) Фриман 1998. Білу, түсіну, қолдану деңгейі бойынша с деңгейіндегі оқушылар орындап шықты, в деңгейіндегі оқушы жинақтау деңгейіне дейін жетті.

Блум таксономиясы деңгейлік тапсырмасы бойынша сыныпта -15 оқушы
тапсырды , оның қорытындысы бойынша 3 оқушы -20 ℅, 7 оқушы -47℅ , 5оқушы -33℅


Кері байланыс « Екі түрлі түсініктеме» сабақтағы рефлексия бойынша Не ұнады? Несімен ұнады? Не қиын болды? Қиындықты қалай еңсердім? А деңгейіндегі Г есімді оқушы кері байланысты. Барлық топтың атсалысқаны, апайдың жылы қабақ танытқаны, оқушылардың бір-бірімен қарым- қатынасы ұнады. Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтасып жұмыс жасағанымыз, сергіту сәтімен ұнады. Сабақта қиындық туындаған жоқ , сабақ қызықты өтті.Сабақтың барлығын топтасып жұмыс жұмыс жүргізу арқылы қиындықты жеңдім. Кері байланыс жүргізілді, оқушылардың көпшілігі сабақ өте жақсы болды, В деңгейіндегі Б есімді оқушы маған сабақ қатты ұнады, несімен ұнады дегенде сыныптағы с деңгейіндегі А есімді оқушының сергіту сәтіндегі әуенде билегені ұнады сабақтағы сергіту сәтімен бір бірімен қарым қатынасы жақсы болды деп, жазған.
Менің бір байқағаным оқушылардың барлығы топтық жұмыста бір біріне деген қарым қатынасы және постерде қорғауда стикермен жұмыс жасауы, сергіту сәтіндегі жұмыстарды,апайдың жылы қабақ танытқаны деп өз ойларын ортаға салып, көрсете білді.

Малсс сауалнамасының қорытындысы бойынша Сдеңгейіндегі Б есімді оқушы мотивациясы төмен , сабақ барысында байқағаным деңгейлік тапсырмаға білу, түсіну, қолдану деңгейлерін орындаған, Вдеңгейіндегі С есімді оқушы тапсырманы орындау барысында орта деңгейде көрсетті.

Мен өзімнің бір айлық тәжірибе кезеңінде осы оқытудағы жеті модуль идеяларын қамту арқылы өз сабағымда пайдалана отырып, оқушылардың басқа қырларынан көрінуіне және жан-жақты дамуына үлес қостым деп ойлаймын. Жеті модуль идеялары сабаққа қолдану өте тиімді екеніне көзім жетті. Оқушыларым тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренді. Және алдағы уақытта да осы модульдерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды.Ендігі уақытта осы курсты аяқтағаннан кейін дәстүрлі сабақтан арылып, мектепте осы сындарлы оқыту теориясын іске асырамын деп ойлаймын. Қазіргі уақытта оқушыларға сабақ барысында тың идеяларды іске асырмасан, оқушы сабақта жалығып кетпеуі керек. Сондықтанда да ІІІ айлық курстағы білімімді іске асырсам деймін. Бұрынғы сабақтарымызда оқушының көңілін сабаққа аудару үшін басқа да түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтың қызықты өтуіне жұмыстандық. Бірақ Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып өткізген алғашқы сабағымның өзінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі – сабақ барысындағы балалардың жұмысы ғана емес, әрбір шәкірт жүрегінен шыққан шынайы пікірлері. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Шульман көздеген кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке орай барлық ұстаз бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас орын алғандықтан өз сабағымда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым.
Менің сәтті шыққан тұстарым:
• Әр оқушы өз пікірін еркін білдіруі
• Сабақта сирек сөйлейтін, сабақ айтуға қиналатын оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығының артуы;
• белсенді сабаққа қатысуы;
• топтағы оқушылардың арасында диалогтың өрбуі;
• Топтағы оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауы
• Бақылау парағын дұрыс толтырылуы;
Менің сәттсіз шыққан тұстарым
• Топтық ережені сақтамаған оқушылар кездесті;
• Топтасу кезінде және топтық жұмыста уақыттың жетпей қалуы;
• Компьютермен жұмыста өзара бірін -бірі бағалауын көрсетпеуі;
• Тапсырмалар санын , жеке тапсырмаларға берілген уақытты азайту;
• Көптеген тәсілдерді және бағалаудың бірнеше түрлерін қолданылмауым.;
Мен алдағы уақытта қалай дамытуға болады?
• Сыныпқа топтық ережені сақтау үшін топтың ережесін сыныпқа ілу.
• Топтық жұмыста нақты әдіс, тәсілдерді сабақ барысында қолдану;
• Компьютермен жұмыста өзара бағалауын үйрету;
• Жеке тапсырмаларға уақытты аз беру керек.уақытқа сай тапсырмалар беру,
• Көптеген тәсілдерді және бағалаудың бірнеше түрлерін қолдану;
• Сыныптағы топтық жұмыста ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру керекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
2 .Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универиситетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»
Оқу әдістемелік құрал- Астана «Назарбаев зиткерлік мектептері» ДББҰ Тәрбие.орг сайтынан Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурекеева Роза Ерденқызы

№ 207 "Жаңатұрмыс" орта мектебі Математика және информатика

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 334 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar