Жыл басына таласқан хайуанаттар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 676
  • Авторлық бағдарлама
  • 15/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20516


Білім саласы: Коммуникация
Бөлім бөлімі: Сөйлеуді дамыту мен Аппликация
Тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар.
Мақсаты: Балаларды «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің мазмұны арқылы тілдерін дамыту .
Міндеттері: 1. Білімділік: балалардың білімдерін тиянақтау, ертегі кейіпкерлерінің сөздерін талдай білуге үйрету, жаңа сөздермен сөздік қорын
молайту, ертегіні мәнерлеп айтып, сурет арқылы есте сақтап алуға жаттықтыру.
2. Дамыту: көркем шығарманы тыңдай білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларының белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: ата-баба дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достыққа деген ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Жусан, өркеш.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ертегі талдау, логика, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу,мнемотехника әдісі.
Көрнекіліктер: үлгі суреттер,карточкалар,таратылым заттар,т.б

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
1. Мотивация Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқу.
Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көрерміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз. Балалар шеңберге отырып, өлең жолдарын қайталайды.

Амандасады.

2. Ізденіс-ұйымдастырушы

- Балалар,бүгін біздің кіріктірілген Тіл дамыту мен Аппликация іс-әрекетімізді бастайық.
Балалаларға сөзжұмбақ жасыру.
1.Үй ішін аралап, 7.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ
Тунде көп жортады. Мінсең қанат,сүті дәрі, Еті тамақ. (Жылқы).
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. (Тышқан) 8. Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып
киген тоны бар. 2. Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (сиыр) 9. Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін. (Мешін)
3. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (барыс) 10. Бурап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)
4.Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян) 11. Адамға серiк,Күзетке берiк. (Ит)

5.Тастамайды бір елі, 12. Тұмсығы дөңгелек,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу) Денесі он бөлек. (Доңыз)

6.Жол үстінде егіз өрім,
Қамшы жатыр сегіз өрім. (Жылан)
-Ал, бұл хайуанаттар қай ертегінің кейіпкерлері?-сұрақ қою.
-Жыл басына таласқан хайуанаттар,- балалар айтады.
-Ия,дұрыс айтасыңдар.Бүгін біз тіл дамыту іс-әрекетімізде осы ертегімен танысамыз.
- Ертегені бастамас бұрын Не қалай дыбыстайды? ойынын ойнап көрейік .Мысалы: сиыр қалай дыбыстайды? Қой ше? Жылқы қалай дыбыстайды?Әтеш ше? т.б
- Ертегіде кездесетін жаңа сөздермен танысайық.Мысалы:Жусан-Полынь-Wormwood, Өркеш-горб, Camel.
Ертегіні оқып беру.
Сұрақтар қою?
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегінің басы қалай басталады?
- Ертегі қалай аяқталады?
- Жыл басы қай жануар болды?
- Түйе неге жыл басы бола алмады?
Тірек сурет арқылы ертегіні талқылау.
-Ал, енді балалар 2 топқа бөлінейк. Кім кітапты таңдаған бала Сөйлеуді дамыту орталығына барады. Ал,қай бала боудың эмблемасын таңдаған бала шығармашылық орталығына барады.
1 ші орталықтағы балалар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Мысалы: Жылқы, Тауық, Жылан, Сиыр,т.б.
2-ші орталықтағы балалар жануарларды жапсырады.
Доңыз- жырту.
Ит- жырту тәсілі.
Қой- жіп арқылы жапсыру.
Қоян- мақтамен жапсыру.
б.Жабайы аңдарды тап.
Сергіту сәті:
Ал,балалар,тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Белімізді жазайық.
Отырамыз,тұрамыз,
Бір тынығып аламыз.
в.Әр малдың пайдасын сызық арқылы қос.
г. ертегіні ретімен орналастыр.
Шығармашылық орталықтағы балалардың жұмысын қадағалап қарау.
-Ал,балалар орнымыздан тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.
Мақал-мәтелдер айту.


«Сиырдың сүті-тілінде.»


«Ат адамнын қанаты-Ас адамның куаты.»

Балалар жұмбақтарды шешеді.



Не қалай дыбыстайды ойынын ойнайды.

Балалар ертегінің мағынасын еске түсіріп әңгімелейді.


Жылқы, Тауық, Жылан, Сиыр ,тауық,ұлу,т.б сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Шығармашылық орталықта жұмыс жасайды.

Жабайы аңдарды табады.

Сергіту сәтін жасайды.

Мақал-мәтелдерді айтады.



3. Рефлексия. Алгоритм арқылы сабақты қорытындылау.
- Ал маған бүгін барлықтарын ұнадыңдар, жарайсындар!
Балаларды бағалау, мадақтау. Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Балалар өз-өздерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Хайуанаттардың ерекшеліктерін танып білуі;
Игеру керек: Мнемотехника әдіс-тәсілдерін игерілуі;
Меңгеру: Жусан, өркеш сөздің мағынасын меңгерілуі. Тәрбие.орг сайтынан Жыл басына таласқан хайуанаттар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Анара Тлеумбетова

Пікірлер: 0

avatar