Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жыр алыбы –Жамбыл
  • 16.12.2016
  • 93 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20554

Таласқалиева Венера Алпысқызы
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің кітапхана меңгерушісі

Жыр алыбы –Жамбыл
Мақсаты: Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып,Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген оқушылардың арттыру, ақынның шығармашылығын насихаттау.
Көрнекілігі: Ақын портреті, кітап көрме, слайд ,интеративті тақта.
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Мектеп кітапханасы оқушыларды дайындау. 2. 5 «б» класс жетекшісі Жайлыбаева М.С.
1.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар оқушылар! Бүгін кітапханамызда өткізгелі отырған Жамбыл Жабаевтың 170 жыл толуына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз. Кіріспе сөз: 5 «б» кл жетекшісі: Жайлыбаева М.С береміз.
2.Жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл Дүниеге түгел жеткен атың Жамбыл Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің. Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл Халық үшін төрге төсеп, төсек етер, Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл. Көтерген көкке төбе тірелгенше Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
1.Жүргізуші: Жамбыл Жабаевтың мұражай- үйіне фотошолуға назар аударыңыздар.
2.Жүргізуші: Қазақ халық поэзиясының алыбы - Ж. Жабаев 1846 ж. 28 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағы Жетісу өңірінде өткен. Бұл елде ақын, әнші, шешендер көп болған. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңынан ере жүріп, қобыз,домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан, мал соңына салған. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбіреулерін өзі өлеңдетіп жырлап жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген.
1.Жүргізуші: Жамбыл аты биіктеген сайын қазақ аты да биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау біздің парызымыз да қарызымыз.Қара өлеңнін алыбы, даланың дарқан даласы Жамбыл ата! Өзіңнін үміт еткен ұрпақтарың сіз туралы ойлап, толғап сыр шертпек. Кезекті ақын өлеңдеріне береміз. Оқушыларымызды ортаға шақырамыз. (өлеңдер оқылады)
2.Жүргізуші: Ұлы Отан соғысын Жамбыл жауға деген ызамен, кекпен қарсы алады. Тоқсанды орталаған қартты әлпештеп қайта жасартқан заманына, Отанына төнген қауіп, ақын жанын қатты күйзелтті. Сондықтан да ол соғысты жақтаған фашизмді әшкерелеген, өз Отандастарын жауға қарсы күреске шақырған отты өлеңдер шығарады.

1.Жүргізуші: Жастайынан Жамбыл жырын тыңдап өскен ұрпақтары оның даңғыл жолы мен ақындық дәстүрін жалғастырып келеді дей келе кезекті күйге береміз. Орындайтын: 5 «б» класс оқушысы Далабаев Ринат «Кеңес» күйі.
2.Жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жамбыл-ғасырлық ғұмырнамамызда арыны басылмаған алып жыршы, шырайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын. Әр ұрпақтың ат басын бұрып шөліркегенде тұнық жырларынан сусындар тұма бұлағы. Ол адалдық пен адамгершіліктің,әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы»деді. Бұл сөздер –ақын өмірі мен шығармашылығына, оның ғасыр жасаған ерлікке толы поэзиясына берілген баға.
1.Жүргізуші:
Жамбыл ата ақын ба? Жылғыдан жыры ақпаса Ақын деген – бір бұлақ Көмілер көзін ашпаса. Көзін ашар көпшілік, Сүйсіне тыңдап қоштаса, - деп ақынның өзі жырлағандай, бұлақтың сарқылуы мүмкін емес.- дей келе кезекті көрініске береміз. « Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы». Орындайтындар: 5 «Б»сынып оқушылары.
2.Жүргізуші: Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет- бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны,
1.Жүргізуші: Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім, - деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.
2.Жүргізуші: Жамбыл өз заманының тұтас келбетін жасады, ақындықтың сарқылмас қазынасына, жырдың алтын діңгегіне, өшпейтін өнегесіне, ұлы мектебіне айналды.
1.Жүргізуші: Нені жырламасын, нені толғамасын, шыншылдықпен, ұлылықпен жырлады, сөйтіп өзі өмір сүрген дәуірдің тұтас келбетін жасады. Ақынның ұлылығы да міне, осында. Күй орындайтын: 8 «б» кл оқушысы: Шыңғыс Ұлпан «Балбырауын»

2.Жүргізуші: Осымен бүгінгі кітапханада өткізіліп отырған «Жыр алыбы - Жамбыл»атты кешімізді аяқтаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.


№ 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі



«Жыр алыбы - Жамбыл» -
атты әдеби музыкалық кеш.



Өткізгендер: В.А.Таласқалиева
Н.М.Қоңырова
5 «б» сынып жетекшісі: М.С Жайлыбаева.



Ақтөбе- 2016ж Тәрбие.орг сайтынан Жыр алыбы –Жамбыл Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таласқалиева Венера Алпысқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: алыбы, Жыр, –Жамбыл, Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 93 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar