Өзін-өзі бағалау оқушылардың оқу қызметін қалыптастырудың ең маңызды психологиялық факторы ретінде

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 139
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23489


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Өзін-өзі бағалау оқушылардың оқу қызметін қалыптастырудың ең маңызды психологиялық факторы ретінде

Көшкінов Н.А.
Жамбыл обл., Талас ауд., Қызыләуіт ауылы, М. Қыстаубайұлы ат. орта мектеп

Өзін-өзі реттеу тетіктерін қалыптастыруды талап ететін факторлардың арасында субъектінің бағытын және белсенділік деңгейін, оның құндылық бағдарларының, жеке мәндерінің және ақыр аяғында, оның жетістіктерінің «шегінің» қалыптасуын анықтайтын өзін-өзі бағалауға негізгі орын беріледі.
Өзін-өзі бағалау оқушының оқу барысын қалыптастырудағы маңызды психологиялық фактор болып табылады, олардың жеке ерекшеліктері мен жас ерекшелігі мінездемелерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Оны дамытумен байланысты мәселелер бір топ педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының орталық проблемаларына кіреді.
Өзін-өзі бағалау қызметтің тиімділігіне және дамудың барлық сатыларында тұлғаның қалыптасуына елеулі ықпал етеді.
Өзін-өзі бағалауды дамыту кезеңдері:
1) Ерте жас. Көптеген балалар ерте жастан-ақ өздерінің қол жеткізген табыстарын немесе жұмысындағы сәтсіздіктерін оларға тиісті эмоциялық реакциялармен атап өтеді. Осы жастағы балалардың көпшілігі қол жеткізген нәтижелерін жай ғана белгілейді; ал кейбіреулері сәттілікті немесе сәтсіздікті сәйкесінше, жағымды және жағымсыз эмоциялармен қабылдайды. Осы жас тобында өзін-өзі бағалаудың алғашқы жеке көріністері байқалады, және көбінесе, мұны қызметте қол жеткізген табыстардан кейін ғана байқауға болады. Бала тек қол жеткізген табысына ғана қуанып қоймай, сонымен қатар өзінің қадір-қасиетін әдейі және барынша айқын көрсете отырып, өзіндік бір мақтаныш сезімін паш етеді. Баланың өзін-өзі бағалауы, өзіне қойылған талаптарды жете ұғынуы шамамен үш-төрт жаста, өзін басқа адамдармен салыстыру негізінде байқала бастайды.
2) Мектепке дейінгі орта жаста көптеген балаларда өздерін, өздерінің табыстары мен сәтсіздіктерін, ойын ойнаудағы ғана емес, сонымен қатар қызметтің басқа түрлеріндегі: оқудағы, еңбектегі және қарым-қатынастағы жеке қасиеттерін дұрыс бағалай білу қабілеті қалыптасады.
Мұндай жетістікті болашақта мектепке қалыпты оқуды қамтамасыз ету жолындағы тағы бір қадам ретінде қарастырған жөн, себебі мектептегі оқу басталған күннен бастап балаға әр түрлі іс-шараларда өзін үнемі бағалауға тура келеді, егер оның өзін-өзі бағалауы лайықсыз болып шықса, онда қызметтің осы түрінде өзін-өзі жетілдіру, әдетте, кешеуілдейді.
Әр түрлі жастағы балалардың өз ата-аналарын қалай бағалайтыны және қабылдайтыны туралы түсінік баланың тұлғалық дамуының нәтижелерін жоспарлау мен болжауда ерекше рөл атқарады. Еліктеуге жақсы объект болып табылатын ата-аналарға балар тарапынан оң көзқарас қалыптасады, мұндай ата-аналар баланың психологиясы мен мінез-құлқына барынша күшті әсер ете алады.
3) Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өздеріне ересектер берген бағаларға үлкен мән береді. Бала мұндай бағалауды күтпейді, бірақ ол өзі белсенді түрде соған қол жеткізеді, мақтау алуға талпынады және оған лайық болуға тырысады. Мұның бәрі баланың болашақта оқу, кәсіби және қызметтің басқа да түрлерінде табысты болуын қамтамасыз ететін табыстарға және бірқатар басқа да өмірлік пайдалы тұлғалық қасиеттерге қол жеткізуге ынталандыратын мотивацияларды қалыптастыруға және нығайтуға сезімтал даму кезеңіне қадам басқанын көрсетеді.
4) Кіші мектеп жасы. Ересектерге, негізінен мұғалімдерге, шексіз сену, бағыну және оларға еліктеу кішкентай мектеп жасындағы балалардың оларды мектеп жасына дейінгі балалармен жақындастыратын, мектепке барғаннан кейін одан сайын күшейе түсетін ерекшеліктері болып табылады. Осы жастағы балалар ересек адамның беделін толық мойындайды, олар берген бағаны еш қарсылықсыз қабылдайды. Тіпті өзін тұлға ретінде сипаттап отырған күннің өзінде, кішкентай оқушы, негізінен ересек адам ол туралы айтады, соны қайталады.
Бұл осы жаста қалыптасып орнығып қалатын өзін-өзі бағалау сияқты маңызды тұлғалық қалыптасуға тікелей қатысты. Ол ересек адамның балаға беретін бағаларының сипатына және қызметтің сан алуан түрлерінде олар қол жеткізген табысқа тікелей байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардан айырмашылығы кішкентай жастағы мектеп оқушыларында: барабар бағалау, жоғары бағалау және төмен бағалау сияқты өзін-өзі бағалаудың сан алуан түрлері кездеседі.
5) Жасөспірімдік жас. Кіші мектеп жасындағы баламен салыстырғанда жасөспірім психологиясында пайда болатын басты жаңа ерекшелік – сана-сезімінің едәуір жоғары деңгейі. Сонымен бірге, қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс бағалаудың және пайдаланудың, олардың қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың, оларды ересек адамдардың деңгейіне жеткізудің айқын қажеттілігі туындайды.
Бұл жаста бала өздерінің қатарластары мен ересектер айтқан пікірлерге өте сезімтал бола бастайды, олардың алдында алғаш рет моральдық-этикалық сипаттағы, әсіресе сырластық адами өзара қарым-қатынастармен байланысты өткір проблемалар тұрады.
Бұл оқуда және жұмыста шынайы даралық пен дербестік қалыптасатын уақыт. Едәуір кішкентай жастағы балалармен салыстырғанда, жасөспірімдер өздерінің мінез-құлқын, ойлары мен сезімдерін анықтау және бақылау қабілетіне сенімін айқындайды. Жасөспірімдік жас – бұл өзін-өзі тануға және бағалауға, өзінің «Менінің» біртұтас, қайшылықсыз бейнесін қалыптастыруға қатты ұмтылатын уақыт.
Ерте жастағы балалардан айырмашылығы, 12 жас пен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер өздерін және басқа адамдарды сипаттаған кезде «кейде», «дерлік», «менің ойымша» және т.б. деген сөздерді қосқанда, едәуір кесімді пайымдауларды қолдана бастайды, бұл бағалайтын релятивизм жағдайына көшкендікті, адамның тұлғалық көріністерінің белгісіздігін, тұрақсыздығын және алуантүрлілігін түсінуді айғақтап көрсетеді.
Осы жастың (10-11 жас) бастапқы кезеңінде көптеген жасөспірімдер (шамамен үштен бірі) өздеріне негізінен жағымсыз тұлғалық мінездемелерді береді. Өзіне деген мұндай көзқарас ары қарай 12-ден 13 жасқа дейінгі аралықта сақталады. Дегенмен, бұл кезде өзін-өзі қабылдауда жағымды өзгерістер орын алады, әсіресе, тұлға ретінде өзін-өзі біршама жоғары бағалап, құрметтейу бастайды.
Есейген сайын, жасөспірімдердің бастапқы кездегі ғаламдық теріс өзін-өзі бағалауы жекелеген әлеуметтік жағдайлардағы олардың мінез-құлқын, одан кейін жеке іс-әрекеттерін сипаттайтын едәуір сараланған бола бастайды.
Өзін-өзі бағалау тұрғысында өзімнің ұстаздық тәжірибемде мысалы, оқушыларға келесідегідей ойын-жаттығуларын қолданамын:
– Жеке басты саралау әдістемесі. Дәптерлеріңізге төменде берілген тақырыпқа үш шағын әңгіме жазыңыздар (бірнеше сөйлеммен):
- «Мен – шынайымын (өзімнің ойымша, мен қандаймын)»,
- «Мен басқалардың көзқарасы бойынша (айналамдағылардың көзқарасы бойынша, мен қандаймын)»,
- «Мен мінсізбін (мен болғым келеді)».
Орындауға 10 минут беріледі.
Талқылау. Сіздің өзіңіз туралы көзқарасыңыз және айналаңыздағы адамдардың сіз туралы көзқарасы қаншалықты қатты ұқсайды немесе ерекшеленеді? Неліктен? Сіз нені өзгерткіңіз келеді?
Тағы бір қызықты жаттығу:
– «Автопортрет» жаттығуы. Адамның тұлғалық қасиеттерінің сипаттамасы бойынша біз оның жеке басын анықтайтын боламыз. Жеке парақта өзіңіз туралы қысқаша әңгіме жазыңыз: өзіңіздің мінезіңіз, талғамыңыз, әуестігіңіз және т.б. Сізді бірден танып қоюға болатын айқын белгілерді жазбаңыз! Барлық сипаттамалар мұғалімге тапсырылады. Ол дауыстап оқыды, сынып сипатталып тұрған бұл адамның кім екенін табады.
Қорыта келе, адамның өзін-өзі бағалауы өзіне, басқа адамдарға және бүкіл әлемге деген қарым-қатынасына әсер етеді. Жасөспірімдік жастың бастапқы кезеңінде балалар, негізінен белгілі бір өмірлік жағдайлардағы өздерінің жеке іс-әрекеттерін, содан кейін мінез ерекшеліктерін және ақырында, ғаламдық тұлғалық өзгешеліктерін жете түсіне бастайды.
Өзін-өзі бағалай білу қабілеті ерте балалық кезеңде қалыптасады және адам өзінің бүкіл саналы ғұмырында оны дамытып жетілдіреді.
Әдебиеттер тізімі
1. Андреева Г.М. Социальная психология. Третье издание. – М.: Наука, 2004.
2. Рождерс К. Теория личности. – К.: PSYLIB, 2005.
3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.: Питер, 2000.
4. Самосознание и защитные механизмы личности. Хрестоматия. – С.: БАХРАХ – М., 2003.
5. www.psih.ru – сайт психологии Тәрбие.орг сайтынан Өзін-өзі бағалау оқушылардың оқу қызметін қалыптастырудың ең маңызды психологиялық факторы ретінде Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Көшкінов Н.А.

Пікірлер: 0

avatar