«Ұзын құлақ сұр қоян» (сурет бойынша қоян жайлы әңгіме құру).

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 372
  • Авторлық бағдарлама
  • 15/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23507


Тәрбиеші: Рахмет Айгул Сулейменқызы
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Бұқарбай батыр ауылы
№13 «Балдырған» бөбекжайы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян» (сурет бойынша қоян жайлы әңгіме құру).
Мақсаты: Суретке қарап әңгіме құруға үйрету. Сөздің түрленуіне жаттықтыру. Балалардың тілдік қорын дамыту, байыту. Жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ғажайып текше, Графопроектор, Суретті парақшалар, Орман көрінісі, үй,қасқыр,түлкі,қоян,аюдың макеттері, «Ақылды балапан» интерактивті оқу кешені.
Блингвалды компонент: қоян-заец, сәбіз-морковь, желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт:
Есік қағылып, топқа ренжулі,көңіл күйі жоқ қоян келеді.
-Балалар, бізге қонаққа кім келді?
-Ой балалар, қоянның көңіл күйі жоқ сияқты. Оған не болды екен? Өзінен сұрайықшы.
-Қоян, сенің неге көңіл күйің жоқ, саған не болды?
Қоян: Менің көжегім бар еді. Екеуміз келе жатқанда алдымыздан қасқыр шығып,көжегімді тартып алып, қашып кетті. Көжегімді тауып беруге көмектесіңдерші.
-Балалар, қоянға көжегін тауып беруге көмектесеміз бе?
-Қоян, сен мұңайма, біздің балалар көжегіңді тауып береді.

-қоян

Балалар қоянды тыңдайды.

-иә.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Ендеше балалар, алдымен көжекті іздемес бұрын, мына «Ақылды балапанды» тыңдайық.
Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
-Балалар, өлең не жайлы айтылған?
-Дұрыс балалар, бүгінгі өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы «Ұзын құлақ сұр қоян» деп аталады.
Енді экранға назар аударып, қоянмен танысып алайық.
Қоян жабайы жануарға жатады. Қоянның құлағы ұзын және сыбдырды тез естігіш болып келеді.
Қоянның төрт аяғы бар, алдыңғы екі аяғы қысқа, артқы екі аяғы ұзын болып келеді.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Қане, үш айды атайықшы?
-Қазір қай ай?
-Балалар, қояндардың терісі түлейді, яғни қыста ақ түске, ал көктемде жердің түсі сияқты сұр түске айналады. Қоян өте қорқақ, саққұлақ жануар. Олар орғып, секіріп жүреді. Қоянның баласын көжек деп атайды. Олар сәбіз жегенді жақсы көреді. Олар орманда ағаштардың қабығын жеп қоректенеді.
Блингвалды компонент: қоян-заец, сәбіз-морковь, қыркүйек-сентябрь, қазан-октябрь, қараша-ноябрь.

Дыбыстық жаттығуды қайталау.
Қо-қо-қо-қоян,
Құ-құ-құ-құлақ
Қа-қа-қа-қалам
Қы-қы-қы-қылыш
Қу-қу-қу-қулық.
-Жарайсыңдар балалар, дыбыстарды дұрыс айта білдіңдер.

-Балалар,енді қоянның көжегін іздеуге орманға барамыз ба?
-Балалар,орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп өтейік.
-Балалар,мына жерде тастар жатыр екен, тастарға сүрініп кетпей аттап өтейік.

-Балалар, мына қараңдаршы тиіндер жаңғақтарды шашып кетіпті, осы жаңғақтарды жинап кетейік.

-Балалар, мында көлшік бар екен, қане оданда секіріп өтейік.

-Балалар,міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы. Таза ауада демалған қандай жақсы.

-Балалар, қараңдаршы айналадан не көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс балалар, біздің іздеген қасқырымыздың өзі ғой. Қане, балалар, қасқырдан қоянға көжегін беруін өтінейік.
-Қасқыр қоянның көжегін өзіне қайтаршы өтінеміз.
Қасқыр сөзі: Жо- жоқ балалар, мен көжекті тығып қойдым. Менің сендерге дайындаған бірнеше тапсырмам бар, сол тапсырмаларды орындасаңдар ғана мен көжекті анасына қайтарып беремін.
-Балалар, көжекті қасқырдан құтқару үшін қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?

1-тапсырма: «Ғажайып текше» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету. Сөйлеу тілін дамыту.
Ойын шарты: текшенің алты бетінде де суреттер берілген. Балалар шеңбер болып отырады, ортаға текше тасталынады. Текшеде қандай сурет болса, сол сурет бойынша әңгіме құрастыруы керек.

-Жарайсыңдар балалар, сурет бойынша әңгіме құрастыра білдіңдер.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қоян қай жолмен жүрсе көп сәбіз жинайды?
Ойын шарты: Балаларға қоян қай жолмен жүрсе, көп сәбіз жинайтынын қарап тауып, анықтауды ұсыну.

Шаршадыңдар ма балалар?
–Қане,сергіту жаттығуын жасайық.
Сергіту жаттығуы:

3-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қоянға үйіне жетуге көмектес»
Ойын шарты: Балаларға қоян қай жолмен жүрсе, үйіне жететінін қарап тауып,анықтауды ұсыну.

-Балалар,біз қасқырдың барлық тапсырмаларын орындаған сияқтымыз. Енді қасқыр көжекті қайтаратын шығар.
Қасқыр: Жарайсыңдар балалар, сендер менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Менде енді сөзімде тұрып, көжекті сендерге қайтарамын.
-Балалар, көжекті қоянға берейік.
Қоян: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер менің көжегімді тауып беру үшін түрлі тапсырмаларды орындадыңдар, жарадыңдар.
Ал, енді мен кетейін, сау болыңдар балалар.

-Міне, балалар, оқу қызметіне өте тамаша қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды,тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындықтарыңды көрсеттіңдер. Осымен орманға серуеніміз аяқталды, енді тобымызға оралайық.



Балалар Ақылды балапандағы өлеңді тыңдайды

-Қоян жайлы

Балалар қоянмен танысады

-күз мезгілі
-үш ай бар
-қыркүйек,қазан,қараша
-қазан

Сөздерді екі тілде айтып, қайталайды.

Балалар «Қ» дыбысын анық айтуға тырысады.

-иә.

Балалар тастардан аттап өтеді.

Балалар жаңғақтарды жинайды
Балалар көлшіктен де секіріп өтеді

-қасқырды

-иә.


-күндердің бір күнінде бір сұр қоян орғып келе жатады. Оның алдынан қасқыр кезігіпті. Қасқыр қоянды жеп қоймақшы болады. Осы кезде қоян қасқырға былай депті:
-мені жемеші, мен саған өзім туралы өлең айтып беремін. Сонда қасқыр: А,солай ма? Жарайды, айта ғой,-дейді.
Секірейік-секірейік
Ұзын құлақ қоянша
Шаршағанды кетірейік
Болар сонда тамаша

Балалар қоянның қай жолмен жүрсе, көп сәбіз жинайтынын анықтап, сызып көрсетеді.

Сергіту жаттығуын жасайды.


Балалар қоян қай жолмен жүрсе, үйіне баратынын анықтап, сызып көрсетеді.

-Көжекті қоянға береді.

Қоянмен қоштасады.

Балалар топқа оралады.
Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар, біздер қайда серуенге бардық?
-Орманнан не көрдіңдер?
-Кімге көмектестіңдер?
-Сендерге серуен ұнады ма?
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сурет бойынша әңгіме құрауды білу;
Игереді: «Қ» дыбысын анық, дұрыс айтуды;
Меңгереді: қоянның дене мүшелерін біледі. Тәрбие.орг сайтынан «Ұзын құлақ сұр қоян» (сурет бойынша қоян жайлы әңгіме құру). Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахмет Айгул Сулейменқызы

Пікірлер: 0

avatar