Ұзынсары. Қабдеш Жұмаділов

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 916
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18945


Сабақ тақырыбы:
Ұзынсары. Қабдеш Жұмаділов (169-170-бет)
Жалпы мақсат:
Оқушыларды Қабдеш Жұмаділовтың «Ұзынсары» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету,оқиғадағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау, яғни көктемнің ұзақ, сары күні ұзынсары екенін ұғындыру, бірлесіп жұмыс жасауға баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлауын дамыту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме:
Жалпы білім беретін мектептің 2- сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы Алматы «Атамұра» 2013
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Ұлттық тағам туралы оқып, үйренеді. Мәтіндегі негізгі идеяны түсінеді. Шығармашылық қабілеттері, өмірге деген қызығушылығы артады. Есте сақтау қабілеттері дамиды.
Негізгі идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтік оқыту жүзеге асады. Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. А -3, А -4 парақтары. 2. Маркерлер, карандаштар.3. Оқулық. 4. АКТ.
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер, АКТ, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау,Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту. СТОҮ, «Жуан және жіңішке сұрақтар стратегиясы», «Өзара оқыту» стратегиясы, «Бес жолды өлең» стратегиясы.
Дерек көздері:
2- сынып әдебиеттік оқу . Ғаламтор мәліметтері «Білімділер порталы».
Тапсырмалар:
Топтастыру,өзара оқыту,
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру
10 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
А) Психологиялық дайындық. 2 минут
1. «Ынтымақтастық атмосферасын» қалыптастыру.
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бір-біріңе жылу сыйлаңдар.
2. Гүл аттарына топқа бөлінеді.
1.Оқушылар дос болу жаттығуларын орындайды.
2. Бір- біріне күлімсірейді.


Топқа бөлінеді. Топ ережесімен танысады.
Ә) Өткен сабақты еске түсіру.
5 минут
-Еркіннің еңбегі. Мәдіхат Төрежанов. Сұрақтар қояды.
-Еркін қайда келді?
Еркін қалай шөп шапты?
-Атасы Еркінге не айтты?
-Жазда тағы қандай еңбек түрлері болады?
-Балалар жуан және жіңішке сұрақтарға жауап береді.
Б) Сыныптың білім деңгейін анықтау.
«Еңбектің наны тәтті» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өз түсініктерін айтады.



ІІ. Тұсау кесер. 5 минут Жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Қызығушылығын ояту. 5 минут Жаңылтпаш айтып жаттығу.
Көктем жауын-шашынсыз болмас, Жауын-шашынсыз болмаса,
Жасылсыз болмас.
Жылдам оқуға жаттығады.
ІІІ. Жаңа тақырып. Негізгі бөлім. 20 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті.
Мағынаны ашу.










Ой қозғау.
1. Кіріспе. Сөзжұмбақ шешу.
2. Автор туралы мәлімет беру.Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай аулында дүниеге келген. Жазушы, ақын.
2. Сергіту сәті.
3.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып беремін. Мәтінді 4 топқа бөлемін. Өздері оқиды. Әр топтан бір оқушы мазмұнын әңгімелейді.
4. Дәптермен жұмыс. Күн жады, автор, тақырыпты жазу.
5. Түсінгендерін тексеру:
-Мәтінде қандай тағам түрі аталған?
-Ұзынсары деген не?
«Бес жолды өлең стратегиясы»
1-топ. Ұзынсары.
2-топ. Тошала
3-топ. Шұжық
4-топ. Атағаш.
Бұрынғы білімдерін еске түсіреді.
Зейін қойып тыңдайды




Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.
Өзара оқыту жүзеге асады.



Мұғалім-оқушы диалогі жүзеге асады.

Оқушылардың шығармашылығы, тапқырлығы танылады.
Топаралық бағалауды жүзеге асырады.


ІҮ. Қорытынды
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Рефлексия.
(кері байланыс,не білдім?)
Бүгін не жайлы өттік?
Не біліп, үйренгендерін стикерге жазып, тілек ағашына ілдіреді.
Ә) Бағалау
Формативті бағалау.
Критериалды бағалау
Критерийлер бойынша барлық топтың мүшелерінің ұпай саны есептеліп,бағаланады.
Б) Үй жұмысын беру
Қабдеш Жұмаділов. Ұзынсары мәтінін оқып, мазмұндау.
Тапсырманы күнделікке жазу. Тәрбие.орг сайтынан Ұзынсары. Қабдеш Жұмаділов Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акмарал Басенова

Пікірлер: 0

avatar