Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
АҚАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
  • 31.03.2016
  • 570 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18311

Тайпакова Светлана Максутовна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ «Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, Көрсетсең – есте сақтаймын, Іске кіріссең – үйренем.» (қытай мақалы) ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді. Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіліктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. Оқу үрдісінде компьютер оқып үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын терең меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарсымен және өзіндік моральдық талаптарымен, белсендііліктің, түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ақпараттық технология тек жеке даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады. Себебі бір сынптағы оқушылардың меңгеру деңгейлері әр алуан. Бірақ меңгеру талаптары бәріне бірдей. Сондықтан бұл жерде ақпараттық технология меңгерудің сатылап жүру кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық және топтық оқыту әдіс- тәсілдерін қатар интеграциялық түрде қамтиды. Ақпараттық технологиялар – ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың, пайдаланудың әдістері мен құралдары. Ақпараттық оқытудың мәні барлық оқушылардың танымдық процеске араласа алуында. Сабақтағы интерактивті іс әрекет диалогтік даму мен ұйымдастыруды туғызады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы өзкізгіш қызметін атқарып, барлық процесті өзі арқылы өткізеді. Ал интерактивті әдісте ол көмекші роль атқарады. Интерактивті әдіс – белсенді әдістеменің бір түрі. Интерактивті әдістің негізгі мәні – оқыту оқушылардың барлығымен тығыз байланыста өтеді. Бұл екі жақты оқу (ұжымдық, қызметтік оқу) өйткені мұнда оқушы да, оқытушы да оқудың субъектісі болып табылады. Мұғалім оқыту процесін ұйымдастырушы, кеңесші ролін атқарады. /6,11б/ Оқытудың ақпараттық технологиясы білім беру мүмкіндіктерін жасауға, білімді қабылдау мен білім сапасын бағалау, оқу тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін керек. Өзге тілді мектептерде Қазақ тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері; 1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде; - монитор экранындағы фоныныа назар аудару; - нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу; - нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу; 2) жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде; - жаттығуды абстрактілі ойлау; - жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу; 3) жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде; - таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру; - берілген жаттығуды бағалау; 4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет; - дағдыны таныс жағдайда қолдану; - таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Оқу әрекеті компьютерлік сауаттылықтың маңызды бір құраушысы өндірісте, мәдениетте, білім беруде компьютерлердің қолдану сферасын білуден басталады. Олар қазақ тілі сабағынан компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді /18,32б/. Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуына барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Мысалы, 8 сыныптағы қазақ тілі сабағында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбын өткен кезде алдын – ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады, оқушы пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады. Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады. Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну , ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Қ.Р.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 2002 ж. 2.«Білім туралы» Заңы 27 шілде 2007ж. 7. ҚР МЖББС 2.3.4.01-2010 4.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы 2005-2010 ж. аралығындығы мемлекеттік бағдарлама. 2004 ж. 5.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі» 6.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері» 7.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары» 8.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №7 «Ақпараттық технологиялар және білім сапасы» 9. Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері» 10. Қазақ тілі. 8сынып. Алматы «мектеп» 2008. /С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова, А.Кошкари, г.Боранбаева/ Тәрбие.орг сайтынан АҚАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тайпакова Светлана Максутовна

БҚО Шыңғырлау ауданы А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиетә пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 570 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar